Қазақстан туризмді дамыту индексінде 110 елдің арасында 56-орынға жайғасты

19 Қараша 2026, 12:05
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/ЖИ 19 Қараша 2026, 12:05
19 Қараша 2026, 12:05
155
Фото: ©BAQ.KZ архиві/ЖИ

Дүниежүзілік экономикалық форумның қыркүйек айында жарияланған Саяхат және туризмді дамыту индексінің қорытындысы бойынша Қазақстан 110 елдің ішінде 56-орынға тұрақтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Рейтинг туризмді дамытуға қолайлы жағдайларды сипаттайтын бес негізгі бағытты қамтиды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Орталық коммуникациялар қызметінде айтты.

Оның сөзінше, Қазақстан туризмді дамыту индексінде 110 елдің арасында 56-орынға жайғасты.

Қазақстан Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстан сияқты бірқатар мемлекеттен озып тұр. Сонымен қатар рейтинг нәтижелері әлі де қандай мәселелер бойынша жұмыс істеу қажеттігін көрсетті. Олардың қатарында экологиялық тұрақтылық, құрлықтағы инфрақұрылым, туристік сұраныстың тұрақтылығы және мемлекеттік саясаттағы туризмнің басымдығын арттыру бар. Бұл бағыттар алдағы жұмыста ескеріледі, – деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастағаны хабарланды. 

Наверх