Все новости за 19 қараша 2026
-
-
Астанада демалыс күндері «Соғым-FEST» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Жәрмеңкеге келушілерге отандық ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерінің кең ассортименті ұсынылады.
-
Жұма күні 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Бірнеше аймақта тұман түсіп, екіпнді жел тұрады.
-
Талдықорған – Үштөбе тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды
Қатты соққының салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі ауыр жарақат алып, оқиға орнында жан тапсырған.
-
Алматыда гандболдан әйелдер арасында Азия чемпионаты өтеді
Бұл құрлық біріншілігі 2027 жылғы әлем чемпионатына іріктеу жарысы.
-
Елімізде ағаштың кей түрлерін экспорттауға тыйым салынуы мүмкін
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тиісті бұйрық жобасын жариялап, 4 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынды.
-
Қазақстанға Y-9E әскери-көліктік ұшағы жеткізілді
Алматыға Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери-көлік авиациясы паркін толықтырған Y-9E әскери-көліктік ұшағы келіп қонды.
-
Claude жасаушысы SpaceX-ті басып озып, рекордтық 107 миллиард доллар инвестиция тартты
Claude жасанды интеллектісін әзірлеген Anthropic компаниясы биржаға шығу кезінде 107 миллиард доллардан астам қаржы тартты. Бұл туралы BAQ.KZ Deutsche Welle-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Anthropic – 2021 жылы негізі қаланған америкалық компания. Оның басты өнімі – мәтін жаза алатын, сұрақтарға
-
Алматыда әріптесімен төбелескен ер адам ұсталды: Әйелдің әрекеті де тексеріледі
Алматыдағы құрылыс дүкендерінің бірінде әріптестер арасында жанжал шығып, ер адам әйелге күш қолданған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. 19 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында бейнебақылау камераларының жазбалары зерттелді. С
-
Бір шай қасықтан аз: Дәрігерлер күніне қанша тұз тұтынуға болатынын айтты
Мамандар тұздың тәуліктік мөлшерін айтып, оның денсаулыққа әсері туралы ескертті.
-
Ақтөбеде лифтіні тепкілеген үш жігіт қамауға алынды
Ақтөбеде лифтіні тепкілеген үш жігіт қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында жас жігіттердің көпқабатты үйдің лифтін қасақана бүлдірген сәті түскен бейнежазба анықталды.
Оқиға 18 қарашада түнгі мезгілде Ақтөбе қаласындағы 11-шағын ауданда болған. Бейнеж
-
Астанада бір аптада 21 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырды: Мектептер карантинге жабыла ма?
Ауырғандардың басым бөлігі – балалар.
-
Парламентаралық одақ президенті алғашқы сапарымен Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Парламентаралық одақ президенті, Аустралия Парламенті Өкілдер палатасының спикері Милтон Дикті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Милтон Дикті Парламентаралық одақ президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, жауапт
-
БЖЗҚ салымшылары жеке басқарушыларға 92 млрд теңгеге жуық қаражат аударды
Алматы, Астана мен Қарағанды облысының салымшылары зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына беру бойынша ең белсенді өңірлер қатарында.
-
Атырау облысында балабақшада тәрбиешінің баланы ұрып-соғуынан кейін қылмыстық іс қозғалды
Атырау облысының Индер ауданындағы балабақшада тәрбиешінің баланы ұрып-соғуынан кейін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атырау облысының Индер ауданында полиция «Балдәурен» балабақшасында болған оқиғаны тергеп жатыр.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде «Солнышко» тобының тәрбиеш
-
Алматыда БҰҰ Университетінің штаб-пәтері ашылады
Алматыда БҰҰ Университетінің Өңірлік интеграцияны салыстырмалы зерттеу институты жұмысын бастайды.
-
Шымкентте қуаты жылына 191 мың тонна көкөніс өндіретін жылыжай кешендері салынып жатыр
Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Шымкент және Түркістан облысына жұмыс сапары барысында жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан кәсіпорындарға барып, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптегі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуымен танысып, өңір фермерлерімен ке
-
Қазақстан туризмі: Ішкі туристер саны жеті жылда 85%-ға артты
Туризм – экономика өсімінің қозғаушы күші: «Атамекен» мен Туризм министрлігі саланы дамытудың жаңа мүмкіндіктерін талқылады.
