Все новости за 18 тамыз 2026
-
-
Қазақстан оқушылары робототехникадан халықаралық чемпионатта 23 жүлде иеленді
Чемпионатқа әлемнің 25 елі мен өңірінен 375 команда жиналды.
-
19 тамызға валюта бағамы
Ұлттық банктің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды.
-
Түркістан облысында 50 гектарлық жылыжай кешені іске қосылады
Былтыр 6,25 гектар аумаққа жоғары өнімді "Климон F1" қызанақ сортының көшеті отырғызылған болатын.
-
Аптап ыстық, жаңбыр, дауыл: 19 тамызда бірнеше өңірде ескерту жасалды
Ертең Астанада да таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.
-
Қостанай облысында 71 жастағы әйел төртінші қабаттан құлап, қаза тапты
Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді.
-
Ұлттық банк Конституцияға арналған коллекциялық монетаны айналымға шығарады
Монета 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына арналып отыр. Жаңа Ата заң 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне еніп, еліміздің конституциялық дамуындағы жаңа кезеңнің іргетасын қалады.
-
Астанада TikTok-та әдепсіз видео жариялаған шетелдікке айыппұл салынды
Шетелдік бойжеткен триумфалды арка маңындағы әдепсіз әрекеті үшін жазаланды.
-
ЖСДП Семей мен Қостанайда әлеуметтік қолдау мәселелерін талқылады
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттар Семей және Қостанай қалаларында әлеуметтік қорғау мәселелеріне арналған кездесулер өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Семейде кандидат Рүстем Сарманов қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арн
-
«Әйелге әлімжеттік жасау – адамдықтың ең төменгі шегі»: Димаш Құдайберген зорлық-зомбылықты қатаң айыптады
Әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық мәселесін көтеріп, отбасында күш көрсететін азаматтардың әрекетін қатаң сынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өнер иесі өз жазбасында әйелді ұрып-соғуды мақтан көретіндердің қылығын ашық түрде айыптап, мұндай әрекеттің
-
Филиппинде мектепте атыс болып, төрт адам қаза тапты
Күдікті жоғары сынып оқушысы.
-
Іздеуде жүрген күдікті Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды
ҚР Бас прокуратурасы қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының азаматын экстрадициялады.Тергеу барысында 2019 жылдың ақпанында, күдікті алдау жолымен Ақмола облысында орналасқан кен орнында құрамында алтыны бар кенді өндіруге арналған к
-
Қолдау нақты өндірушіге жетуі керек: «Ауыл» партиясы мал шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылады
Қолжетімді қаржыландыру, мемлекеттік қолдаудың уақтылы көрсетілуі және шаруашылық жүргізудің түсінікті әрі тұрақты шарттары – Ақмола облысы Сандықтау ауданы Приозёрное ауылындағы «Агро LAKE» ЖШС ұжымымен кездесуде көтерілген негізгі мәселелердің бірі болды. Кәсіпорын еңбеккерлерімен Құрылтай депутат
-
Қайтарылған активтердің 610 млрд теңгеден астамы Қазақстан өңірлерін дамытуға бағытталған
617,7 млрд теңгеге 500-ден астам жобаны қаржыландыру мақұлданды.
-
Оралда есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында IV Спартакиада басталды
Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында республикалық IV Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
-
«Менде осындай сынақ болып тұр»: Данияр Елеусінов ішімдікке салынғанын мойындады
Данияр Елеусінов өміріндегі күрделі кезең туралы айтты.
-
Қазақстан балабақшаларында кезек 7 есеге жуық қысқарды
360 мың бала мектепалды дайындықтан өтті.
-
Тараздан Маңғыстауға дейін: «Байтақ» партиясының сайлауалды науқаны қалай өтіп жатыр
«Байтақ» жасылдар партиясы Қазақстан өңірлеріндегі сайлауалды науқанын жалғастырып жатыр. Партия өкілдері Жамбыл, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында кездесулер өткізіп, экологиялық мәселелерді, қоршаған ортаны қорғау және сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бір дана «Барни» жегені үшін күйеуімен жанжалдасып қалған әйел суицид жасады: Тергеу басталды
Меркідегі 19 жастағы әйелдің өлімі әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Полиция қылмыстық іс қозғап, асығыс қорытынды жасамауға шақырды.
