Пәтерден 17 млн теңгенің алтынын үптеп кеткен: Тараздағы аса ірі мөлшерде ұрлық жасағандар ұсталды

Күдіктілер 30-дан астам әшекей бұйым мен 830 мың теңгеден бөлек шетел валютасын да қолды қылған.

3 Қараша 2026, 15:41
АВТОР
 видеодан алынған кадр 3 Қараша 2026, 15:41
3 Қараша 2026, 15:41
172
Фото: видеодан алынған кадр

Полицияның 102 нөміріне Тараз қаласының тұрғыны қоңырау шалып, пәтерінен 30 данадан астам алтын бұйымдарын, гаухар тастарын және 830 мың теңге көлемінде ақшалай қаражатын ұрлап кеткені туралы хабарлаған. 

Жамбыл облысының Полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілер пәтерге үйде ешкім жоқ кезде келіп, есіктің құлпын бұзу арқылы кірген.

Қолды болған ақшаның арасында қырғыз сомы, еуро, қытай юані болған. Жалпы келтірілген шығын көлемі 17 миллион теңгеден асқан.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері екі ер адамды анықтады. Ұсталғанның бірі Түркістан облысының тұрғыны. Тінту кезінде күдіктілердің әрқайсысынан айғақ заттар табылған. Олар кейбір бұйымдарды сатып үлгерген, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске салсақ, Астана көшелерінде балағат сөздер жазылған көлікпен жүрген жүргізуші қамалды. Toyota Camry көлігіндегі әдепсіз жазулар әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Полиция жүргізушіні анықтап, оған қатысты қатаң шара қолданды.

Тағы оқи отырыңыз: «Ремонт жасап беремін»: Instagram арқылы 21 млн теңге жымқырған астаналық сотталды 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх