Орал қаласындағы базар аумағында орналасқан супермаркеттердің бірінде ұрлық фактісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Ол Орал қаласының 44 жастағы тұрғыны болып шықты.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ер адам тауарлардың супермаркет сөрелерінде ашық қолжетімді жерде тұрғанын пайдаланған. Ол сусабындарды күртесінің қалтасына салып, біраз уақыт қажетті заттарды таңдап жүрген сыңай танытып, дүкен ішінде жүрген. Содан кейін еш күдік тудырмастан супермаркеттен шығып кеткен.
Алайда ер адам мұнымен тоқтамаған. Кейін дәл сол дүкенге қайта келіп, осы тәсілмен күртесінің оң және сол қалталарына салып, Merci шоколадын ұрлаған.
Күдіктінің аталған супермаркеттен барлығы 11 құты сусабын мен 14 қорап Merci шоколадын ұрлағаны анықталды. Бірнеше күн өткен соң ер адам базар аумағындағы тағы бір супермаркетке бас сұғып, күртесінің астына жасырып, 8 қорап Merci шоколадын алып шыққан. Ал бір-екі күннен кейін күдікті келесі супермаркетке кіріп, сауда сөрелерінде еркін қолжетімді тұрған 10 құты дезодорантты ұрлап кеткен. Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етуге жатпайды, - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі.
Осыған байланысты полиция қызметкерлері сауда нысандарын қауіпсіздік шараларын күшейтуге, бейнебақылау камераларын орнатуға, сондай-ақ тауарларды қараусыз қалдырмауға шақырады.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада мешітке кіріп, ұрлық жасаған күдікті ұсталды.
Тағы оқи отырыңыз:
Жеті жылқыны сойып, етін сатып жіберген: Жамбылда малды үйірімен айдап әкеткен күдікті ұсталды
Абай облысында ірі мал ұрлығының беті ашылды: 8 адам бас бостандығынан айырылды
Шілдеде босап шығып, қайта ұсталды: СҚО-да бейнекамералар күдіктіні анықтауға көмектесті