Тоқаев Қазақстанның OpenAI-мен әріптестігі және еліміздің барлық университеттерінің ChatGPT Edu-ге қол жеткізгені туралы айтты

19 Қараша 2026, 13:35
АВТОР
 Ақорда 19 Қараша 2026, 13:35
19 Қараша 2026, 13:35
64
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның OpenAI-мен әріптестігі және еліміздің барлық университеттерінің ChatGPT Edu-ге қол жеткізгені туралы айтты. 

«Біз NVIDIA компаниясымен жемісті ынтымақтастықты жолға қойдық. Аты аңызға айналған көрнекті инженер Дженсен Хуанг мырзаға жақында Астанаға арнайы келгені үшін алғыс айтамын. OpenAI компаниясымен серіктестік нәтижесінде еліміздегі барлық жоғары оқу орындарының ұстаздары ChatGPT Edu арнаулы чат-ботын еркін пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Стэнфорд университеті, Массачусетс технологиялық институты (MIT), Беркли және Карнеги Меллон университеттеріндегі сарапшылардың қолдауымен студенттеріміз 22 мыңнан астам жобаны жасап шығарды. ЖИ-мен байланысты жүздеген шешім бизнес, денсаулық сақтау, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларына енгізіліп жатыр. Satbayev Technical University мен Гонконг қалалық университеті арасындағы ынтымақтастық та осы салада айтарлықтай нәтиже әкелді. Бұл ретте Нгай мырзаның жасанды интеллект саласындағы әзірлемелерді өндіріске енгізу туралы бастамасын толық қолдаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Наверх