Все новости за 6 қараша 2026
-
-
Қазақстанда мыс фольгасын өндіретін зауыт салу жобасы талқыланды
Келіссөздер барысында өнеркәсіптік әріптестікті нығайту, заманауи шетелдік технологияларды енгізу және жоғары қосылған құны бар өндіріс орындарын ашу мәселелері қаралды.
-
Қазақстан Лондонда Coursera халықаралық білім беру сыйлығын жеңіп алды
Coursera платформасында 292 мыңнан астам қазақстандық сертификат алған.
-
Құрылтай баламалы энергетиканы дамыту мәселелері бойынша заң жобасын қарайды
Баламалы энергетиканы дамытуға қатысты заң жобасы бірінші оқылымда қаралады.
-
Алматы облысында дәрігерлер екі баланың ішінен 32 магнит алып шықты
Балалардың магнит жұтып қойғаны анықталғаннан кейін медициналық көмек қажет болған. Мұндай заттар әсіресе кішкентай балалар үшін қауіпті. Өйткені бірнеше магнит ішектің әртүрлі бөлігінде орналасып, бір-біріне тартылуы мүмкін.
-
Қазақстанда темекі бағасы жыл басынан бері 12,7 пайызға қымбаттады
Соңғы 12 айда темекі бағасының өсуі біркелкі болмаған. Ең жоғары өсім ақпан және тамыз айларында тіркелді.
-
Қазақстан мен Армения TRIPP көлік дәлізін дамыту бағыттарын қарастырды
Кездесулерде TRIPP (Trump Route for International Peace and Prosperity) көлік дәлізін дамыту және оның Қазақстан үшін транзиттік әлеуеті сөз болды.
-
Ұлттық банк мөрі және қол қойылған хат: Алаяқтар ақшаны қалай ұрлайды?
Алаяқтар қазақстандықтарға Ұлттық банктің бланкісіне ұқсайтын жалған хаттар таратып жатыр. Онда ұрланған ақшаны қайтарып беруге уәде беру немесе ірі ақша аударымы келгенін хабарлайды, бірақ алдымен ақша төлеуді сұрайды. Ұлттық банк бұл – алаяқтық екенін ескертеді.
Схема қалай жұмыс істейд
-
Лифтінің есігін тепкілеп, сындырып тастады: Астанада ер адам 5 тәулікке қамалды
Астанада ер адам тұрғын үйдегі лифт есігін зақымдады.
-
Жаңбыр, қар және көктайғақ: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
2026 жылғы 7–9 қарашаға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамы.
-
Францияда мектеп оқушылары мінген автобус аударылды: Екі адам қаза тапты
Францияда мектепке балалар мен жасөспірімдерді тасымалдап бара жатқан қалааралық автобус жолдан шығып кетіп, орға аударылды. Бір кәмелетке толмаған бала мен бір жас жігіт қаза тапты, тағы 16 жолаушы жарақат алды, олардың үшеуінің жағдайы ауыр.
Бұл туралы Эн департаментінің префектурасына сілтем
-
Көмек шын мұқтаждарға берілуге тиіс: Халық Кеңесі мүшелері Жолдау басымдықтарын түсіндірді
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Алматы облысында Жолдаудың негізгі басымдықтарын талқылады.
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Нұрсұлтан Орынбасаров, Жанұзақ Мусапиров және Бақыт Атайбеков Алматы облысына жұмыс сапары аясында Қаскелең қаласында білім және әлеуметтік сала қызметкерлерімен, Шамалғ
-
Дипломдағы қате әйелдің зейнетақы алуына кедергі келтірді
Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны дипломындағы қателіктерге байланысты училищеде оқыған кезеңін растай алмады. Бұл мерзімді зейнетақы тағайындау кезде ескеру үшін оған сотқа жүгінуге тура келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Есіл аудандық соты әйелдің Петропавлдағы № 23 техникалық училищенің дипломы ө
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентін әуежайдан шығарып салды
Мемлекет басшысы елімізге жұмыс сапарымен келген Өзбекстан Президентін елорда әуежайынан шығарып салды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Шавкат Мирзиёев елімізге Ақаба процесі саммитіне қатысуға келген болатын.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, бүгін Астанада Ақаба процесінің «Жасанды инт
-
Алматы облысында ҰБТ нәтижелерін талдау жұмыстары күшейтіледі
Ұлттық тестілеу орталығы мен Алматы облысының Білім басқармасы білім беру нәтижелерін талдау жүйесін дамытуға және Бірыңғай ұлттық тестілеу (ҰБТ) деректерін басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде тиімді пайдалануға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Бұл бастама Мемлекет басшыс
-
Астанада тәулігіне 900 науқасты қабылдайтын кешен ашылады
Астанада шұғыл медициналық көмек көрсету инфрақұрылымы кеңейтіліп жатыр.
