«Инвестициядан мол табыс табасың»: Жамбылда 715 млн теңгенің заңсыз айналымына қатысы бар әйел ұсталды

71 жастағы тұрғын 8 млн теңгесінен айырылғанын айтып, полицияға жүгінген. Тергеу барысында күдіктінің өзге әрекеттері де әшкереленді.

19 Қараша 2026, 12:23
АВТОР
 видеодан алынған кадр 19 Қараша 2026, 12:23
19 Қараша 2026, 12:23
76
Фото: видеодан алынған кадр

Жамбыл облысында бірнеше азаматты алдап, миллиондаған теңгесін иемденді деген күдікке ілінген әйел ұсталды. Тергеу барысында оның әрекеттеріне қатысты 700 миллион теңгеден астам қаражаттың заңсыз айналымы белгілі болды.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, алғашқы арыз Шымкент қаласының 71 жастағы тұрғынынан түскен. Ол күдікті әйел бизнеске инвестиция салу арқылы мол табыс табуға уәде беріп, сеніміне кіргенін және 8 миллион теңгесін алғанын айтқан.

Кейін Жуалы аудандық полиция бөліміне тағы бірнеше азамат арызданған. Олардың мәліметінше, күдікті дәл жоғарыдай тәсілмен азаматтардың ақшасын иемденген. 

Сонымен қатар, тергеу барысында өзге тұлғаның атына жеке кәсіпкерлік тіркеліп, екінші дәрежелі банк қосымшасы арқылы жалпы сомасы 715,9 миллион теңгеден астам қаражаттың заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырылғаны белгілі болды, - деп хабарлады Жамбыл облысының Полиция департаменті. 

Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3 және 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Полиция қызметкерлері қазіргі уақытта күдіктінің әрекетінен зардап шеккен өзге азаматтарды анықтап жатыр.

Күдікті қамаққа алынды.

Баптың көрсетілген бөліктеріне сәйкес, күдіктіге келтірілген зиянның екі еселенген мөлшерінде айыппұл салу немесе 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе осындай мерзімге бас бостандығынан айыру, сондай-ақ 5 жылдан 10 жылға дейін бас  бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Еске салсақ, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында әйелі күйеуінен сиырын сатып жібергенін жасыру үшін полицияға жалған хабар бергенін жаздық.

Тағы оқи отырыңыз: ІІМ-нің арнайы тобы жұмылдырылды: Ақтөбеде кәсіпкерді өлтірді деген күдікті ұсталды 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ (@zhambyl_police)

Наверх