Астана тұрғындарының саны 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 1 707 150 адамға жетті. Жыл басынан бері елорда халқы 67 974 адамға көбейген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қаңтар-қыркүйек айларында Астанаға келгендер мен қаладан кеткендердің айырмасы 52 741 адам болды. Осылайша халық санының жалпы өсімінің 77,6 пайызы көші-қон есебінен қалыптасты. Ал табиғи өсім – 15 233 адам.
Салыстыру үшін, осы кезеңде Алматы халқы 44 002 адамға артып, 2 392 105-ке жетті. Қаладағы өсім 1,87 пайыз болды. Шымкент тұрғындарының саны 26 693 адамға көбейіп, 1 320 743 адамға жетті.
2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан халқы 133 707 адамға өсті. 1 қазанда ел тұрғындарының жалпы саны
20 633 529 адам болды.
Жалпы өсімнің 50,8 пайызы Астанаға тиесілі. Ал үш ірі қала – Астана, Алматы және Шымкент тұрғындарының саны жиынтығында 138 669 адамға артқан. Бұл ел бойынша тіркелген жалпы өсімнен де көп.
Сонымен қатар тоғыз айда Қазақстанның 17 облысының 12-сінде халық саны азайды. Ең көп төмендеу Түркістан облысында тіркелді – 7 796 адам. Жамбыл облысында тұрғындар саны 6 082 адамға, Абай облысында 5 560 адамға кеміді.