Все новости за 3 қараша 2026
-
-
Павлодар облысында 82,8 мың гектар пайдаланылмаған жер мемлекетке қайтарылды
Облыс әкімдігінің мәліметінше, жаңа жылдан бастап жер учаскелерін беру конкурстары электрондық форматқа көшіріледі.
-
Алматыда автотұрақ жеңілдіктерін рәсімдеу тәртібі жеңілдетіледі
Қазіргі уақытта қалада 17 мыңнан астам коммуналдық автотұрақ орны бар.
-
Атырауда қыстақтарға жарық шағылыстыратын баулар таратылды
Бұл баулар түнгі уақытта жүргізушілерге жол бойындағы малды алыстан байқауға мүмкіндік береді.
-
Алматыда интернет-дүкен арқылы есірткі таратқан күдікті ұсталды
Жеке тінту кезінде күдіктіден ұнтақ тәрізді зат салынған 61 орам табылды.
-
Түркістан облысында зауыт аумағындағы қоймадан өрт шықты
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
-
Ирина Юнусметова нысана көздеуден әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Дохада нысана көздеу және стенд атудан әлем чемпионаты 1-14 қараша аралығында өтуде.
-
Қазгидромет ауа райын болжаудың жаңа технологияларына көшті
Қазақстанда ауа райын 2 шақырымға дейінгі метеорологиялық жағдайларды есептей алатын жаңа компьютерлік модельдердің көмегімен болжай бастады. Деректерді өңдеу үшін суперкомпьютер мен жасанды интеллект тартылды. Жаңа технологиялар болжамдардың сапасын арттырып, метеорологтарға ауа райының өзгерістері
-
Салық қызметі мобильді аударымдарды бақылау шегін 1,5 млн теңгеге дейін көтерді: Нені білу керек?
Қазақстанда жеке банк шоттарына жасалатын мобильді аударымдарды бақылау критерийлері өзгереді.
-
Олжас Бектенов жаңадан тағайындалған министр Әсел Жанасованы таныстырды
Олжас Бектенов жаңадан тағайындалған Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі Әсел Жанасованы таныстырды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Жиында Премьер-министр Нұрлан Сауранбаевқа еліміздің көлік саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ Әсел Жанасованың
-
«Мерейлі отбасы»: Қазақстанның 20 өңірінен келген өнегелі әулеттер марапатталды
Биыл байқауға 3 611 отбасы өтінім беріп, олардың арасынан 20 әулет республикалық кезеңнің жеңімпазы атанды. Олардың арасында бірнеше буын бойы бір кәсіпті жалғастырып келе жатқан ерекше еңбек әулеттері де бар.
-
Непалда екі тікұшақ соқтығысып, шетелдік жолаушы қаза тапты
Непалда қонайын деп жатқан екі тікұшақ соқтығысты.
-
Астана – Петропавл жолындағы жантүршігерлік апат: Полицей комаға түсті
Астана – Петропавл автожолында патрульдік автокөлік қатысқан жол-көлік оқиғасынан полиция қызметкері ауыр жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
3 қарашада Астана – Петропавл тасжолында полицияның қызметтік автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
Патрульдік автокөліктің қатысуымен болған
-
«Күдікті – бұрынғы күйеуі»: Ақтөбедегі неке сарайында 26 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
Ақтөбеде неке сарайында 26 жастағы әйелді пышақтап өлтірді. Қылмысқа оның бұрынғы күйеуі күдікті. Бұл туралы Ақтөбе облыстық полиция департаменті мәлімдеді.
-
Полиция атын жамылып, халықты алдаған: Украинада халықаралық топтың 11 мүшесі ұсталды
Украинада жұмыс істеген алаяқтар Әзербайжан азаматтарын «қауіпсіз шотқа» ақша аударуға мәжбүрлеген. Ұрланған қаражат қайда кеткен?
-
Бұландыда 167,8 млн теңгелік жол жөндеу жобасына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Бұланды ауданының прокуратурасы Бұланды ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бұрынғы басшысына және мердігер ұйымның басшыларына қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
2023 жылы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлі
-
Ташкентте Қазақстаннан барған балалардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды
Қазақстандықтар таңғы ас ішкен қонақүйде бактериологиялық зерттеулер жүргізу үшін тағам үлгілері алынды. Қазіргі уақытта пациенттердің жағдайы тұрақты әрі қанағаттанарлық деп бағалануда.
