Все новости за 22 қараша 2026
-
-
Қырғызстанның оңтүстігіндегі алты ауылда жер сілкінді
Елді мекендерде жер сілкінісінің қарқындылығы 3 балға дейін жеткен.
-
Астанада BMW жүргізушісі түн ішінде дрифт жасап, жол ережесін бұзды
22 жастағы жүргізуші көлік басқару құқығынсыз дрифт жасап, қарсы жолаққа шыққан және жол жабынын бүлдірген. Автокөлік иесі де жауапқа тартылды.
-
Иранда қолдан жасалған алкогольден үш адам көз жұмды: 33 адам ауруханаға түсті
Үй жағдайында дайындалған алкогольден 33 адам уланып, үш тұрғын көз жұмды. Өнімді дайындап, таратты деген күдікпен сегіз адам ұсталды.
-
Трамп АҚШ банкрот болуы мүмкін екенін ескертті
Мемлекеттік қарыз 40 триллион доллардан асқан.
-
Қазақстанда заңсыз көші-қон ісі бойынша үш қазақстандық пен шетел азаматы ұсталды
Жедел іс-шара барысында көші-қон заңнамасын бұзудың 293 дерегі анықталып, 77 шетел азаматы Қазақстаннан шығарылды.
-
Иран АҚШ-тың әрекеттеріне жауап ретінде екі америкалық әскери базаға соққы жасалғанын мәлімдеді
Шабуылдан кейін азаматтық өнеркәсіп нысанында өрт шыққан, зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
-
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Чилидегі турнирде топ жарды
Жібек Құламбаева Чилидің Колина қаласында өткен WTA 125 турнирінің жұптық сынында жеңімпаз атанды. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
Финалда Құламбаева мен словениялық Вероника Эрьявец турнирдің бірінші нөмірлі жұбы – украиналық Валерия Страховая мен ресейлік Анастасия Тихоноваға қарсы ойнады.
-
Қызылорда облысында жаңа туған нәрестені құтқару үшін ТЖМ тікұшағы жіберілді
Санитарлық авиацияның көмегімен жаңа туған нәресте Қызылордадан Жосалыға жеткізіліп, оған мамандандырылған медициналық көмек көрсету ұйымдастырылды.
-
Брюссель әуежайында рейстердің басым бөлігі тоқтатылады: әуе диспетчерлері ереуілге шыққалы жатыр
23 қарашада Бельгияда өтетін жалпыхалықтық наразылық акциясына байланысты Брюссель әуежайында жаппай әуе рейстерінің кешігуі мен тоқтатылуы күтіледі.
-
Үндістанда қолдан жасалған алкогольден 18 адам қайтыс болып, мыңнан астамы ауруханаға түсті
Құрамында улы метанол бар қолдан жасалған алкогольден жүздеген адам уланып, ауруханаларға жеткізілген.
-
Астанада Kazakhstan Fashion Week аясында 17 дизайнер өз топтамасын ұсынады
Негізгі сән апталығының көрсетілімдері 23-24 қараша күндері The St. Regis Astana қонақүйінде өтеді. Қатысушылар қатарында қазақстандық және шетелдік дизайнерлер бар.
-
Солтүстік Қазақстан облысында үш республикалық автожол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды
Қолайсыз ауа райына байланысты үш бағыттағы жолдың 300 шақырымнан астам бөлігінде көлік қозғалысы тоқтатылды.
-
Қараша айының алғашқы он күнінде Қазақстанда 200 келіден астам есірткі тәркіленді
Алматы, Шымкент және Павлодар қалаларында психотроптық заттардың заңсыз айналымына күдікті үш адам ұсталды.
-
Доллар Астанада 459 теңгеден сатылып жатыр: үш қаладағы валюта бағамы қандай
Доллар Алматы мен Шымкентте 455 теңгеден сәл жоғары болса, елордада 459 теңгеге жетті. Еуро мен рубльдің де қалаға қарай бағамы өзгереді.
-
Қазақстандық өкіл World Boxing ұйымының спорт және жарыстар комитетін басқарды
Рауан Игенев бұл қызметке Панамада өткен халықаралық федерация конгресіндегі дауыс беру қорытындысы бойынша сайланды.
