- Мұқаба
- Жаңалықтар
- 2027 жылдан бастап жұмыссыздарға төленетін жәрдемақы мөлшері өседі
2027 жылдан бастап жұмыссыздарға төленетін жәрдемақы мөлшері өседі
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін әлеуметтік төлемге қатысты Әлеуметтік кодекстегі негізгі өзгерістер 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
-
Айым Серікбайқызы
BAQ.KZ ақпарат агенттігінің аға шығарушы редакторы
19 Қараша 2026, 13:58
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем ең көбі үш айға тағайындалады, ал оның ең жоғары мөлшері айына 346,5 мың теңгеге дейін өседі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төлемді алу үшін не істеу керектігін түсіндірді.
Министрліктің мәліметінше, Әлеуметтік кодекске енгізілген өзгерістер азаматтардың тұрақты жұмысты тезірек табуына көмектесуі тиіс.
Бірінші қадам. Мансап орталығы
Егер жұмысыңыздан айырылсаңыз, жұмысқа орналасуға көмек алу үшін алдымен мансап орталығына жүгініңіз.
2026 жылғы 1 қазаннан бастап «жұмыс іздеп жүрген адам» мәртебесінде болу мерзімі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылды. Осы уақыт ішінде мансап орталығының мамандары кәсіби тәжірибеңіз бен дағдыларыңызды жан-жақты зерделейді. Содан кейін өзіңізге лайықты бос жұмыс орындарын іріктеп, жұмыс берушілермен сұхбаттасуды ұйымдастырады.
Екінші қадам. Жұмыссыз мәртебесі
Егер 13 күн ішінде лайықты жұмыс табылмаса, сізге ресми түрде жұмыссыз мәртебесі беріледі.
Мансап орталығы сізге лайықты бос жұмыс орындарын іздеуді жалғастырады. Қажет болса, мамандар кәсіптік оқыту орталығында қысқа мерзімді оқудан өтуді ұсынады.
Үшінші қадам. Төлем алуға өтініш беру
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін әлеуметтік төлемге қатысты Әлеуметтік кодекстегі негізгі өзгерістер 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл өзгерістердің мақсаты – азаматтарға тезірек тұрақты жұмыс табуға көмектесу.
Әлеуметтік төлемді алудың негізгі кезеңдеріне тоқталып өтсек.
Бірінші қадам – мансап орталығына жүгіну және бос жұмыс орындарын іріктеу
Егер жұмысыңыздан айырылсаңыз, жұмысқа орналасуға көмек алу үшін алдымен мансап орталығына жүгініңіз.
2026 жылғы 1 қазаннан бастап «жұмыс іздеп жүрген адам» мәртебесінде болу мерзімі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылды. Осы уақыт ішінде мансап орталығының мамандары кәсіби тәжірибеңіз бен дағдыларыңызды жан-жақты зерделейді. Содан кейін өзіңізге лайықты бос жұмыс орындарын іріктеп, жұмыс берушілермен сұхбаттасуды ұйымдастырады.
Екінші қадам – жұмыссыз мәртебесін алу
Егер 13 күн ішінде лайықты жұмыс табылмаса, сізге ресми түрде жұмыссыз мәртебесі беріледі.
Мансап орталығы сізге лайықты бос жұмыс орындарын іздеуді жалғастырады. Қажет болса, мамандар кәсіптік оқыту орталығында қысқа мерзімді оқудан өтуді ұсынады.
Үшінші қадам – әлеуметтік төлемге өтініш беру
Жұмыссыз мәртебесін алғаннан кейін әлеуметтік төлем тағайындауға өзіңізге ыңғайлы тәсілмен өтініш бере аласыз.
Өтінішті eGov.kz порталы, Электрондық еңбек биржасы (Enbek.kz) немесе екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы беруге болады.
Ұялы телефоныңызға келген SMS-хабарлама арқылы проактивті қызметті де пайдалана аласыз. Бұдан бөлек, мансап орталығына немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне барып, өтініш бере аласыз.
Әлеуметтік төлем алуыңызға қарамастан, мансап орталығы сізге лайықты жұмыс іздеуді жалғастыра беретінін ұмытпаңыз.
Төртінші қадам. Жәрдемақы қанша төленеді және қанша уақыт төленеді?
2027 жылдан бастап әлеуметтік төлем белсенді түрде жұмыс іздеу кезеңіне тағайындалады. Төлем алу мерзімі әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліңізге байланысты және 3 айдан аспайды.
Төлем мөлшері соңғы екі жылдағы орташа айлық табысыңыздың 45 пайызын құрайды. Есепке алынатын орташа айлық табыстың шекті мөлшері ең төменгі жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспайды.
Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін өседі. Әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері де автоматты түрде айына 346,5 мың теңгеге дейін ұлғаяды.

Төртінші қадам – төлемнің мерзімі мен мөлшерін есептеу

Маңызды ақпарат. Бұрынғыдай, бұл әлеуметтік төлемді міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар ғана алуға құқылы.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда жұмыспен қамтылғандар саны 9,4 миллионнан асқаны хабарланды.
Сондай-ақ, 2027 жылдан бастап жұмысынан айырылғандарға төлем беру мерзімі үш айға дейін қысқаратыны айтылды.
Ең оқылған:
- Қазақстан «жұмсақ күш» рейтингінде бес сатыға көтеріліп, Орталық Азияда бірінші орынға шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Игорь Красновты қабылдады
- Жөнделмеген жол үшін 45 млн теңге аударған: Прокуратура мен ҰҚК шенеуніктерді тексеріп жатыр
- Өзбекстанда сотталғандарға жоғары білім алуға мүмкіндік беріледі
- Қасым-Жомарт Тоқаев Латвия президентін ұлттық мерекемен құттықтады