-
Премьер-Министр орынбасары – Көлік министрі тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Көлік министрі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Көлік министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан
-
Коммуналдық төлемді адам санына қарай есептеу қаншалықты әділ?
Пәтерде екі адам тұрады, ал қоқыс ақысы бес адамға есептелген. Сол түбіртектегі жылыту ақысы да былтырғыдан жоғары. Бірінші жағдайда есепке алынған тұрғындар санын тексеру керек. Екінші жағдайда үйдің қанша жылу тұтынғанын, пәтердің ауданын және қолданылған тарифті қараған жөн. BAQ.KZ тілшісі Астана
-
Президент Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевты қызметінен босатты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Сауранбаевты көлік министрі қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымынан босатылды, - деп жазылған Ақордат х
-
Асардан заманауи волонтерлікке дейін: Қазақстанда еріктілер қозғалысы қалай дамып келеді?
Қазақстанда волонтерлер саны 300 мыңға жетті. Еріктілер экологиядан бастап әлеуметтік көмекке дейінгі түрлі бағытта қоғамға үлес қосып жүр.
-
«Ұмай» ипотекасы басталған күні тоқтады: 20 млрд теңгелік лимит таусылды
Бағдарламаның екінші кезеңінде жалпы сомасы 20 млрд 298 млн теңгеге 850 сертификат берілген.
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария халқына құт-береке тіледі.
-
Алматыда тұрғын үйдің қасындағы жеке үйден алапат өрт шықты
Алматыда AFD Plaza тұрғын үй кешенінің маңында орналасқан жеке үйден алапат өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер жеке тұрғын үйдегі өртті жедел оқшаулаған.
Қазіргі уақытта Алматы гарнизонының күштері мен құралдары қаланың Бостандық ауданындағы Қар
-
Әлемдік сарапшылар Қазақстанның АЭС жобасына қандай баға берді?
Дүниежүзілік ядролық қауымдастық Қазақстанды ерекше санатқа қосты. Бұл топқа тағы қандай мемлекеттер енген және елімізге қандай кеңес берілді?
-
«Балаң өліп қалсын»: Алматыда теріс пікір үшін қарғыс айтқан пәтер иесі қамауға алынды
«Пікірді өшір»: Павлодардан келген отбасыға сес көрсеткен пәтер иесі жазаланды.
-
Алматыда көше асфальтынан темір шығып, көліктерге қауіп төндіріп тұр
Алматыдағы Розыбакиев көшесінде, кітап дүкенінің маңында асфальттан темір шығып тұрғаны туралы тұрғындар шағымданды. Олардың айтуынша, жолдың дәл ортасындағы темір көліктердің дөңгелегін тесіп, жол қозғалысына қауіп төндіруі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желіде тараған жаз
-
Заңды ма? Қазақстандағы арықтататын дәрілерге қатысты тың ақпарат шықты
«Мунжаро» сараптамадан өтіп жатыр, ал Маңғыстау облысында тіркелмеген пептидтік препараттарды қолданған клиника анықталды.
-
Пәтерден 17 млн теңгенің алтынын үптеп кеткен: Тараздағы аса ірі мөлшерде ұрлық жасағандар ұсталды
Күдіктілер 30-дан астам әшекей бұйым мен 830 мың теңгеден бөлек шетел валютасын да қолды қылған.
-
Қазақстанда электр энергиясы тапшылығы бола ма: 2029 жылға дейінгі жоспар белгілі болды
Елде 13,3 ГВт жаңа қуат іске қосылып, екі АЭС құрылысы жоспарланып отыр. Депутаттар энергетикалық қауіпсіздікке қатысты қандай мәселелерді көтерді?