-
«Әділет» партиясы сайлаушыларының әрбір алтыншы аманат-тілегі жол мәселесіне қатысты болды
Сайлаушылардың ұсынысынан нақты шешімдерге дейін: «Әділет» партиясының Партиялық бақылау комитеті өңір тұрғындарының өтініштерін қарады.
-
Базалық мөлшерлеме төмендеді: Қазақстанда көлік арзандай ма?
Базалық мөлшерлеменің төмендеуі автонесиеге қашан әсер етеді және жыл соңында автосалондар қандай жеңілдіктер ұсынуы мүмкін?
-
Ашық құдықтар мен өрт қауіпсіздігі: Жастар рейд жүргізді
«Қауіпсіз қала»: «Әділет» жастары қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін 100-ден астам заңбұзушылықты анықтады
-
Әл-Фарабидің идеялары «Таза Қазақстан» және «Адал азамат» ұстанымдарымен үндеседі – Президент
Іс-шараға Вице-Президент Ерлан Қарин қатысты.
-
126 жас – бір мақсат: Қазақстан Халық Кеңесі Жастар қозғалысын құруда
Қазақстан Халық Кеңесі Жастар қозғалысын құруда. 126 жас азамат кеңес мүшелерінің серіктесі атанада.
Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов Петропавл қаласында өткен «Ұлттың жаңа болмысы: жастар және азаматтық жауапкершілік» атты республикалық жастар лагерінің жұмысына қатысты. Кезд
-
Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы қашан жойылады? – сарапшы пікірі
Қазақстанда 2025 жылы электр энергиясын тұтыну өндірістен 1,5 млрд кВт·сағ-қа асып түсті. Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының болжамынша, 2027 жылы өндіріс ішкі тұтынудан асуы мүмкін. Алайда жылдық өндіріс көлемінің артуы қысқы жүктеме мәселесін бірден шешпейді және тарифтің автоматты түр
-
Өзбекстанда уланып қалған қазақстандық балалар елге оралды
Өзбекстанда уланып қалған қазақстандық жас футболшылар елге оралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Футбол турниріне қатысу үшін Өзбекғстанға барып, денсаулығының нашарлауына байланысты ауруханаға түскен жас футболшылар Қазақстанға қайтты. Бұл туралы Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызмет
-
Қазақстан жасанды интеллект саясатында Германия, Франция мен Жапониядан озып кетті
Әлемдік рейтингте Қазақстанның бір көрсеткіші дамыған елдерден де жоғары шықты. Еліміздің қай жетістігі халықаралық сарапшылардың назарын аударды?
-
Астанада балаларға арналған тегін спорт секциялары қаншалықты қолжетімді?
Футбол, волейбол, баскетболдан бастап, жүзу мен ұлттық спорт түрлеріне дейінгі үйірмелерге қалай жазылуға болады?
-
«Экономикалық конституция». Жаңа Азаматтық кодекс қазақстандықтардың өмірі мен бизнес жүргізу шарттарын қалай өзгертеді?
Пәтер сатып алу, мұраны рәсімдеу, несие алу, кәсіп ашу, тіпті интернеттен тауарға тапсырыс беру сияқты әрекеттердің бәрі Азаматтық кодекс нормаларымен реттеледі. Меншік қалай қорғалады, тараптар арасында қандай міндеттемелер туындайды, шарт бұзылса, кім жауап береді? Мұның бәрін Азаматтық кодекс айқ
-
Қазақстанның Азаматтық кодексі жаңарады: Халық пен бизнеске қандай мүмкіндік ашылады?
Қазақстанда жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу мәселесі күн тәртібіне шықты. Қолданыстағы заңнамаға қандай өзгерістер енгізу керек? Жаңа кодекс қарапайым азаматтар мен бизнеске не береді? Келісімшарт еркіндігін кеңейте отырып, тұтынушылардың құқығын қалай қорғауға болады?
Осы және өзге де сұрақтарға P
-
Ақтөбеде ер адам бұрынғы әйелін өлтіріп кетті: Марқұмның артында төрт жасар қызы қалды
Ақтөбеде ер адам бұрынғы әйелін өлтірді. Қайғылы оқиғадан кейін марқұмның артында төрт жасар қызы қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қайғылы оқиға 6 қарашаға қараған түні болған. 26 жастағы әйелді өлтірді деген күдікке оның 31 жастағы күйеуі ілінген. Оқиға көпқабатты тұрғын үйде болған.
