Все новости за 1 маусым 2026
-
-
2 маусымға арналған валюта бағамы
Ұлттық банктің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды.
-
Алматыда велосипед мінген азамат зейнеткерді қағып, қашып кеткен
Алматы полиция департаменті қазіргі уақытта оқиға орнынан қашып кеткен адамның жеке басын анықтау және оны ұстау бойынша шаралар қабылданып жатқанын айтты.
-
Қонаевтағы жағажайларда шомылу маусымы басталды
Жағажай аумағына 21 бейнебақылау камерасы қойылған.
-
Қызылордада ботаникалық бақтың құрылысы аяқталды
Жобаның негізгі мақсаты – тұрғындар мен қонақтар тек демалып қана қоймай, сонымен қатар әлем флорасының әртүрлілігі туралы көбірек біле алатын заманауи экологиялық білім беру және отбасылық демалыс орталығын құру.
-
Қазақстан мен Жапония атом энергиясы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Жапон тарапы Қазақстанмен серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растады және кадрлар даярлауға, ядролық және физикалық ядролық қауіпсіздік саласындағы құзыреттерді дамытуға, оның ішінде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік тетіктері арқылы қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.
-
Найзағай, жаңбыр мен бұршақ: Сейсенбіде бірқатар өңірде ескерту жасалды
Ертең ел астанасында да түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.
-
Жас балуандар жарқырады: Қазақстан Азия чемпионатында 14 медаль жеңіп алды
Вьетнамда өткен құрлық біріншілігінде қазақстандық жас балуандар жоғары нәтиже көрсетті. Ел қоржынына 14 медаль түсті.
-
Қазақстанда балаларға медициналық көмек көрсету тәртібі жаңарады
Қазақстанда балаларға медициналық көмек көрсетудің жаңа моделі енгізіледі. Өзгерістер педиатрлар мен жалпы практика дәрігерлерінің жұмысына әсер етеді.
-
"Әділет" партиясы ресми тіркелді: Оның құрамында кімдер бар?
Қазақстанда "Әділет" партиясы ресми тіркеуден өтті. Жаңа саяси ұйым өз басымдықтарын жариялап, азаматтарды бірігуге шақырды.
-
"Аллаһу әкбар" деп шабуыл жасаған: Сириялық азаматқа ең қатаң жаза берілді
Билефельдтегі шабуыл кезінде төрт адам ауыр жараланған. Сот сириялық азаматтың әрекетін теракт деп танып, ең қатаң үкім шығарды.
-
Жетісу облысында қасқыр аулауға шығып, екі сібір елігін заңсыз атқан ер адам ұсталды
Қасқыр аулауға шыққанын айтқан ер адам орманда екі сібір елігін атып алған. Мемлекетке келтірілген шығын 3,2 млн теңгеден асты.
-
"Әке, әкеме барғым келеді": Астанада сотталғандар балаларымен қауышты
Балаларды қорғау күніне орай жазасын өтеп жатқан әкелер балаларымен кездесті. Әсерлі қауышу сәттері көпшілікті бейжай қалдырмады.
-
Әлемдегі ең ірі жүк әуе тасымалдаушыларының бірі Қазақстанға рейстерін қайта бастайды
Люксембургтің Cargolux Airlines International S.A. компаниясы Қазақстан нарығына қайта оралып, бүгіннен бастап Астана халықаралық әуежайы арқылы аптасына 14 рейске дейін орындауды жоспарлап отырғаны расталды.
-
Доллар қымбаттады: Ұлттық қордан тағы жүздеген миллион доллар сатылады
Мамырда теңге 5,1%-ға әлсіреп, доллар 486 теңгеден асты. Ұлттық қордан валюта сатылымы жалғасады, ал Ұлттық банк жаңа жоспарымен бөлісті.
-
Қазақстандағы балалар: Әрбір үшінші тұрғын – бала
Балалар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр.
-
Күн райы күрт құбылады: Синоптиктер аптап ыстық пен нөсер жаңбыр жауатынын ескертті
Қазақстанда 2-4 маусымда ауа райы қандай болады?