-
Ақтөбеде жастары экологиялық мәдениетті дамытуға үлес қосты
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Экологиялық тәрбие – таза болашақ кепілі» атты іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – жастардың экологиялық сауаттылығын арттыру, табиғи байлықтарды сақтау мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жан
-
Қазақстанда өсімдік майын өндіру 25,2%-ға өсті
2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 827,8 мың тонна өсімдік майы өндірілді. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,2%-ға артық. Өткен жылдың осы кезеңінде 661,0 мың тонна өнім өндірілген. Осылайша, өндіріс көлемі 166,8 мың тоннаға өсті.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінш
-
Өзбекстанда уланып қалған қазақстандық балалардың жағдайы тұрақты – ДСМ
Өзбекстанда тамақтан уланып, ем қабылдап жатқан қазақстандық балалардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. Қазіргі уақытта оларды елге қайтару мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Дегенмен мұндай қажеттілік туындаса, Қазақстан оларды тасымалдауды ұйымдастыруға дайын, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұ
-
Қазақстан уранның мемлекеттік стратегиялық қорын құрады
Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
-
Алматының ауасы тазара ма? ЖЭО-2-дегі көмір қазандықтары 2040 жылға дейін резервте болмақ
Алматыдағы №2 жылу электр орталығын (ЖЭО-2) жаңғырту жұмыстарының 94 пайызы қыркүйек айының соңында аяқталған. Жоба станцияны табиғи газға көшіруді және жаңа қондырғы іске қосылған кезде зиянды заттар шығарындыларын 14 есеге жуық азайтуды көздейді. Алайда көмірден толық бас тарту әзірге жоспарланбағ
-
Бір-бірінің шашын жұлып, төбелескен: БҚО-да оқушы қыздарды мұғалімдер арашалап алды
Оқушы қыздар төбелескені үшін жауапкершілікке тартылды.
-
«Жағдайы ауыр, тасымалдауға келмейді»: Министр Жамбыл облысында соққыға жығылған 14 жастағы жасөспірім туралы айтты
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Жамбыл облысында соққыға жығылған 14 жастағы жасөспірімнің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жасөспірімнің жағдайы ауыр. Медикаментозды комада жатыр. Тасымалдауға әзірге жарамайды. Астанаға ауруханаға әкелу үшін оңалуын күтіп отырмыз
-
«Ремонт жасап беремін»: Instagram арқылы 21 млн теңге жымқырған астаналық сотталды
Жалған жөндеуші 15 азаматтан алдын ала төлем алып, кейін байланысқа шықпай қойған. Енді ол бірнеше жылын түрмеде өткізеді.
-
Министр: Медициналық бұйымдардың бағасы 90 пайызға дейін арзандауы мүмкін
Жаңа модель сатып алу рәсімдерінің ашықтығын арттырып, медициналық бұйымдардың құнын төмендетуге бағытталған.
-
Дәрігерлердің жалақысы көтеріледі: Министр кімнің қанша алатынын айтты
Үстемеақы еңбек өтіліне қарай төленіп, 77 мың медицина қызметкерін қамтиды.
-
Тыныс тарылып, құрысуы мүмкін: Химиялық уланудан қалай сақтануға болады?
Күнделікті қолданатын тазартқыштар, ағартқыштар мен жәндіктерге қарсы құралдар дұрыс пайдаланылмаса, денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Қауіпті затты жұтып қою, оның буымен не газымен тыныстау немесе теріге тигізіп алу химиялық улануға әкелуі ықтимал. Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық ба
-
IT-қызметтердің экспорты $1 млрд-тан асты: Цифрлық экономика Қазақстанның жаңа ресурсына айналуда
Қазақстанда IT-қызмет экспорты 2020 жылғы 33,5 миллион доллардан 2025 жылы 1,142 миллиард долларға жетіп, 34 есеге өсті.
-
Президент газ қорын кеңейтуді және Қазақстанды газбен тұрақты қамтамасыз етуді тапсырды
Мемлекет басшысы «QazaqGaz» басшысы Әлібек Жамауовты қабылдады.
-
Алматыда тұрғындарды газ жабдығын тексереміз деп қорқытып жүргендер көбейді
Алматы тұрғындарына үй ішіндегі газ жабдықтарын тексеру қызметін күштеп ұсынатын жеке компанияларға қатысты шағым көбейген. Кейбір ұйым өкілдері өздерін Төтенше жағдайлар департаментінің атынан әрекет етіп жүргендей таныстырып, тұрғындарды айыппұлмен қорқытады. Бұл туралы Өнеркәсіптік қауіпсіздік ба
-
Қазақстанның ең қарт тұрғыны 116 жасында дүниеден өтті
Қазақстанның ең қарт тұрғыны Түймегүл Темірбаева 116 жасында өмірден өтті. Бұл туралы бүгін Ұлытау облысының әкімдігі мәлімдеді.