-
Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысы тікелей эфирде көрсетіледі
Келесі сот отырысы 20 тамызда өтеді.
-
Баға тұрақсыз, кадр тапшы: Respublica Петропавлда өндіріс пен бизнестің мәселелерін көтерді
Respublica партиясының республикалық сайлауалды штабы Петропавлда өндіріс пен бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Штаб мүшелері Alageum Electric құрамындағы «Петропавл электротехникалық зауыты» ЖШС мен NQDC компаниясы жүзеге асырып жатқан «Фантази
-
ТМД байқаушылары үгіт-насихат науқанының тыныш әрі ұйымшыл түрде өткенін атап өтті
Үгіт-насихат жүргізуге жасалған жағдайларға ерекше назар аударылды.
-
Прокурор Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты айыптау актісін жариялады
МИБ (ОСИ – авт.) төрағасы ғимарат қасбетінің техникалық жағдайын тиісті деңгейде бақыламаған деп айыпталып отыр
-
Қазақстан Халық партиясы тарихи мұраны сақтауға қатысты бастамаларын таныстырды
Қазақстан Халық партиясының төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов Алматыға жасаған жұмыс сапары аясында шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерімен жүздесті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Кездесу Дінмұхамед Қонаев атындағы Халықаралық қордың ғимаратында өтті. Басқосуға қоғам және мәдениет қайраткерлері,
-
Бажкенова қаражат жымқыру, заңсыз кәсіпкерлік пен жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танылды
Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
-
Меркі, Арал, Қарқаралы: Жол бойындағы алғашқы заманауи қонақүйлер қалай жұмыс істейді?
Ел жолдарындағы заманауи инфрақұрылым: 60 жаңа нысан қалай салынады?
-
Марқұм Ұлдана Мырзуанның анасы экс-күйеу баласы жайлы айтты
Ол Әділет Зейнелдің жәбірленуші мәртебесінен бас тарту туралы шешімінен хабарсыз.
-
Әділет Зейнел жәбірленуші мәртебесінен бас тартады – адвокат
Келесі сот отырыстарына ол қатысқысы келмейді.
-
Лицензия, қаржыландыру және инвестиция: «Ақ жолда» жекеменшік медицинаның мәселелері талқыланды
Қазақстанда лицензиясы бар 16 мыңға жуық жекеменшік клиника жұмыс істейді. Салаға салынған инвестиция көлемі шамамен 2,5 трлн теңгеге жеткен.
-
Басынан қан кетіп, есінен танып қалған: Шымкентте полицейлер ауыр жарақат алған балаға көмек көрсетті
Полиция қызметкерлері жарақаттанған баланы қалалық балалар ауруханасына жедел жеткізді.
-
Ертеңгі басты сайлауалды дебатты ОСК бақылайды
ОСК өкілдері дебат барысында заң талаптарының сақталуын, барлық рәсімнің регламентке сәйкес өтуін қадағалайды.
-
«Түлектерге уақыт берілуі керек»: Саясат Нұрбек грантты өтеу туралы айтты
Жас түлектерге грантты өтеуге қосымша уақыт беріле ме? Министр жауап берді
-
ОСК: Бүгіннен бастап сайлауға қатысты сауалнама нәтижелерін жариялауға тыйым салынады
Ләззат Сүйіндік мұндай шектеудің халықаралық тәжірибеде де бар екенін атап өтті.
-
Бақытжан Базарбектің қатысуымен болған жол апаты: Зардап шеккен ер адамның отбасы мәлімдеме жасады
Зардап шеккен Нұржігіттің жағдайында оң өзгерістер бар.
-
Қытайдан – 21, АҚШ-тан – 19: Құрылтай сайлауын бақылауға қай елден көп байқаушы келеді?
Халықаралық ұйымдардан да байқаушылар қатысады.