-
11,5 мың қару тәркіленді: Олардың қаншасы Қаңтар оқиғасымен байланысты?
ІІМ Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруларды іздеуді әлі жалғастырып жатыр.
-
Тағы бір ел жасөспірімдерге әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салды
Бұған дейін бірнеше ел 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіге кіруге тыйым салып үлгерген болатын.
-
Айыппұлын төлемеген шетелдік жүргізушілерге елге кіруге тыйым салынуы мүмкін
ІІМ мәліметінше, шетелдік көлік иелерін анықтау бірыңғай сақтандыру деректер базасы мен мемлекеттік шекарадан өту кезінде жиналған ақпарат арқылы жүргізіледі.
-
Періштесі қақты: Павлодар облысында 5-қабат терезесінен құлаған бала ауруханаға түсті
Кішкентай бала 5-қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткені анықталды.
-
Блогер Әділетхан Молдахан сотта кінәсін мойындады
Оған ҚР Қылмыстық кодексінің жала жабуға қатысты бабы бойынша айып тағылған.
-
75 кәсіпкер келді: Тоқаев Гонконг әкімшілігінің басшысымен кездесті
Президент Гонконг Арнаулы әкімшілік ауданы Әкімшілігінің Басшысы Джон Лимен кездесу өткізді.
-
Жұмыссыздық төлеміне қатысты жаңа өзгеріс: Қазақстандықтарды не күтіп тұр?
Еңбек министрлігі жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлем алу шарттарын өзгерту мәселесін түсіндірді.
-
Қазақстанда босқындар лагері ашылады: СІМ желіде тараған ақпаратқа нүкте қойды
Ведомство әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа байланысты ресми ұстанымын жариялады.
-
Екібастұзда артқа қарай жүрген «Газель» баласын көтеріп тұрған әйелді қағып кетті
Жаяу жүргінші зардап шеккен.
-
СІМ: Қазақстан атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануды және МАГАТЭ рөлін қолдайды
Қазақстан ядролық қызметке International Atomic Energy Agency тарапынан халықаралық бақылау жүргізілуін маңызды деп санайды.
-
Алматы мен Астанадан бірнеше елге жаңа халықаралық рейстер ашылады
Алматы мен Астанадан Түркия мен Кипрге жаңа тікелей рейстер іске қосылады.
-
Футболдан Әлем чемпионатын тамашалауға қанша қазақстандық барады?
СІМ футбол чемпионатына баратын қазақстандықтарға қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға кеңес берді.
-
Эбола өршіген Африкада қанша қазақстандық жүр? – СІМ жауап берді
Сыртқы саяси ведомство азаматтарды шетелге шығу кезінде қауіпсіздік пен денсаулық мәселесіне мұқият қарауға шақырды.
-
ӘЧ-2026: СІМ футбол жанкүйерлеріне маңызды мәлімдеме жасады
Сыртқы саяси ведомство футбол тамашалауға баратын ел азаматтарына бірнеше жайтты ескеру керектігін айтты.
-
Әлеуметтік желіні шулатқан видео: Павлодарда ер адам көліктің төбесіне шығып секірген
Аулада тұрған көліктің төбесіне шығып секірген ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды. Оған енді айыппұл не қамау қаупі төніп тұр.
-
Смарткөзілдірік пен микроқұлаққап: ҰБТ-2026-да жүздеген ереже бұзушылық анықталды
139 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды.
-
Баланың телефонында не бар: Ата-ана неге мән беру керек?
Бүгінде бала өмірінде сымсыз телефонның алар орны ерекше.
-
БЖЗҚ-да 45 млрд теңге жатыр: Мыңдаған қазақстандық өз ақшасын әлі алмаған
Зейнет жасына жеткен 279 мыңнан астам адамның БЖЗҚ-дағы жинағы талап етілмей тұр. Қор төлем алу үшін маңызды ескерту жасады.
-
Астанада көлік өртенгенде зардап шеккендердің жағдайы туралы ресми мәлімет шықты
Зардап шеккен 4 адам мен 1 баланың жағдайы белгілі болды.
-
Жетісу облысында жер сілкінді
Текелі қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 шақырым жерде жер сілкінісі болды.
