Елімізде ағаштың кей түрлерін экспорттауға тыйым салынуы мүмкін

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тиісті бұйрық жобасын жариялап, 4 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынды.

 pixabay 19 Қараша 2026, 21:45
19 Қараша 2026, 21:45
146
Фото: pixabay
 
Қазақстанда ағаш материалдарының жекелеген түрлерін ел аумағынан әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құжатта шығарылған еліне қарамастан, тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан аумағынан әкетуге тыйым салу көзделген.

Шектеу ЕАЭО Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (СЭҚ ТН) бойынша 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407 кодтарына жататын тауарларға қатысты болады.

Сонымен қатар, бірқатар ерекшелік қарастырылған. Атап айтқанда, тыйым теміржол және трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты ағаштардан жасалған ағаш шпалдарға, сондай-ақ, Қазақстанда өндірілген ағаш түйіршіктеріне (пеллеттерге) қолданылмайды.

Бұйрық жобасында атап өтілгендей, бұл бастама отандық ағаш өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған.

Құжат Қазақстан Республикасының заңнамасына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың нормаларына сәйкес әзірленген.

Наверх