Облыст
-
Қаланың дамуы құрылыс көлемімен емес, тұрғындардың мүмкіндігімен өлшенуі керек – Әлия Дәуешова
Қалаларды жоспарлауда адам қажеттілігі мен адами капиталды дамытуға басымдық беру ұсынылды.
-
Қазақстанға үш ірі қала жеткіліксіз: Өңірлік орталықтарды дамыту неге маңызды?
Сарапшы өңірлердегі көші-қон, инвестиция тапшылығы және білікті мамандарды ұстап қалу мәселесін көтерді.
-
Жаңа ереже: Жұмыссыздарды тіркеу мерзімі 13 күнге дейін ұзарды
2026 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстанда жұмыссыздарды тіркеу тәртібі өзгерді. Енді пилоттық жоба аясында мансап орталықтарына жұмыс іздеп келген адамға ресми түрде жұмыссыз мәртебесі берілгенге дейін лайықты жұмыс табуға көмектесу үшін 13 күн беріледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлі
-
Алаяқтықтан келген шығын: Жаңа Азаматтық кодексте не ескерілуі керек?
Алаяқтың арбауына түсіп, ақшасынан айырылған адам мүліктік құқығын қалай қалпына келтіреді? Баспана иесі мен кәсіпкердің мүддесін қорғау үшін қандай құқықтық тетіктер қажет? Жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу барысында осы мәселелерге назар аудару маңызды. Заң ғылымдарының кандидаты, «Тұран» университе
-
Бай-бағландар да жәрдемақы алған: Мемлекет әлеуметтік көмекті неге қайта қарайды
2027 жылдан бастап ауқатты отбасыларға 14 түрлі жәрдемақы бойынша мұқтаждық өлшемі енгізіледі.
-
Алматыны тұншықтырған түтін: Ауаны ең көп ластайтын не?
Алматыда ауаға тарайтын зиянды заттардың жылдық көлемінің шамамен 60 пайызы автокөліктерге тиесілі. Бұл жылына 113 мың тоннаға жуық. Алайда қала ауасын ластайтын жалғыз себеп – көлік емес. Бұл туралы Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.&nb
-
Жаңа Азаматтық кодекс: Азаматтардың мүлкі мен цифрлық құқығы қалай қорғалады
Жаңа Азаматтық кодекс цифрлық мүлікті қорғау, жасанды интеллект пен онлайн-келісімшарттарға қатысты құқықтық жауапкершілікті нақтылауы мүмкін.
-
Қазақстан қалаларында тұрғындарды не алаңдатады? Зерттеу нәтижесі жарияланды
Қазақстан қалаларында әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігіне тұрғындардың басым бөлігі оң баға бергенімен, экология, жол сапасы, коммуналдық шығындар және құрылыс тығыздығы әлі де өзекті мәселелер қатарында. Бұл туралы Қазақстан қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова Қас
-
Аққан жұлдыздай жанып кетті: NASA Swift ғарыш обсерваториясымен қоштасты
NASA-ның Swift ғарыш обсерваториясы Жер атмосферасында жанып кетті.
-
Әзербайжан 2027 жылы Каспий теңізі жөніндегі комиссияға төрағалық етеді
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әзербайжан Каспий теңізінің су биоресурстары жөніндегі комиссиясына төрағалық етеді. Төрағалық ету құқығы Бакуге 2025-2026 жылдары ұйымға жетекшілік ететін Түрікменстаннан өтеді.
Бұл туралы Бакуде өткен I Әзірбайжан өңірлік аквакультура форумында Түрікменстан Каспий
-
Шілдеде босап шығып, қайта ұсталды: СҚО-да бейнекамералар күдіктіні анықтауға көмектесті
Петропавл тұрғыны манипулятор кабинасындағы ұрлықтың ашылғаны үшін полицейлерге алғыс білдірді.
-
Қызылордада автобустар жол ережесін бұзғандарды тіркейді
Қызылорда облысында жол ережесінің бұзылуын автоматты түрде тіркейтін жүйе жедел жәрдем көліктерімен қатар автобустарға да орнатылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының өкілі Мұратбек Манатовтың айтуынша, жол ережесінің бұзы
-
«Халықтық құрылыс»: Қазақстан қалаларында нені өзгерту керек?
Жаңа нысандардың сапасы олардың санымен емес, тұрғындарға қаншалықты қолайлы болуымен бағалануға тиіс.