-
Қияр арзандап, ет қымбаттады: Қазақстанда инфляция 10,4%-ға жетті
Мамыр айында елімізде жылдық инфляция 10,4% болды.
-
Баласын тұншықтырып өлтірген анаға қатаң үкім шықты
Әйел кәмелетке толмаған қызын өлтіргені және балаға қатыгездік көрсеткені үшін кінәлі деп танылды.
-
Бүгіннен бастап кей жүргізушіге 86 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін
1 маусымнан бастап кейбір шинамен жүруге тыйым салынды. Талапты елемеген жүргізушілерге 86,5 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін.
-
Балалар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр
Қазақстанда 6,9 миллион бала тұрады.
-
ҰҚК Шекара қызметі 60 млн теңгенің жанар-жағармайын заңсыз тасымалдаудың жолын кесті
300 тоннадан аса өнімді заңсыз шығармақ болғандар анықталған.
-
8,8 млн теңге: Ақмола облысында емхананың 31 қызметкеріне төлемақы берілмеген
Медицина қызметкерлері төлемақысыз қалған.
-
Жәбірленушілердің кешірімін алған Пак жазадан құтылып кетуі мүмкін бе?
Марқұмдардың туыстары Александр Пакты кешіріп, шартты жаза сұрады. Бірақ адвокат оның түрмеден құтылып кету ықтималдығына күмәнмен қарайды.
-
Мәселе шешілді: Спорт министрлігі Шайдоровқа қатысты мәлімдеме жасады
Чемпионға жалақысы енді уақытылы төленеді.
-
Динара Зәкиева балаларды қорғау жөніндегі жаңа құрылымның іске қосылғанын мәлімдеді
Қазақстанда бала құқықтарын қорғау жүйесін реформалаудың маңызды кезеңі аяқталды.
-
Әл-Фарабидегі жол апаты: Марқұмдардың туыстары Александр Пакты кешірді
Әл-Фарабидегі қайғылы оқиға бойынша сотта жәбірленушілер мәлімдеме жасады.
-
Путин сапары, ЕАЭО және АЭС: Астанада қандай келісімдер жасалды?
Астанадағы келісімдердің мәні неде?
-
Алимент, ДНҚ және бала асырап алу: Конституциялық Сот қандай ережелерді өзгертті?
Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты қызметінде ерекше орын алады.
-
«Еңбек өтіліңіз табылды»: БЖЗҚ атын жамылған алаяқтар қазақстандықтарды алдап жатыр
Алаяқтар азаматтарға хабарласып, SMS-кодтарды айтқызуға тырысады.
-
Ерекше баланың арманы орындалды: Ақтөбелік полицейлер Ильяға ұмытылмас мереке сыйлады
Полицейлер оған арнайы сыйлықтар да табыстады.
-
Әл-Фараби даңғылындағы апат: Күдікті кінәсін мойындады
Алматыдағы жол апатында күдікті деп танылған Александр Пак кінәсін толық мойындады.
-
"Ұлттық қор – балаларға": 297 мыңнан астам өтінім мақұлданды
Елімізде 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күні дәстүрлі түрде атап өтіледі.
-
«Тірідей көміп кеткен»: Алматы облысында демалыс аймағының қызметкерлері адам өлтірді деген күдікке ілінді
Полиция екі күдіктіні қамауға алды, тағы бір адамға қатысты шешім тергеу нәтижесінен кейін қабылданады.
-
Әл-Фарабидегі жол апаты: Күдікті тергеу изоляторынан онлайн жауап береді
Алматыдағы Әл-Фараби даңғылындағы жол апатына қатысты басты сот отырысы басталды.
-
910 млн доллар инвестиция: Қазақстанның ІТ нарығы әлемді таңғалдырды
Бұл Қазақстанның цифрлық экономикасы әлемдік инвесторлардың назарына ілініп, халықаралық технологиялық қауымдастық тарапынан мойындала бастағанының көрінісі.
-
Конгода Эболаның жаңа штаммын жұқтырған алғашқы науқастар жазылып шықты
ДДСҰ ерте диагностика нәтижесінде сауығып кеткендер саны артуы мүмкін екенін айтты.
