Түркістан облысында зауыт аумағындағы қоймадан өрт шықты

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 3 Қараша 2026, 21:50
3 Қараша 2026, 21:50
148
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Түркістан облысының Ақсукент ауылында зауыттардың бірінің аумағындағы қойма ғимаратының шатыры өртенді.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жеке тұрған бос қойманың шатыры жанғанын анықтады. Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері өртті жедел сөндіруге кірісіп, жалынды 50 шаршы метр аумақта толықтай ауыздықтады.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Наверх