-
Сирек басылымдардан заманауи әдебиетке дейін: Қазақстандықтар не оқиды?
Бүгінде қазақстандықтар қандай кітаптарды таңдайды және жастар неліктен кітап дүкендеріне жиі бара бастады? Бірі сирек кездесетін басылымдар мен классиктердің шығармаларын іздесе, енді бірі заманауи әдебиет пен өзін-өзі дамытуға арналған кітаптарға қызығады. BAQ.KZ тілшісі Астанадағы кітап дүкендері
-
Дата-орталықтар көбейсе, Қазақстан электр энергиясына сұранысты қалай өтейді?
Қазақстан Орталық Азиядағы ірі цифрлық орталықтардың біріне айналуды көздеп отыр. Екібастұзда қуаты бір гигаватқа дейін жететін «Деректерді өңдеу орталықтары алқабын» салу жоспарланған. Онда серверлер, бұлттық платформалар мен жасанды интеллект жүйелері жұмыс істейді. Мұндай инфрақұрылымды дамыту ин
-
Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне дәрі-дәрмекке қатысты шағымдарды бақылауды тапсырды
Министрлік азаматтардың дәрілердің сапасы мен кері әсеріне қатысты шағымдарын назардан тыс қалдырмауы керек.
-
Дәрігерге шабуыл жасағандарға жаза күшейсе, науқастар үнсіз қала ма? – Министр жауап берді
Министр Ақтаудағы хирург пен баланың әкесі арасындағы жанжалға қатысты тергеу қорытындысын күтетінін айтты.
-
Диабетпен ауыратындар дәрісіз қалуы мүмкін бе? «СК-Фармация» Әбеновтің сынына жауап берді
Дистрибьютордың мәліметінше, қант диабетін емдеуге арналған дәрілердің 95–97 пайызы жеткізілген.
-
Деректер орталықтарынан дайын өнімге дейін: Қазақстан жасанды интеллект экономикасынан табыс таба ала ма?
Қазақстанда жасанды интеллектіге арналған екі суперкомпьютерлік кластер жұмыс істеп тұр, үшіншісін іске қосуға дайындық жүріп жатыр. Екібастұзда салынып жатқан деректер орталықтары кешенінің алғашқы кезегін 2027 жылдың үшінші тоқсанында коммерциялық пайдалануға беру жоспарланған. Бұл жобалар е
-
2027 жылға дайындық үш ай бұрын басталды: Қазақстанда дәрі тапшылығы бола ма?
2027 жылға қажетті дәрі-дәрмектің 84 пайызы алдын ала сатып алынып, қор көлемі 35 пайызға ұлғайтылды.
-
Мұғалімдерді артық есептен босату, ғылымды дамыту: Профессор жолдаудағы міндеттерді атады
Қазақстанның жаңа даму кезеңінде мемлекет пен қоғам өзгерістерге бейімделіп қана қоймай, алдағы сын-қатерлерден озық болуы керек. Бұл ретте заңнаманы жаңарту, білім мен ғылымды дамыту, жасанды интеллектіні тиімді пайдалану және ұлттық бірлікті нығайту маңызды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универс
-
Онкологиядан диабетке дейін: Қазақстанда жаңа дәрі зауыттары салынады
Алматы мен Алматы облысында жаңа фармацевтикалық кешендер салынып, Қарағанды мен Шымкентте өндіріс көлемі ұлғаяды.
-
Дәріханаларда тегін дәрілер сатылған: ДСМ жүздеген заңбұзушылықты анықтады
Тегін дәрілерді сату деректері бір жылда 10 есе өсіп, қабылданған шаралардан кейін 20 есе азайған.
-
ДСМ: Қазақстанда 500-ге жуық дәрі-дәрмек түрін өндіру жоспарланып отыр
Қазақстанда жалпы құны 862 млн доллар болатын сегіз инвестициялық жоба аясында 494 түрлі дәрі-дәрмек өндірісін іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрдің айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы
-
ChatGPT бәсекелесі 104 млрд доллар шығынға ұшырады
Claude әзірлеушісі IPO-ға дайындалып жатыр. Компания кірісін бірнеше есе арттырғанымен, қаржылық есебіндегі шығын көлемі назар аудартты.
-
Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің этикалық қағидаттары өзгереді
Жаңа қағидаттар Конституция нормаларына және мемлекет пен қоғамға қызмет ету ұстанымдарына негізделеді.
-
Кейбір заңдарға түзетулер енгізіледі – Серік Жұманғарин
Жыл соңына дейін «Капитал нарығы туралы» заң жобасы мен салық заңнамасына енгізілетін өзгерістер Құрылтай қарауына ұсынылады.
-
Ең төменгі жалақы өсіп, мұғалімдердің жүктемесі азаяды: Үкімет әлеуметтік салада бірнеше жаңалық ұсынды
Жоспарда халықтың табысын арттыру, әлеуметтік көмекті жетілдіру және білім беру саласын қолдау шаралары қамтылған.
-
Жоғары Сот Кеңесінің аппарат басшысы қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Болатұлы Мұратбеков Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – аппарат басшысы лауазымынан босатылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айта кетейік, Дәурен Мұратбеков 2024 жылғы 9 ақпаннан бастап Қа
-
Ақтау теңіз порты маңында тепловоз бен жүк көлігі соқтығысты
Маңғыстау облысында Ақтау теңіз портының кірме теміржолындағы күзетілмейтін әрі реттелмейтін өткелде «МАЗ» жүк көлігі тепловозбен соқтығысты.
Апат 2 қараша күні сағат 16:55-те болған. Жүк көлігінің жүргізушісі сағатына шамамен 5 шақырым жылдамдықпен резервтік режимде келе жатқан тепловозға жол берм
-
Қазақстанда өзінің АЭС-і үшін уранның стратегиялық қоры құрылады
Бұл бастама елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, атом энергетикасының тұрақты дамуына бағытталған.
-
Үш жылдық мораторий, суперкомпьютер және салық өзгерістері: Бизнесті не күтіп тұр?
Сонымен қатар кәсіпкерлерді ұзақ мерзімді жеңілдетілген қаржыландыру және мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жоспарланып отыр.
-
Президент Жолдауы: Атырауда ел дамуының басым бағыттары түсіндірілді
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесулері Атырау облысында басталды. Осы мақсатта құрылған топ мүшелері өңірдегі түрлі мекеме мен ұйымдардың ұжымдарымен жүздесіп, Жолдауда белгіленген басым бағыттарды талқылауда.
Бүгін Халел Досм
-
Қазақстанда айрықша маңызды металдар қорын басқарудың ұлттық жүйесі құрылады
Жоспарға геологиялық барлауды жаңарту, агроөнеркәсіп пен отандық өндірісті қолдау шаралары енгізілген.
-
6,5 трлн теңге, үш жаңа әуежай және АЭС: Жолдаудан соң қандай жобалар іске асады?
Қазақстанда 2027 жылды Халықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялау, негізгі әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында мәлімдеді.
Оның ай
-
Газбен жылытатын үйде көзге көрінбейтін қандай қауіп бар?
Газбен жылытатын жабдықтарды пайдаланған кезде мұржаның дұрыс орнатылуына, газдың сыртқа шығуына және улы газдардың бөлінуіне ерекше назар аудару қажет. Сондай-ақ тұрғын үйлерде газ бен түтінді анықтайтын арнайы датчиктердің болуы маңызды. Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Мемл
-
Алматыда жылыту маусымы басталғалы 18 өрт тіркеліп, бір адам қаза тапқан
Алматыда жылыту маусымы басталғалы бері тұрғын үйлерде 18 өрт оқиғасы тіркелген. Салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бес адам зардап шеккен. Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Константин Канин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшіс
-
Су саласындағы жаңа серіктестік: Қазақстан Германиямен бірлескен жобаларды қолға алмақ
Неміс компаниялары Қазақстанның су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғыртуға, ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын енгізуге және мамандар даярлауға атсалысуы мүмкін. Сонымен қатар екі ел су ресурстарын басқару саласындағы тәжірибе алмасу мен инновациялық жобаларды дамытуға арналған Қазақстан-Г
-
Астана көшелерінде балағат сөздер жазылған көлікпен жүрген жүргізуші қамалды
Toyota Camry көлігіндегі әдепсіз жазулар әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Полиция жүргізушіні анықтап, оған қатысты қатаң шара қолданды.
