Астанада көлігімен тротуарда жүрген Changan жүргізушісіне айыппұл салынды

19 Қараша 2026, 15:34
АВТОР
 Астана қаласының ПД баспасөз қызметі 19 Қараша 2026, 15:34
19 Қараша 2026, 15:34
80
Фото: Астана қаласының ПД баспасөз қызметі

Астанада Changan маркалы автокөліктің жүргізушісі Аспандияров көшесінде жаяу жүргіншілерге арналған тротуармен жүрген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция қызметкерлері жүргізген тексеру барысында 38 жастағы жүргізуші анықталды.

Белгілі болғандай, ер адам қателесіп тротуарға шығып кеткенін түсінген соң, бірден кері шығып, қозғалысын жалғастырған.

Жол қозғалысы қағидаларын, атап айтқанда, тротуармен жүру талабын бұзғаны үшін жүргізуші әкімшілік жауаптылыққа тартылып, айыппұл салынды. Полиция жүргізушілерді жолда мұқият болуға, жол белгілері мен жол таңбаларының талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Тротуар – жаяу жүргіншілерге арналған аумақ. Олардың қауіпсіздігі мен еркін қозғалысына кедергі келтіруге жол берілмеуі тиіс, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, бұған дейін Таразда TikTok үшін көлікпен тротуарға шыққан 20 жастағы жүргізуші жазаланды. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Астанада оқушы қыз екі сыныптасына пышақпен шабуыл жасады

Теміртау маңында із-түзсіз жоғалған 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды

Қазақстанда 7 жасөспірім «жарылғыш заттар» туралы жалған қоңырау шалғаны үшін жазаланды

Наверх