Алматыда интернет-дүкен арқылы есірткі таратқан күдікті ұсталды

Жеке тінту кезінде күдіктіден ұнтақ тәрізді зат салынған 61 орам табылды.

3 Қараша 2026, 22:24
АВТОР
 BAQ.KZ архиві 3 Қараша 2026, 22:24
3 Қараша 2026, 22:24
148
Фото: BAQ.KZ архиві

Алматыда интернет-дүкен арқылы синтетикалық есірткі таратумен айналысқан ер адам қолға түсті.

Жеке тінту кезінде күдіктіден ұнтақ тәрізді зат салынған 61 орам табылды. Сонымен қатар оның тұрғылықты жерін тексеру барысында тағы бір есірткі партиясы, электронды таразылар мен есірткіні өлшеп, қаптауға арналған заттар тәркіленді.

Сараптама қорытындысы тәркіленген заттардың синтетикалық есірткі екенін растады. Жалпы салмағы 269 грамнан асқан.

Тергеу барысында күдікті есірткі заттарын жасырын орындарға орналастырумен айналысқанын мойындаған. Әрбір жасырын орын үшін оған электронды әмиян арқылы ақша аударылып отырған.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция есірткі тарату желісіне қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтап, олардың басқа қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

Наверх