-
Алматыда қыз әріптесі соққыға жыққанын мәлімдеді: Полиция қылмыстық іс қозғады
Алматыда құрылыс материалдарын сататын дүкендердің бірінде әріптестер арасында жанжал шығып, ер адам әйелге күш қолданған. Оқиғадан кейін зардап шеккен қыз көру қабілеті нашарлап, басы айналып, жүрегі айнығанын айтады. Оның сөзінше, полицияға арыз беру кезінде де қиындықтарға тап болған. Ал полиция
-
Еңбек адамдарының үні: Кәсіподақтар Халық Кеңесіне 25 бастама жолдады
Қазақстан Халық Кеңесі кәсіподақтардың 25 бастамасын алдағы жұмыс аясында қарастырады.
-
Ақтөбеде студент қыз оқу ақысына жинаған 10 млн теңгеге жуық ақшасынан айырылды
Ақтөбеде жоғары оқу орындарының бірінде білім алатын екінші курс студенті интернет-алаяқтардың құрбаны болып, қомақты қаржысынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қыздың WhatsApp мессенджеріне белгісіз адам қоңырау шалып, өзін ұялы байланыс операторының қызметкері ретінде таныстырған. Ол SIM-картаны
-
Қазақстандық жүн мен мұнай жабдықтары: Ақтөбеде өндіріс қарқын алып келеді
Ақтөбеде миллиардтаған теңге инвестиция тартқан екі кәсіпорын өндірісін кеңейтуде. Олардың бірі қой жүнін терең өңдеп, қандай өнім шығарады?
-
Спорттық медицина: Қазақстанда қандай орталықтар мен технологиялар енгізіліп жатыр?
Қазақстанда спорттық медицинаны дамыту бағытында қандай орталықтар жұмыс істеп жатыр? Спортшылардың денсаулығын бақылауда жаңа технологиялар мен жасанды интеллектінің мүмкіндігі қандай?
-
«Талапты оқырман»: Марафонның алғашқы марапат иегерлері анықталды
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында 66 күнде 1,5 миллионнан астам кітап оқылды. «Талапты оқырман» белгісінің алғашқы марапат иегерлері анықталды.
«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды.
Қазір қатысушылар мар
-
Қазақстанда UFC турнирін өткізу мәселесі ай соңында нақтыланады
Қазақстанда UFC турнирін 2027-2028 жылдары өткізу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрдің айтуынша, жыл басынан бері UFC өкілдеріме
-
Трамп, Си және Путин Қытайда не талқылады?
АҚШ президенті Дональд Трамп, Қытай төрағасы Си Цзиньпин және Ресей президенті Владимир Путин үшжақты кездесу өткізіп, БҰҰ реформасы, энергетикалық жеткізілімдерді арттыру және ядролық қауіп-қатерді азайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы AP news жазды.
Кездес
-
«Болашақ» шахтасы: Жұмысшылар мен техниканың қозғалысы цифрлық жүйемен бақыланады
Ақтөбе облысындағы «Болашақ» шахтасында жұмысшылар мен техниканың орналасқан жерін нақты уақыт режимінде бақылайтын цифрлық жүйе енгізілген.
-
10 мың тас пен 4,5 метрлік алтын қанат: «Әлем аруына» қатысатын Алина Ридің киімі таныстырылды
Қазақстан атынан «Әлем аруы – 2026» халықаралық байқауына қатысатын Алина Ридің ұлттық киімінің жаңа қырлары таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ерекше образды әзірлеуге дизайнерлер тобы жарты жылға жуық уақыт жұмсаған. Киім толығымен қолмен жасалып, ұлттық нақыш пен заманауи сән үлгісін ү
-
Тоқаев: Келесі жылы Астанада шетелдік университеттердің бірқатар кампусы іске қосылады
Мемлекет басшысы бүгінгі пікірталас ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашып, нақты іске ұласатынына сенім білдірді.
– Ең алдымен біз нақты инфрақұрылым қалыптастырамыз, яғни университеттерге қажетті кампустар саламыз. Мәскеу халықаралық қатынастар институтын, сондай-ақ Кардифф университетін өте ж
-
«Халықтық құрылыс» және ЖИ: Мемлекет басшысы білім мен ғылым саласының басымдықтарын атады
Президент елімізді жан-жақты трансформациялауға қажетті білікті маман даярлау ісін екінші өзекті бағыт ретінде атады.
– Қазақстан «Халықтық құрылыс» бастамасын іске асыруға кірісті. Бұл жай ғана жекелеген нысандардың құрылысы емес. Оның аясында энергетикадан, соның ішінде атом қуатынан бастап көл
-
Тоқаев: Су қауіпсіздігі – Орталық Азияның экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығының кепілі
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарымен әріптестік орнатуға қашанда дайын екенін айтты.
