Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерді бірқатар өзгерістер күтіп тұр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Вице-премьердің айтуынша, реформалардың институционалдық негіздерін нығайту аясында тиісті Кешенді жоспар қабылданатынын атап өтті.
Мемлекеттік қызметшілер үшін Конституция ережелеріне, мемлекет пен қоғамға қызмет ету қағидаттарына негізделген жаңа этикалық ұстанымдар енгізіледі. Жүргізіліп жатқан өзгерістердің стратегиялық бағдары ел дамуының басымдықтарын ұзақ мерзімге айқындайтын құжат әзірлеу болады, – деді ведомство басшысы.
Оның айтуынша, бұл құжатты әзірлеуге Президент Әкімшілігі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі және Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) қатысады.