Қазақстанның ең қарт тұрғыны 116 жасында дүниеден өтті

Қазақстанның ең қарт тұрғыны Түймегүл Темірбаева 116 жасында өмірден өтті. Бұл туралы бүгін Ұлытау облысының әкімдігі мәлімдеді.

 Жаңаарқа ауданы әкімдігі 3 Қараша 2026, 13:00
3 Қараша 2026, 13:00
136
Фото: Жаңаарқа ауданы әкімдігі
Қазақстанның ең қарт тұрғыны Түймегүл Темірбаева 116 жасында өмірден өтті. Бұл туралы бүгін Ұлытау облысының әкімдігі мәлімдеді.

«Қазақстанның ең қарт тұрғыны Түймегүл Темірбаева дүниеден өтті. Ол 116 жаста еді», – деп хабарлады облыс әкімдігі.

Түймегүл Темірбаева Ұлытау облысының Қызылжар ауылында тұрған. Ол 1910 жылы дүниеге келген және Қазақстандағы ең ұзақ өмір сүрген тұрғын саналған. Биыл 116 жасқа толған еді.

Түймегүл әже өмірінің басым бөлігін отбасы мен еңбекке арнаған. Жолдасы Аязбай Темірбаевпен бірге жылқы өсіріп, өмір бойы адал еңбек еткен. Ол 15 немере мен 25 шөберенің сүйікті әжесі болды. Түймегүл әже бұған дейін ұзақ өмір сүрудің сыры адал еңбек етуде, ниеттің түзулігінде және жақындарыңа деген сүйіспеншілікте екенін айтқан.

Түймегүл әже ұзақ та өнегелі ғұмырында 15 немере мен 25 шөбере сүйіп, бірнеше ұрпақ тәрбиелеп өсірді. Ол отбасы үшін ақылшы, тірек әрі шаңырақтың ұйытқысы болды.

Түймегүл әже тек отбасының ғана емес, бүкіл елдің амандығы мен берекесін ойлаған жан еді. Ол мемлекет өміріндегі маңызды оқиғалардан ешқашан тыс қалмай, қоғамдағы өзгерістерді жіті бақылап, ел тағдырына үнемі алаңдап отырды.

Ғасырдан астам ғұмыр кешкен Түймегүл әженің өнегелі өмір жолы мен жарқын бейнесі ұрпақтарының жадында ғана емес, еліміздің тарихында да сақталатынына сенімдіміз», – делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетейік, еліміздегі ең қарт әже Түймегүл Темірбаева 15 наурызда референдумда дауыс берген еді. 

Наверх