– Өздеріңіз көріп отырғандай, жұмыстың бастапқы кезеңі аяқталды. Қажетті инфрақұрылым жасалды, серіктестік келісімдер ресми түрде ресімделді және көп ұза
-
Президент: Ғылыми идеяларды нақты технологияға айналдыра алатын елдер ғана табысқа жетеді
Президент халықаралық ұйымдар және жетекші шетелдік университеттер басшыларымен өткен дөңгелек үстелге қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы бұл жиын серіктестікті жаңа әрі сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.
– Бүгінде мұның маңызы а
-
Қазақстан әлемдік минералдар нарығында топ жарды: Үш ресурс бойынша үздік үштікке енді
Қазақстан хромит қоры, вольфрам мен барит өндірісі бойынша әлемдік рейтингте жоғары орындарға көтерілді. АҚШ есебінде тағы қандай көрсеткіштер тіркелді?
-
Тоқаев: Біздің стратегиялық мақсатымыз – Қазақстанды Орталық Азияның академиялық хабына айналдыру
Қазақстан Орталық Азиядағы жоғары білім мен ғылым орталығы ретіндегі өз ұстанымын нығайтуға ниетті. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен III Стратегиялық серіктестер форумында айтты.
Онда Мемлекет басшысы жеті жылдық реформаларды қорытындылап, елдің экономикалық жетістіктері
-
Қалтасына салып, күртесіне тыққан: Оралда супермаркеттерден тауар ұрлаған ер адам ұсталды
Оралда полиция бірқатар ұрлықты әшкереледі.
-
Астанада көлігімен тротуарда жүрген Changan жүргізушісіне айыппұл салынды
Астанада Changan маркалы автокөліктің жүргізушісі Аспандияров көшесінде жаяу жүргіншілерге арналған тротуармен жүрген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полиция қызметкерлері жүргізген тексеру барысында 38 жастағы жүргізуші анықталды.
Белгілі болғандай, ер адам қателесіп тротуарға шығып кеткенін түсінген соң
-
Алматыда ауаны ластайтын көліктерді тоқтатпай-ақ өлшейтін жүйе сынақтан өтіп жатыр
Алматыда автокөліктердің ауаға бөлетін зиянды заттарын қозғалыс кезінде анықтайтын жаңа технология сынақтан өткізіліп жатыр. OPUS RSE жүйесі көліктерді тоқтатпай-ақ, олардың пайдаланылған газындағы зиянды заттардың мөлшерін өлшеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Алматы қалас
-
Ақтөбе өңірінің жол инфрақұрылымы жаңарады: 2029 жылға дейін қандай жобалар аяқталады?
Өңірде 1,8 мың шақырымнан астам автожол салу және жөндеу жоспарланған, ал 2029 жылға қарай нормативтік талаптарға сай жолдардың үлесін 95 пайызға жеткізу көзделіп отыр.
-
«Ұлттық құраманың нәтижесі көңілімізден шықпайды»: Министр Қазақстан футболындағы жағдайға пікір білдірді
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстан ұлттық футбол құрамасының нәтижелері ведомствоны қанағаттандырмайтынын мәлімдеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер Қазақстан футбол федерациясының блогерлермен не үшін жұмыс істейтіні және оларға қанша қаражат жұмс
-
2027 жылы Қазақстанда БҰҰ университетінің зерттеу институты ашылады
Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымы университетінің (БҰҰ университеті) зерттеу институтын ашу жоспарланып отыр
-
Михаил Шайдоров бапкері Алексей Урмановпен жұмысын тоқтатты
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров бұдан былай Олимпиада ойындарына дайындалған бапкері Алексей Урмановпен жұмыс істемейді. Бапкермен жасалған келісімшарт бұзылып, спортшы жаңа олимпиадалық циклге кірісті. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Орталық коммуникациялар
-
Самсаны жерден көтеріп, тұздықты қолмен жаққан: Астанада дәмхана тексеріліп жатыр
Threads желісінде Астанадағы «Samsa food» дәмханасында түсірілген видео тараған болатын. Кадрда пицца қамырына кетчупты қолмен жаққан қызметкерлер мен жерге түскен самсаны көтеріп, қайта қойған дәмхана иесінің бірнеше видеосын көруге болады. Бұл басы ғана.
Сарайшық ауданының санитариялық-эпид
-
БҰҰ Университеті мен Ғылым және жоғары білім министрлігі Университеттің өңірлік филиалын құру туралы келісімге қол қояды
Форум аясында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен БҰҰ университеті арасында қол қойылған өңірлік зерттеу хабын ашу туралы келісімді алмасу рәсімі өтті.