-
Мемлекет басшысы Ливан президентіне құттықтады
Қазақстан президенті Ливан басшысына екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықтың нығая беруіне тілектестігін білдірді.
-
Маңғыстауда арқар мен қарақұйрық саны артты: өсім 25 пайызға жуықтады
«Қызылсай» табиғи паркінде жүргізілген күзгі түгендеу нәтижесі бойынша арқар саны 10,8%, ал қарақұйрық саны 25%-ға жуық өскен.
-
Индонезияда кондитерлік фабрика өртеніп, 36 жұмысшы із-түзсіз жоғалып кетті
Өрт кезінде фабрикада 59 адам болған. Құтқарушылар үйінді астынан жоғалған жұмысшыларды іздестіріп жатыр.
-
Балқашта балық аулауға кеткен ер адам 24 шақырым жерден табылды
Қайық қозғалтқышы істен шыққандықтан, балықшы жағаға өздігінен жете алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінген.
-
Асу Алмабаев UFC-де Киоджи Хоригучиге есе жіберіп, жеңіліс тапты
Жапониялық файтер үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, Алмабаевтың үш жекпе-жектен тұратын жеңіс сериясын үзді.
-
Қазақстанда Қызыл кітапқа енген сілеусінге алғаш рет GPS-қарғыбау тағылды
Қараша есімі берілген сілеусін Алматы облысының Кеген ауданынан табылды. GPS-қарғыбау ғалымдарға оның тіршілігін бақылауға мүмкіндік береді.
-
Қарағанды орталығында төрт көлік соқтығысты: Зардап шеккендер бар
Жол апатынан Lada Priora және Chery көліктерінің жүргізушілері жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
-
Бүгін еліміздің он қаласында ауа сапасы нашарлайды
Мамандар мұндай күндері ашық ауада ұзақ жүрмеуге, әсіресе көлік жолдары мен ластану көздеріне жақын жерлерде болу уақытын қысқартуға кеңес береді.
-
Қызылордалық студент ЖЭО күлінен тротуар тақтасын жасау технологиясын әзірледі
Жобаның мақсаты – өндірістік қалдықтарды қайта өңдеп, жергілікті шикізатты тиімді пайдалану арқылы құрылыс материалдарының өзіндік құнын төмендету және қоршаған ортаға түсетін салмақты азайту.
-
ЖРВИ өршіп тұр: Астанада ауруханадағы төсек-орын саны артты
Қазіргі уақытта қалалық стационарларда ЖРВИ және тұмау диагнозымен 313 науқас емделіп жатыр.
-
Семейде көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізуші жүк көлігін жалған нөмірмен басқарған
Жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан рөлге отырғаны және жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
-
Алматыда тауда қалып қойған төрт ер адам құтқарылды
Құтқарылған азаматтар үйлеріне өз беттерінше қайтты.
-
Бейжіңде Қазақстан Азаматтық кодексінің қытайша нұсқасы таныстырылды
Іс-шараға екі елдің дипломатиялық мекемелері, жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу ұйымдары, заң және баспа салаларының өкілдері қатысты.
-
ЕО ЭЫДҰ-ға кірмейтін елдерге пластикалық қалдық экспорттауға тыйым салды
Бұған дейін Еуропа елдері пластикалық қалдықтардың едәуір бөлігін шетелге жөнелтіп келген.
-
Татьяна Ким Wildberries бас директоры қызметінен кетті
Компанияның құрылтайшылар құрамында да өзгерістер болған.
-
Финляндия шығанағында дрон шабуылынан Ресейдің жүк кемесі өртенді
Қазіргі уақытта Ловииса қаласының оңтүстігінде құтқару және экологиялық қауіптің алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
-
Тұман, көктайғақ және қар: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Кей өңірлерде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
-
Антальядағы климаттық саммитте елдер ортақ шешімге келе алмады
Келіссөздердегі басты келіспеушілік – мұнай, газ және көмірді пайдалануды қысқарту мәселесі.
-
GTA VI алғашқы тәулікте 3,79 млрд доллар табыс тапты
Осы көрсеткіш арқылы GTA VI 2013 жылы шыққан алдыңғы бөлімнің рекордын жаңартты.
Наверх