-
Бір вагонға сыйған қала: Алматы метросындағы таңғы қарбалас
Таңғы қарбалас уақытта Алматы метросына жолаушыларға лық толады. Бірі жұмысқа, енді бірі оқуға асығып, пойызға мінуге тырысады. Қала тұрғындарының күнделікті тіршілігінің бір бөлігіне айналған осы көріністі өз көзімізбен көру үшін бүгін таңертең BAQ.KZ тілшісі метроға барып, ондағы жағдайды бақылап
-
Мүлік пен келісімшарттар: Жаңа Азаматтық кодекс нені қорғауы керек?
Жаңа Азаматтық кодекс азаматтардың мүлкін қорғауды күшейтіп, келісімшарттық қатынастардың сенімділігін арттыруы тиіс. Бұл үшін жекелеген түзетулер неге жеткіліксіз? Бұл туралы «КЭМОНТ» АҚ даму жөніндегі директоры Зоя Новолодская BAQ.KZ тілшісіне айтып берді.
Оның пікірінше, Азаматтық кодексті жаңар
-
Қазақстанның үш қаласында қоқыстан энергия өндіретін зауыттар салынады
Елімізде тәулігіне 4 мың тоннадан астам қалдық өңдейтін кәсіпорындар салу жоспарланып отыр. Жобаларға 293,3 млрд теңге инвестиция тартылады.
-
«Халықтық құрылыс»: 6,5 трлн теңге бөлінеді, бірақ ірі жобаларға дайынбыз ба?
«Халықтық құрылыс» бағдарламасына Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бағыттау жоспарланып отыр
-
Қазақстан статистиканы жасанды интеллект пен жаңа деректер негізінде жаңғыртуда
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы: жаңа технологиялар Қазақстан статистикасын қалай өзгертуде?
-
Астанада тарихи саммит: Тоқаев пен әлем көшбасшылары қандай мәселені талқылап жатыр?
Иордания Королі, Орталық Азия президенттері мен өзге де елдердің өкілдері бас қосқан жиында жасанды интеллект қауіпсіздігі басты назарға алынды.
-
Урбанизация тек құрылыс емес: Юлия Кучинская қалалар мен ауылдардың қордаланған мәселесін атады
Қазақстанда урбанизация мәселесін тек жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салу арқылы шешу мүмкін емес. Құрылыс аяқталғаннан кейін адамдарды жұмыспен қамту, өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсарту, көлік қатынасын дамыту және тұрғындардың қоғамдық өмірге араласуына жағдай жасау қажет, деп ха
-
«Көк паспортты қимайтындар көбейді»: Журналист Қазақстан азаматтығына қатысты пікір білдірді
Журналист-блогер Сырым Итқұлов Қазақстан азаматтығынан бас тартқысы келетіндер саны азайғанына назар аударды. Ол Instagram парақшасында 2019 және 2026 жылдардағы көрсеткіштерді салыстырып, қазақстандықтар өз паспортын бағалай бастағанын жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстандықтар
-
«Әзілдеп айттым»: Мектептегі буллингті қалай анықтап жүрміз?
Әлемде әрбір үшінші оқушы ай сайын мектепте буллингке ұшырайды. ЮНЕСКО келтірген бұл дерек балалар арасындағы қорлау мен қудалаудың жекелеген мектеппен немесе елмен шектелмейтінін көрсетеді. Қазақстанда да мәселе өзекті: Бас прокуратураның 2026 жылғы 22 қазандағы хабарламасына сәйкес, жыл басынан бе
-
«Қазақстанда тағы бір миллиардер пайда болды»: Higgsfield негізін қалаушы ел азаматтығын алды
Әлемге танылған технологиялық стартаптың тең құрылтайшысы Қазақстан азаматтығын алды. Кәсіпкерге төлқұжатты кім және қандай жағдайда табыстады?
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер нені білуі керек?
Қазақстанға көшуді жоспарлаған этникалық қазақ қандас мәртебесіне өтініш беруді неден бастайды? Биылғы пилоттық тәртіп бойынша алдымен қазақ тілінен тест тапсырып, сауалнама толтыру және әңгімелесуден өту қажет. Ал көшу мен баспана жалдауға берілетін көмек өңірлік квотаға байланысты. BAQ.KZ тілшісі
-
Жеке үйді есірткі цехына айналдырған: Ақтөбеде ірі қылмыстық топ ұсталды
Операция кезінде 10 келі Альфа-PVP тәркіленді.