Форумда ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, БҰҰ университетінің ректоры, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Тш
-
Ясмина Тоқсанбаеваның ісі арбитраждық сотта қаралып жатыр – министр
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ОКҚ алаңында өткен брифингте жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаеваның Азия ойындарында алтын медальдан айырылуына қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта федерация осы мәселе бойынша бірлескен жұмыс жүрг
-
2027 жылдан бастап жұмыссыздарға төленетін жәрдемақы мөлшері өседі
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін әлеуметтік төлемге қатысты Әлеуметтік кодекстегі негізгі өзгерістер 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
-
«Мықты университеттер – болашақтың негізі» – Тоқаев
Президент елдің технологиялық дербестікке жетуі білім-ғылымның өркендеуіне тікелей байланысты екенін атап өтті.
«Бүгінгі форум аясында Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы университеті Қазақстандағы өңірлік зерттеу хабын ашу туралы келісімге қол қояды. Бұл – айтулы
-
«Үш елдің шешіміне жай ғана қосыла салғымыз келмеді»: Дипломат ТМД құрылуы туралы пікір білдірді
Қазақстандық мемлекет қайраткері, дипломат Тілеухан Қабдрахманов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуына дейінгі дайындық жұмыстары мен сол кезеңдегі күрделі экономикалық жағдайды еске алды. Оның айтуынша, Кеңес Одағы ыдырар алдында одақтас республикалар орталықтан басқарылатын жоспарлы экономи
-
Тоқаев Қазақстанның OpenAI-мен әріптестігі және еліміздің барлық университеттерінің ChatGPT Edu-ге қол жеткізгені туралы айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның OpenAI-мен әріптестігі және еліміздің барлық университеттерінің ChatGPT Edu-ге қол жеткізгені туралы айтты.
«Біз NVIDIA компаниясымен жемісті ынтымақтастықты жолға қойдық. Аты аңызға айналған көрнекті инженер Дженсен Хуанг мырзаға жақында Астанаға арнайы кел
-
Қазақстан Вашингтон моделі негізінде БҰҰ аясында жасанды интеллектіні реттеуді қолдайды
Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары білімнің келешектегі дамуы жасанды интеллект технологияларымен тығыз байланысты болары анық екенін айтты.
«Қазақстан барлық салаға жасанды интеллектіні енгізуді қолға алды. Бұл ретте ғылым және білім салаларына басымдық беріледі. Мен 2026 жылды «Цифрландыру және ж
-
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ұлттық мәртебе беру туралы шешім қабылдадым – Президент
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ұлттық мәртебе беру туралы шешім қабылданды.
«Тағы бір маңызды мәселе. Бүгінде Қазақстанда үш ірі қала бар. Соның ішінде Астана мен Алматы еліміздің зияткерлік, ғылыми және мәдени орталығы болып саналады. Себебі бұл қалаларда Қазақста
-
Қазақстан әлемнің маңдайалды университеттерімен өзара тиімді серіктестікті нығайтуға ниетті – Президент
Мемлекет басшысы Қазақстанның барлық жетекші университеттермен өзара тиімді серіктестікті нығайтуға ниетті екенін айтты.
«Халық сенімін арттыруға батыл түрде кірістік. Сондықтан әлемнің маңдайалды университеттерімен өзара тиімді серіктестікті нығайтуға мол мүмкіндігіміз бар. Д.Серікбаев аты
-
Қасым-Жомарт Тоқаев: Жемқорларға ешқандай аяушылық немесе рақымшылық болмайды
Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорларға ешқандай аяушылық немесе рақымшылық болмайтынын айтты.
«Қазақстан сенімді серіктес ретінде Конституциядағы «Заң және Тәртіп» қағидатының тұрақты, болжамды әрі ашық ортаның берік негізіне айналуын қамтамасыз етеді. «Заң және Тәртіп» – жай ғана мемлекеттік саясаттың
-
Қазақстан университеттерінің дипломдары Батыс және Шығыс елдерінде мойындалады – Президент
Мемлекет басшысы 2026 жылы Қозыбаев атындағы СҚУ-дың алғашқы түлектері Қазақстан және Америка университеттерінің қос дипломын алғанын атап өтті.
«М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті мен Аризона университетінің серіктестігі аясында заманауи оқу-зертхана корпусы мен жатақхан
-
М.Ломоносов атындағы ММУ филиалы Қазақстанда 25 жылдан бері студенттер қабылдап келеді – Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалы елімізде 25 жылдан бері шәкірт қабылдап келе жатқанын атап өтті.
