Конституцияда еліміздің мақсат-мұраты мен болашақтағы бейнесі айқын көрініс тапты – Тоқаев

19 Қараша 2026, 13:06
АВТОР
 Ақорда 19 Қараша 2026, 13:06
19 Қараша 2026, 13:06
98
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумында сөз сөйледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

«Енді алдымызда тұрған мақсат – шын мәнінде айбынды. Біз баршаға бірдей мүмкіндік беретін, адал еңбек пен айрықша жауапкершілік қасиеттерін жоғары бағалайтын Әділетті Қазақстанды құруға кірістік. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысын қолға алдық, соның арқасында азаматтарымыздың бойында жаңа этика мен мүлде жаңа сипаттағы бітім-болмыс қалыптаса бастады. Біз жасампаз әрі жаңашыл ұлт ретінде түбегейлі жаңғыру жолына бет бұрдық. Реформаларымыздың ең басты бөлігі, бұл – Конституцияның қабылдануы. Азаматтарымыз жалпыұлттық референдумға белсенді қатысып, өз таңдауын жасады. Қазақстанның жаңа Конституциясы заңды күшіне енді. Конституцияда еліміздің мақсат-мұраты мен болашақтағы бейнесі айқын көрініс тапты. Қазақстанның Егемендігі мен Тәуелсіздігі, жеріміздің тұтастығы, азаматтарымыздың заңды құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің қастерлі құндылығы деп танылды. Қоғамда Заң мен Тәртіпті орнықтыру, жалпыұлттық бірлікті бекемдеу, халықтың әл-ауқатын арттыру бұлжымас қағидат ретінде бекітілді. Адам капиталын, білім мен ғылымды, инновацияны дамыту стратегиялық міндет деп белгіленді», - деді Мемлекет басшысы. 

Айта кетейік, бұған дейін Президент қазіргі бұлыңғыр заманда ғалымдардың халықаралық шиеленістердің азаюына қосатын үлесі өте маңызды екенін айтты. 

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым – барша адамзатқа ортақ игілік екеніне тоқталды. 

Наверх