-
Қазақстанда қар жауып, үсік жүреді: Синоптиктер бірнеше өңірге ескерту жасады
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы күрт құбылады. Кей жерлерде қалың қар жауып, температура төмендейді. Қай аймақтарда сақ болған жөн?
-
АҚШ Иранның жерасты зымыран кешені орналасқан аралына соққы жасады
Шабуыл 2 қарашада жасалған
-
Иран төңірегіндегі шиеленіс мұнай бағасын өсірді: Brent 105 доллардан асты
Бір күн бұрын мұнай бағасы керісінше күрт төмендеген еді. Дүйсенбі қорытындысы бойынша Brent 7,63 пайызға арзандап, барреліне 104,77 долларды құрады.
-
Қазақстанда телеарналар мен радио жұмысы 14 сағатқа тоқтайды: Себебі белгілі болды
Техникалық жұмыстар бүкіл ел бойынша спутниктік, цифрлық эфирлік және аналогтық телерадио хабарларын тарату желілерін қамтиды.
-
Қазгидромет 12 қала тұрғындарына ескерту жасады: ауа сапасы нашарлауы ықтимал
Қолайсыз метеорологиялық жағдай дегеніміз – желсіздік, баяу жел, тұман және температуралық инверсия сияқты қысқа мерзімді табиғи факторлардың үйлесуі.
-
Кибершабуылдың күтпеген нысанасы: хакерлер Еуропадағы супермаркеттердің тоңазытқыштарын істен шығарды
Бельгия мен Швецияның ұлттық киберқауіпсіздік агенттіктері жағдайды бақылауға алғандарын мәлімдеді.
-
Жұмыс қысқара ма, мүмкіндік көбейе ме: ЖИ еңбек нарығын қалай өзгертеді?
Жасанды интеллект бірнеше минутта мәтін жазып, есеп дайындап, көлемді ақпаратты сұрыптай алады. Бұған дейін сағаттап жасалған жұмыстың жылдам орындалуы біреуге мүмкіндік болып көрінсе, енді біреуді алаңдатады. «Мен атқарып жүрген міндетті бағдарлама орындай алса, жұмыс берушіге қаншалықты қажет бола
-
Астана халқының саны 2 миллионға жуықтады
2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан халқы 133 707 адамға өсті. 1 қазанда ел тұрғындарының жалпы саны 20 633 529 адам болды.
-
Әлемде дизель отынының қоры соңғы 35 жылдағы ең төменгі деңгейге түсті
Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасы бұзылғаннан бері әлемдік мұнай қорынан шамамен 1 миллиард баррель мұнай пайдаланылған. Сонымен қатар шикізатты тасымалдау шығындары айтарлықтай өскен.
-
Дрон шабуылынан кейін Атырау – Самара бағытымен мұнай тасымалы уақытша тоқтатылды
2 қарашаға қараған түні Самара өндірістік-диспетчерлік торабындағы нысандарға ұшқышсыз ұшу аппараттары шабуыл жасаған. Осыған байланысты Атырау – Самара бағыты бойынша мұнай тасымалдау уақытша тоқтатылды.
Қазақстан Энергетика министрлігінің мәліметінше, мұнай тасымалдау Астана уақыты бойынша сағат
-
Қазақстан дәрі-дәрмегі Ауғанстан нарығына шығуы мүмкін
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті.
-
Мобильді аударымдарға қатысты жаңа талаптар 10 қарашадан күшіне енеді
Жаңа талаптар 2026 жылғы 10 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
-
Қазақстан Қарулы күштері Airbus A400M әскери-көлік ұшағымен толықты
Ол қорғаныс саласынан бөлек, төтенше жағдайлардың салдарын жою, халықты эвакуациялау және гуманитарлық көмек жеткізу мақсатында да қолданылмақ.
-
Қазақстандық дзюдошы жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
Фатима Сұпығалиева финалда португалиялық қарсыласын жеңіп, Қазақстанға алтын медаль сыйлады.
-
3 қарашаға валюта бағамы
Ұлттық банктің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды.
Наверх