«Қазір ауқымды ұйымдастыру жұмыстарының бірінші кезеңінен өттік деп айтуға болады. Осыған байланысты министр Саясат Нұрбекке ризашылығымды білді
-
Қазақстанның он университеті Times Higher Education rankings 2027 халықаралық рейтингіне енді
Президент біздің стратегиялық мақсатымыз – елімізді Орталық Азиядағы академиялық хабқа айналдыру екенін атап өтті.
«Біз кейінгі уақытта қол жеткізген бірқатар жетістігімізді мақтан тұтамыз. Мәселен, 18 университетіміз биылғы QS World University Rankings тізіміне енді. Сонымен қатар Қазақста
-
Олжас Бектенов Ақтөбедегі тау-кен металлургия кәсіпорындарын аралады
Премьер-министр Олжас Бектенов Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында «Ақтөбе мыс компаниясы» мен ERG тобының кәсіпорындарын аралады.
-
2029 жылға қарай Қазақстанға 100 мың шетелдік студент тартылады – Тоқаев
Мемлекет басшысы елімізде 11 мемлекеттің жетекші университеттері өз филиалдарын ашқанына тоқталды.
«Жоғары білім беру жүйесіндегі халықаралық ықпалдастықты дамыту, ғылыми байланысты тереңдету – қазіргі заман талабы. Біз бұл мәселеге айрықша мән береміз. Қазақстанда осы саладағы халықаралық
-
7 жылда 281 жатақхана салынып, гранттар екі есе өсті: Президент білім саласындағы жетістіктерді атады
Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымды қаржыландыру көлемі айтарлықтай ұлғайып, 590 миллион долларға жеткенін атап өтті.
«Білімге негізделген экономика құру азаматтарымыздың ұзақмерзімді конституциялық міндетіне айналды. Қазіргі және одан кейінгі үкіметтер оны тиісті деңгейде орындауға тиіс. Бүгінде Қ
-
«Халықтық құрылыс» – мазмұны кең, мән-мағынасы терең нағыз халықтық жоба
Мемлекет басшысы «Халықтық құрылыс» жоғары білім жүйесіне де зор жауапкершілік жүктейтінін айтты.
«Жалпы, ауқымды құрылыс жүргізу, цифрлық экономика құру, логистика инфрақұрылымын дамыту, жасанды интеллектіні барлық салаға енгізу – ұлтымыздың болашаққа ұмтылысын айқындайтын аса маңызды мінд
-
Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Әрдайым биік мақсаттарға ұмтыламыз – Мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» кезінде салынатын әрбір нысан, әрбір ғимарат жұртымыздың игілігіне қызмет ететінін атап өтті.
«Жалпы, осы күнге дейін еліміз көптеген табысқа қол жеткізді. Бірақ біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Әрдайым биік мақсаттарға ұмтыламыз. Мен биылғы Жолдауымда «Х
-
Соңғы жеті жылда елімізде 118 млн шаршы метр тұрғын үй бой көтерді – Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт соңғы жеті жылда елімізде 118 млн шаршы метр тұрғын үй бой көтергенін айтты.
«Соңғы жеті жылда елімізде 625 орта және ірі өндіріс орны ашылды. 3,6 миллион адам жұмыспен қамтылды. 118 миллион шаршы метр тұрғын үй бой көтерді. 36 мың шақырым автокөлік жолы және 5
-
Тоқаев: Биыл еліміздің ЖІӨ 398 миллиард доллар болады
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің соңғы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріне тоқталды.
«Халықаралық валюта қоры ұсынған болжамға сәйкес, биыл еліміздің жалпы ішкі өнімі 398 миллиард доллар болады. Ал осыдан жеті жыл бұрын бұл көрсеткіш 181 миллиард доллардың шамасында болды. 2019 ж
-
Конституция ауқымды өзгерістердің жаңа, шешуші кезеңіне жол ашты – Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумында сөз сөйледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Конституция ауқымды өзгерістердің жаңа, шешуші кезеңіне жол ашты. Елімізде мемлекеттік басқару жүйесі түбегейлі жаңғырды. Қос палаталы Парламенттің орны
-
Конституцияда еліміздің мақсат-мұраты мен болашақтағы бейнесі айқын көрініс тапты – Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумында сөз сөйледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Енді алдымызда тұрған мақсат – шын мәнінде айбынды. Біз баршаға бірдей мүмкіндік беретін, адал еңбек пен айрықша жауапкершілік қасиеттерін жоғары бағала
-
Халықаралық беделі биік, экономикалық әлеуеті зор, болашағы жарқын ел – Президент Тәуелсіздіктің 35 жылдық белесі туралы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумында сөз сөйледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Жер жүзінің ең зияткер тұлғаларын ортақ мүддеге жұмылдырған бұл алқалы жиын еліміз үшін тарихи сәтте өтіп жатыр. Биыл Қазақстанның дербес мемлекет болға
-
Президент: Ғылым – барша адамзатқа ортақ игілік
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумында сөз сөйледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуірінде ғылым-білімнің әлем өркениетіндегі орны айрықша екенін атады.
