Президент: Ғылым – барша адамзатқа ортақ игілік

19 Қараша 2026, 13:03
АВТОР
 Ақорда 19 Қараша 2026, 13:03
19 Қараша 2026, 13:03
82
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумында сөз сөйледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуірінде ғылым-білімнің әлем өркениетіндегі орны айрықша екенін атады. 

«Ғылым – барша адамзатқа ортақ игілік. Біз елдеріміздің жарқын болашағы мен азаматтарымыздың сапалы тұрмысын қамтамасыз ету үшін әлем қауымдастығы болып ғылым-білімдегі әр жетістігімізді саналы түрде кәдеге жаратуымыз керек. Стратегиялық серіктестер форумының негізгі мақсат-міндеті де осы деп күмәнсіз айтуға болады», - деді Мемлекет басшысы. 

Айта кетейік, бұған дейін Президент қазіргі бұлыңғыр заманда ғалымдардың халықаралық шиеленістердің азаюына қосатын үлесі өте маңызды екенін айтты. 

Наверх