-
Павлодарда 1 ГВт қуатты дата-орталықтар кешені құрылысы басталды
Павлодар облысында үш деректер орталығының құрылысы басталды. Алғашқы нысанды 2027 жылдың екінші тоқсанында іске қосу жоспарланып отыр.
-
Бір жылдан бері жұмыс істей алмаған: Түркістан облысында 2,8 млрд теңгелік мақта зауыты іске қосылмақ
Жылына 50 мың тонна мақта өңдеуге қауқарлы кәсіпорынның жұмысы ұзақ уақыт бойы бір мәселеге байланысты тежелген. Енді жағдай өзгерді.
-
Қазақстанда жүк көліктері үшін жол ақысы өзгеруі мүмкін
Үкімет коммерциялық жүк көліктерінің жол ақысын төлеу тәртібін қайта қарастырып жатыр. Жаңа ұсыныстар жеке жеңіл көлік иелеріне әсер етпейді.
-
Есірткі ақшасын криптовалютаға айналдырғандар сотталды: 1 млрд теңгеден астам қаржы тәркіленді
Қызылордада заңсыз криптоайырбас пен ақшаны жылыстату схемасы әшкереленді. Қылмысқа дропперлер де тартылған.
-
Балалар мен әйелдер бар: Қазақстанда 15 тәжікстандықты түн ортасында эвакуациялады
Самара – Шымкент тасжолында шетелдік автобус кенеттен тоқтап қалған. Оқиға орнына жеткен полиция мен құтқарушылар жолаушыларды қауіпсіз жерге жеткізді.
-
Мұнай бағасы апта қорытындысы бойынша күрт арзандауы мүмкін
Brent маркалы мұнай бағасы бір аптада шамамен 12%-ға төмендеуі ықтимал.
-
Қытайға қатынайтын әуе рейсі көбейеді
Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасы кеңейедІ, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Екі ел аптасына рұқсат етілген рейстер санын 150-ден 180-ге дейін арттыруға келісті.
Сонымен қатар Қытайдың Чэнду және Қашғар қалаларын әуе бағыттарының тізіміне қосу жоспарланып отыр.
Көлік министр
-
Шерубай-Нұра су қоймасына 76 мыңнан астам балық жіберілді
Бастаманың басты мақсаты – су қоймасындағы балық қорын молайту, ихтиофауна санын сақтау және табиғи тепе-теңдікті қамтамасыз ету.
-
Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін
Синоптиктер 6 қарашада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болатынын ескертті.
-
«Үйінді астында қаламыз ба деп қорқамыз»: Семейде 13 отбасы апатты үйде тұрып жатыр
Қаладағы тозығы жеткен үйде 13 отбасы тұрып жатыр. Тұрғындар жаңбыр жауса, төбеміз опырылып түсе ме деп қорқады.
-
Су тапшылығы: Қазақстанға қауіп бар ма?
Қазақстанда су тапшылығы қаупі қаншалықты жоғары және алдағы жылдары елді қандай жағдай күтіп тұр? Бұл мәселеге қатысты Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандары BAQ.KZ тілшісіне берген жауабында пікір білдірді. Олар су ресурстарының қазіргі жағдайы, тапшылықтың алдын а
-
«Қайрат» Италияда «Аталантамен» тең түсті
«Қайрат» келесі кездесуін 26 қарашада өз алаңында Швецияның «Мьельбю» командасына қарсы өткізеді.
-
OpenAI жасанды интеллект арқылы GIF-анимация жасау мүмкіндігін іске қосты
Жаңа модель дайын суреттерді дәлірек өңдеуге де мүмкіндік береді. Бұл ретте кейіпкерлердің сыртқы келбеті, тауарлардың ерекшеліктері мен брендтердің фирмалық стилі сақталады.
-
6 қарашаға валюта бағамы
Ұлттық банктің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды.
-
Астанада 7 қарашадан бастап Абылай хан даңғылындағы автобус жолағының жұмыс тәртібі өзгереді
Демалыс күндері автобус жолағына шыққан жүргізушілерге айыппұл салынады.
-
Еуропада газ бағасы 2%-ға өсті
Бағасы мың текше метріне 1042 долларға дейін жетті.
-
Астанадағы жантүршігерлік оқиға: қарияны ұрып, әйелге шабуыл жасаған ер адам ұсталды
Оқиға Майлин көшесіндегі тұрғын үй ауласында болған. 28 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
-
Unity танкерінің экипажындағы қазақстандық теңізші Үндістаннан кетті
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
-
Бокстан ерлер арасында Қазақстан чемпионатының финалистері белгілі болды
Ел біріншілігі аясында ерлер арасында жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды.
Наверх