«Ғылым – бар
-
Тоқаев: Қазіргі бұлыңғыр заманда ғалымдардың халықаралық шиеленістердің азаюына қосатын үлесі өте маңызды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумында сөз сөйледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Бүгін шын мәнінде өте маңызды жиын өтіп жатыр. ІІІ Стратегиялық серіктестер форумына жаһандық ғылым жүйесінің көрнекті өкілдері, әлемге әйгілі ғалымдар
-
Қазақстандық спортшылар 2026 жылы қанша медаль жеңіп алды?
2026 жылы қазақстандық спортшылар халықаралық жарыстарда бірқатар жоғары нәтижеге қол жеткізді. Жыл басынан бері олар әлем және Азия чемпионаттарында 103 алтын, 106 күміс және 132 қола медаль жеңіп алған. Ал Жапонияның Нагоя қаласында өткен жазғы Азия ойындарында ұлттық құрама 84 медаль иеленіп, жал
-
Қызылордадағы жаңа стадион УЕФА талаптарына сай: Тағы жеті қалада спорт нысандары салынып жатыр
Қазақстанда спорт инфрақұрылымын жаңарту және жаңа стадиондар салу жұмыстары жалғасып жатыр. Қызылорда қаласында 11 мың көрерменге арналған, УЕФА талаптарына сай келетін жаңа стадион пайдалануға берілді. Ал Астанада 3 600 орындық жабық футбол стадионы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл тура
-
Қазақстанда 8,5 млн адам спортпен тұрақты айналысады
Қазақстанда бұқаралық спортпен тұрақты айналысатындар саны 8,5 млн адамға жетті. Бұл халықтың 44,5%-ын құрайды. Оның ішінде 3 млн-нан астамы – ауыл тұрғындары, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз к
-
Қазақстан легионерлерді бюджеттен қаржыландыруды тоқтатты: Спортта 8 млрд теңге үнемделді
Қазақстанда кәсіби спортты қаржыландыру тәртібі өзгерді. Енді легионерлерге бюджет қаражаты есебінен ақы төлеуге заң жүзінде тыйым салынған. Сонымен қатар кәсіби клубтарды қаржыландырудың бірыңғай шектері белгіленді. Нәтижесінде 2026 жылы бюджеттен легионерлерге жұмсалатын шығындар алынып тасталып,
-
Жаттықтырушыларға 30% үстемеақы, әр балаға жылына 415 мың теңге: Спорт саласында не өзгерді?
Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін қаржыландырудың жаңа жүйесі енгізілді. Енді бір баланы даярлауға бөлінетін жылдық қаражат 233 мың теңгеден 415 мың теңгеге дейін өсті. Сонымен қатар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаттықтырушы-оқытушыларға кәсіби шеберлігі үшін 30% мөлшерінде қо
-
Қазақстанға 105 елдің азаматы бір реттік электрондық визамен келе алады
Қазақстан шетелдік туристерді тарту үшін визалық рәсімдерді жеңілдетіп, халықаралық әуе қатынасын кеңейтіп жатыр. Қазір 105 елдің азаматы Қазақстанға бір реттік электрондық виза арқылы келе алады. Сонымен қатар 31 мемлекетпен 137 бағыт бойынша әуе қатынасы жолға қойылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілші
-
Алакөл, Қайыңды, Балқаш: Қазақстандағы туристік аймақтардың инфрақұрылымы қалай жаңарып жатыр?
