"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның 17 облысында 20 қарашада дауылды ескерту жариялады.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман түседі деп күтіледі. Атырауда да 20 қарашада кей уақыттарда тұман болатыны болжанады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Қостанайда да 20 қарашада тұман болатыны болжанады.
Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 20 қарашада түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттардағы екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Таразда 20 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертеңгі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с қамтиды.
Түнде және таңертең Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады, тұман түседі деп күтіледі. Жезқазғанда да 20 қарашада түнде және таңертең аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады, тұман түседі деп күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда 20 қарашада оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, кей уақыттардағы екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Қарағанды облысының батысында, шығысында, солтүстігінде аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болатыны болжанады. Қарағандыда 20 қарашада түнде аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі.
Астанада 20 қарашада түнде аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады деп күтіледі. Кей уақыттарда тұман болатыны болжанады.
Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Шымкентте 20 қарашада түнде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Оралда да 20 қарашада түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі. Петропавлда 20 қарашада түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Абай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, ал облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Өскеменде де 20 қарашада түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 20 қарашада кей уақыттарда тұман түседі деп күтіледі.
Павлодар облысының батысында, шығысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Павлодарда да 20 қарашада тұман болатыны болжанады.