Астана – Петропавл жолындағы жантүршігерлік апат: Полицей комаға түсті

3 Қараша 2026, 19:42
АВТОР
 видеодан скриншот 3 Қараша 2026, 19:42
3 Қараша 2026, 19:42
271
Фото: видеодан скриншот

Астана – Петропавл автожолында патрульдік автокөлік қатысқан жол-көлік оқиғасынан полиция қызметкері ауыр жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

3 қарашада Астана – Петропавл тасжолында полицияның қызметтік автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

Патрульдік автокөліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 3 қарашада Астана – Петропавл автожолында патрульдік автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, «JAC T9» автокөлігінің жүргізушісі жылдамдық режимі мен арақашықтықты сақтамай, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, арнайы жол техникасын сүйемелдеуді жүзеге асырған полицияның қызметтік автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан полиция қызметкері дене жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда, - деп жауап берді Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі. 

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, зардап шегуші комада жатыр. Дәрігерлерге санитариялық авиация бригадасы келіп жетті, қазіргі уақытта дәрігерлер консилиумы өткізілуде.

BAQ.KZ сауалына Шортанды аудандық ауруханасы хабарлағандай, полиция қызметкерін одан әрі тексеру мен емдеу үшін санитариялық авиациямен елордалық ауруханалардың біріне жеткізу жоспарланып отыр.

Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда.

Айта кетейік, бұған дейін Теміртау – Қарағанды жолында жол апатынан 18 жастағы бойжеткен қаза тапты. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Астанада көлігінің ақауына байланысты тоқтаған жүргізушіні басқа көлік қағып өлтірді

Астанада қызды көлігімен қағып, оқиға орнынан кетіп қалған жүргізуші анықталды

Қызылордада жүргізуші сәбиі бар әйелді көлігімен қағып, қашып кеткен: Бала қайтыс болды

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Клименко Александр (@shchuchinsk_life2)

Наверх