Қазақстанда туристік маусымға дайындық аясында бірқатар өңірде инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, Алакөл жағалауын бекіту, Қайыңды көлі мен «Көшпенділер қаласына» апаратын жол салу, Рахман қайнарларына дейінгі жолды жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Дегенмен кейбір жобаларды
-
Қазақстан туристерден қанша табыс тапты? Нақты сома белгілі болды
Қазақстанда туризм саласының негізгі көрсеткіштері өсіп келеді. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында орналастыру орындарында 5 миллионға жуық адамға қызмет көрсетілсе, шетелдік туристер елде 1,4 млрд АҚШ долларын жұмсаған. Ал биылғы тоғыз айда туризм саласына салынған инвестиция көлемі 1,3 трлн теңге
-
«Инвестициядан мол табыс табасың»: Жамбылда 715 млн теңгенің заңсыз айналымына қатысы бар әйел ұсталды
71 жастағы тұрғын 8 млн теңгесінен айырылғанын айтып, полицияға жүгінген. Тергеу барысында күдіктінің өзге әрекеттері де әшкереленді.
-
Қазақстан туризмді дамыту индексінде 110 елдің арасында 56-орынға жайғасты
Дүниежүзілік экономикалық форумның қыркүйек айында жарияланған Саяхат және туризмді дамыту индексінің қорытындысы бойынша Қазақстан 110 елдің ішінде 56-орынға тұрақтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Рейтинг туризмді дамытуға қолайлы жағдайларды сипаттайтын бес негізгі бағытты қамтиды. Бұл туралы
-
КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстанның мойнына қандай міндеттер жүктелді?
Қоғам және мемлекет қайраткері Болат Ахметғалиев Кеңес Одағы ыдыраған кезеңдегі саяси жағдайды, Алматы декларациясының қабылдануына дейінгі келіссөздер мен құжаттың тарихи маңызын еске алды. Оның айтуынша, КСРО-ның тарауы, тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы, ортақ мүлікті бөлісу және ядролық қарудың та
-
Шымкентте оқып, Аризонаға барады: Қазақстанда шетелдік білім алудың қандай мүмкіндігі бар?
Қазақстандық студенттер енді елімізден шықпай-ақ АҚШ пен Ұлыбританияның жетекші университеттерінің білім беру бағдарламалары бойынша оқи алады. Шымкентте америкалық Arizona State University университетімен бірлескен қос диплом бағдарламасы жүзеге асырылып жатса, Ақтөбеде британдық Heriot-Watt Univer
-
Жолаушы көп, автобус аз ба? Сарапшы Алматыдағы қоғамдық көлік мәселесіне баға берді
Алматыда қоғамдық көліктің таңертең және кешкі уақытта шамадан тыс толуы автобустардың жетіспеуінен ғана емес, жолдағы кептелістер мен қозғалыс кестесінің бұзылуынан да болуы мүмкін. Сонымен қатар, жолаушылардың жол ақысын төлемеуі қаладағы нақты жолаушылар ағынын есептеуге кедергі келтіріп, автобус
-
Шымкенттегі жантүршігерлік апат: Бензовоз жарылып, жүргізуші қаза тапты
Тілсіз жау 60 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндірушілер оқиға орнынан ер адамның денесін тапты.
-
Қазақстанның білім саласындағы 10 маңызды нәтижесі: Халықаралық рейтингтер не көрсетеді?
18 университет QS әлемдік рейтингіне енді, ал жасанды интеллект бойынша жүздеген мың студент оқудан өтті. Салада тағы қандай өзгеріс бар?
-
ТМД елдері арасындағы инвестиция көлемі 45 млрд долларға жетті – Игорь Петришенко
Бүгін Алматыда посткеңестік кеңістіктегі мемлекетаралық қатынастардың негізгі қағидаттарын айқындаған Алматы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына орай «Алматы декларациясы: диалог, ынтымақтастық және тату көршіліктің 35 жылы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр. Конфе
-
Жалған ақпарат, ұрланған фото, жеке деректер: Жаңа заңда қандай жауапкершілік қарастырылуы мүмкін?
Цифрлық ортада адамның ар-намысы, жеке өмірі мен беделін қорғау мәселесі өзекті. Жаңа Азаматтық кодекске ұсыныс айтылды.
-
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: Шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымды дамытуға инвестиция салу тәжірибесін зерделеуде
Еуропалық EU Reporter басылымында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Халықтық құрылыс» бағдарламасына арналған «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту қарқынын арттыруда» атты мақала жарияланды. Автор Ұлттық қордан мектептер, ауруханалар және жолдар қ
-
Инфляция баяулады, қызметтер тезірек қымбаттады: Баға қай өңірде қатты өсті?
