Министр: Медициналық бұйымдардың бағасы 90 пайызға дейін арзандауы мүмкін

Жаңа модель сатып алу рәсімдерінің ашықтығын арттырып, медициналық бұйымдардың құнын төмендетуге бағытталған.

 Үкіметтің баспасөз қызметі 3 Қараша 2026, 14:00
3 Қараша 2026, 14:00
142
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Елімізде медициналық бұйымдарды сатып алудың жаңа моделі енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жаңа тәсіл кейбір медициналық өнімдердің бағасын 25–90 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. 

Министрдің айтуынша, сатып алудың жаңа моделін енгізудегі басты мақсат – медициналық бұйымдарға әділ баға қалыптастыру және бөлінген қаражатты барынша тиімді пайдалану. Бұл үшін нарықтағы бәсекелестікті дамыту және сатып алу рәсімдерінің ашықтығын арттыру көзделіп отыр.

Медициналық бұйымдардың техникалық сипаттамаларын стандарттау және референттік баға белгілеу жүйесін енгізу олардың құнының негізсіз өсу қаупінің алдын алуға мүмкіндік береді, – деді ведомство басшысы.

Министрдің мәліметінше, алдын ала есеп бойынша, медициналық бұйымдардың жекелеген түрлерінің бағасын 25–90 пайызға дейін төмендету жоспарланып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін министр Ақмарал Әлназарова дәрігерлердің жалақысы көтерілетінін айтты. 

Наверх