Ақтөбеде студент қыз оқу ақысына жинаған 10 млн теңгеге жуық ақшасынан айырылды

19 Қараша 2026, 17:49
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 19 Қараша 2026, 17:49
19 Қараша 2026, 17:49
191
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Ақтөбеде жоғары оқу орындарының бірінде білім алатын екінші курс студенті интернет-алаяқтардың құрбаны болып, қомақты қаржысынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қыздың WhatsApp мессенджеріне белгісіз адам қоңырау шалып, өзін ұялы байланыс операторының қызметкері ретінде таныстырған. Ол SIM-картаның қызмет ету мерзімін ұзарту сылтауымен студенттің сеніміне кірген. Арада біраз уақыт өткен соң оған тағы бір белгісіз адам хабарласып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырған.

Ол белгісіз біреулер студенттің атына несие рәсімдеуге әрекет жасап жатқанын айтып, ақшасын қорғау үшін оны «қауіпсіз шотқа» аудару қажеттігін жеткізген.

Алаяқтардың сөзіне сенген студент оқу ақысын төлеу үшін депозитке жинаған қаражатын шешіп алып, қаскөйлер көрсеткен шотқа 10 миллион теңгеге жуық ақша аударған. Тек ақшаны аударғаннан кейін ғана қыз алаяқтардың құрбаны болғанын түсінген, - деп жауап жолдады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі BAQ.KZ сауалына. 

Полиция интернет-алаяқтықтан сақ болуға шақырады

Алаяқтар SIM-картаның қызмет ету мерзімін ұзарту, сіздің атыңызға несие рәсімделіп жатқаны туралы жалған ақпарат тарату және ақшаны «қауіпсіз шотқа» аудару сияқты түрлі тәсілдерді қолданады. Есте сақтаңыз, банк пен ұялы байланыс операторларының қызметкерлері ешқашан ақшаны «қауіпсіз шотқа» аударуды талап етпейді. Өзін банк қызметкері, полиция немесе басқа мекеме өкілі ретінде таныстырған белгісіз адамдардың нұсқауымен ешқандай қаржылық операция жасамаңыз, - дейді полиция өкілдері. 

Құқық қорғаушылар азаматтарды қырағы болуға, алаяқтардың психологиялық қысымына берілмеуге шақырады.

Айта кетейік, бұған дейін жалған тұлғалардың атына автонесие рәсімдеп, көліктерді шетелге сатқан 48 күдікті анықталды.

Тағы оқи отырыңыз: 

«Сотта тамыр-танысым бар»: Астанада пара беремін деп алаяққа алданған азаматтың ісі қаралды

Астанада той жасамақ болған 10 адам алаяққа алданып қалды

Әлемді дүрліктірген ақырзаман: Банктерде ақша жоғалып, интернет өше ме? 

 

Наверх