-
Әр өңірден келген 100 оқушы Президент резиденциясында қонақ болды
Еліміздің әр өңірінен келген оқушылар Ақорданы аралады.
-
Одессадағы call-орталықтан 120 қазақстандық зардап шеккен
Одессада қазақстандықтарды алдаған call-орталықтың көзі жойылды. Келтірілген шығын көлемі 85 миллион теңгеден асады.
-
Ауыл әкімдері қағазбастылықтан арылады: Жаңа цифрлық жүйе іске қосылды
Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің жұмысын жеңілдетуге бағытталған жаңа цифрлық жоба енгізіліп жатыр.
-
20 жыл бойы іздеуде болған қазақстандық Ресейде ұсталды
Талай жылдан бері жасырынып, қашып жұрген қылмыскер экстрадицияланды.
-
Павлодарда ер адам біреудің пәтерін өртеп жібере жаздады
Оқиға болған сәт бейнебақылау камерасына түскен.
-
Тоқаев қазақстандықтарды Балаларды қорғау күнімен құттықтады
Президент биыл «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының іске асырыла бастағанын айтып, жас ұрпақты қолдау Әділетті әрі Озық Қазақстанды құру жолындағы негізгі басымдықтардың бірі болып қала беретінін жеткізді.
-
Қазақстанда көмірден газ бен дизель отыны өндірілмек
Қазіргі уақытта елде көмір химиясы саласындағы үш ірі жоба жүзеге асырылуда.
-
Бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды
Мамандар мұндай кезде ұзақ серуеннен бас тартуға шақырады.
-
АҚШ Ормуз бұғазы арқылы өткен 70-ке жуық кемеге қолдау көрсетті
Кейбір кемелер бұғаздан өту кезінде өздерінің орналасқан жерін көрсететін транспондерлерді уақытша өшірген.
-
Ұлттық тасымалдаушы пойыздарымен 500 мыңнан астам бала тасымалданды
Компания мәліметінше, барлық бағыттарда балаларға арналған мультимедиялық контент қолжетімді.
-
Ұлттық қор, тегін тамақ және жазғы демалыс: Қазақстан балаларына қандай жағдай жасалған?
Қазақстанда балалар саны 6,9 миллионнан асты. Мемлекет білім беру, әлеуметтік қолдау, қауіпсіздік және денсаулық сақтау бағыттарында жаңа бастамаларды іске асырып жатыр.
-
Израиль Ливандағы Бофорт қамалын басып алды
Әскери деректерге сәйкес, Израиль күштері Литани өзенінен оңтүстікке қарай тереңдеп кіріп, шекара маңындағы аудандарда операцияны жалғастыруда.
-
Алматыда бұрынғы "Рахат" базарының орны абаттандырылады
Босатылған аумақты қайта жаңғырту жобасы әзірленіп жатыр.
-
СҚО-да 183-ші "Ауыл құтқарушылары" ерікті өртке қарсы бекеті ашылды
Ерікті құтқарушылар тәулік бойы кезекшілік атқарып, төтенше жағдайларға жедел әрекет етуді қамтамасыз етеді.
-
ПСЖ жеңісінен кейінгі тәртіпсіздіктер: Парижде 200-ден астам адам зардап шекті
алада ондаған көлік өртеніп, дүкендердің терезелері сындырылған. Полициямен қақтығыстар да тіркелді.
-
Мьянмадағы жарылыстан 46 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды
Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс болған аумақта шамамен 100 тұрғын үй зақымданған.
-
Аптап ыстық, жаңбыр, бұршақ: 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Мамандар тұрғындарды ауа райының қолайсыз құбылыстарын ескеріп, қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.
-
АҚШ-та зауытта болған жарылыстан 11 адам қаза тапты
Оқиғаға байланысты арнайы тергеу басталып, өндірістік қауіпсіздік талаптарының сақталуы тексерілуде.
-
Трамп Иранға ұсынылған келісім талаптарын қатаңдатты
Вашингтон Иранның АҚШ ұсыныстарына жауап беру қарқынына көңілі толмай отырған көрінеді.
Наверх