Қазақстанда қазанда жылдық инфляция 9,2%-ға дейін баяулады. Алайда ақылы қызметтердің қымбаттау қарқыны бір айда 8,9%-дан 10,3%-ға дейін өсті. Халық кеңесінің мүшесі, Білім және адами капитал жөніндегі комиссия төрағасы Мұрат Әбенов елдің 20 өңіріндегі көрсеткішті салыстырып, баға ең жылдам өскен үш
-
Баланың қызуы көтерілсе, үйде қалған антибиотикті неге беруге болмайды?
Бала жөтеліп, дене қызуы көтерілгенде, ата-ана оған тезірек көмектескісі келеді. Осындайда «өткен жолы көмектескен еді» деп, үйде қалған антибиотикті беру қауіпті. Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пралиева мұның себебін түсіндірді, деп х
-
Аптап ыстық, қымбат несие, кибершабуылдар: 2027 жылы әлемді не күтіп тұр?
2027 жылы жаһандық температура жаңа рекордқа жетуі мүмкін. Қымбат қарыз дамыған елдердің бюджетіне қысым түсірсе, жасанды интеллект саласында компаниялардың қаржылық тұрақтылығы мен киберқауіпсіздікке қатысты сұрақтар көбейеді. The Economist басылымының арнайы шығарылымында алдағы жылы әлем наз
-
Қазақстан 7 жыл ішінде цифрландыруда әлемдік үздіктер қатарына енді: Елде не өзгерді?
Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы онлайн қолжетімді. Ал интернетпен қамту көрсеткіші 97,5%-ға жетті. Ел цифрландыруда қандай жетістікке жетті?
-
Көкжайлау Алматыда жаңа туристік нарық қалыптастыра ала ма?
Алматыдағы Көкжайлау аумағында салынып жатқан Almaty SuperSki курорты қонақүй, қоғамдық тамақтану, көлік және сауда салаларына жаңа сұраныс әкелуі мүмкін. Экономист Айбар Олжайдың пікірінше, жобаның экономикалық әсері туристердің қанша күн аялдап, жергілікті қызметтерге қанша ақша жұмсайтынына байла
-
2027 жылдың соңына дейін Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін
Кездесу барысында қазақстандық әуе компанияларының әуе кемелері паркін жаңарту мәселесі де сөз болды.
-
Бүгін еліміздің он қаласында ауа сапасы нашарлайды
Мамандар мұндай күндері ашық ауада ұзақ жүрмеуге, әсіресе көлік жолдары мен ластану көздеріне жақын аумақтарда болу уақытын шектеуге кеңес береді.
-
Қазақстандықтар желтоқсан айында қанша күн демалады?
Желтоқсан айында демалыс күндерін ауыстыру қарастырылмаған.
-
Алматыда 2040 жылға қарай арық желісі 483 шақырымға дейін ұлғаяды
Бұдан бөлек, нөсер кәрізі жүйесі де салынады.
-
Уран, мұнай, ұшақ пен автокөлік: Қазақстан мен АҚШ не саудалайды?
Қазақстан АҚШ-қа негізінен мұнай, уран, күміс және металдар сатады.
-
Қазақстанның 10 университеті THE World University Rankings рейтингіне енді
Ең жоғары көрсеткішке Nazarbayev University қол жеткізіп, 376-400 орындар аралығына жайғасты.
-
Түркістан облысында жылына 150 мың тонна жүгері өңдейтін зауыт іске қосылды
Жаңа өндіріс орнында 500 жұмыс орны ашылды.
-
Венесуэла АҚШ-пен әскери әріптестікті дамытуға дайын екенін мәлімдеді
Родригес бұл пікірін АҚШ-тың соғыс министрі Пит Хегсетпен Мирафлорес президенттік сарайында өткен кездесуде айтты.
-
Алматыда тұрғын үйден өрт шығып, 10 адам құтқарылды
-
АҚШ-та мұнай қоры көбейіп, әлемдік нарықта баға төмендеді
Brent маркалы мұнай фьючерстері барреліне 1,19 долларға немесе 1,28%-ға арзандап, 91,95 долларды құрады.
-
Қар, көктайғақ: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер тұрғындарды ауа райының қолайсыздығын ескеріп, жолда және ашық аумақта сақ болуға шақырады.
-
Брекситтен кейін Ұлыбритания мен ЕО ынтымақтастықты кеңейтпек
Энди Бернхэм Еуропамен байланысты қалпына келтіруді сыртқы саясаттағы басымдықтардың бірі деп атаған.
-
Nvidia Қытайға жасанды интеллект чиптерін жеткізуді тоқтатты
Бұған дейін АҚШ 2022 жылы Қытайға озық чиптер экспорттауға шектеу енгізген.
Наверх