-
ОСК Құрылтай сайлауында қалай дауыс беру керек екенін түсіндірді
ОСК мүшесі әрбір сайлаушы дауысын өзі беретінін айтты. Басқа адам үшін дауыс беруге немесе өз дауысын басқа біреуге беруге жол берілмейді.
-
«Бір күнде бақылаушы бола аласыз». Алматыдағы барлық сайлау учаскесін бақылаушылар қамтымақ
Алматыда бақылаушыларды дайындау жұмысы әлі де жүріп жатыр.
-
Отандық тауарлардың сыртқы нарықтағы орны нығайып келеді: Түркияға экспорт екі есе өсті
Қазақстан экспорты қарқын алды. Жарты жылда экспорт көлемі $40 млрд-тан асып, Түркияға экспорт екі есеге жуық өсті. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Экспорт импортқа қарағанда қалай өсті?
2026 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша Қазақст
-
Ұлдана Мырзуан ісі: Адвокат іске қатысты пікір білдірді
Адвокат жәбірленуші тараптың сотқа дейінгі тергеу нәтижесіне көңілі толатынын атап өтті.
-
ОСК сайлау учаскелеріндегі кемшіліктерді жоюға 23 тамызға дейін уақыт берді
Сайлау учаскелердің талапқа сай жабдықталуын жеке бақылауға алу тапсырылды.
-
Бүгін Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысы басталады
Қайғылы оқиға 2025 жылғы қарашада Астанадағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбеті опырылған кезде болған. Қасбеттегі кірпіш пен кондиционердің ілгіші төменге құлап, бес адам жарақат алған.
-
Алматыда 8 жаңа мектеп ашылып, білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізіледі
Алматыда 1 қыркүйекке дейін 8 жаңа мектеп ашылып, жұмыс істеп тұрған білім беру нысандарындағы жөндеу жұмысы толық аяқталады.
Алматы мектептерінде қандай өзгерістер болады?
133 мың бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп, отбасыларға балаларын оқу жылына даярлауға көмек көрсетіледі.
Қала ме
-
Қазақстанда 242 мың баладан профилактикалық тексеруден кейін аурулар анықталды
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 2,3 миллион бала профилактикалық тексеруден өткен.
-
Тоқаев ТЖМ басшысына Қазақстан өңірлерінде өрт қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды
Соңғы екі жылда ТЖМ бөлімшелері мыңнан астам техникамен толыққан. Енді Президент құтқару жүйесіне қатысты нақты міндеттер қойды.
-
Құрылтай депутаты нақты не істей алады: Өкілеттігі мен мүмкіндігіне шолу
Құрылтайға өткен бір депутаттың нақты қолынан не келеді? Министрді қызметінен кетіре ала ма? Мектеп немесе жол салуға ықпал ете ме? Үкіметтен не талап ете алады? Толығырақ ақпараттан оқи аласыз.
-
Қазақстанда 400 мыңнан астам бала материалдық және әлеуметтік көмекпен қамтылады
Мемлекеттік қолдауға мұқтаж барлық отбасыларға материалдық және әлеуметтік көмек көрсетіледі.
-
Ақтауда есірткіге масаң күйде көлік жүргізгендер ұсталды: Пәтерден 100 грамнан астам апиын табылды
Екі азаматтың есірткіге масаң күйде болғаны анықталды. Көліктерінен ақша, ал жалдамалы пәтерден есірткі мен өзге де заттар тәркіленді.
-
Колумбиядағы жойқын жер сілкінісі: Шығын шамамен 10 миллиард долларға бағаланды
Болжам апаттың салдары бағаланған сайын өзгеруі мүмкін.
-
Мұғалімдерден артық есеп талап етуге болмайды – министрлік
Мұғалімдер кәсіби қызметіне қатысы жоқ өзге мәліметтерді енгізуге міндетті емес.
-
Қазақстандық қатерлі ісікке қарсы дәрінің сынағы жыл соңына дейін аяқталуы мүмкін
Министрдің айтуынша, қазір препарат клиникалық орталық базасында сынақтың екінші кезеңінен өтуде.
-
Әлемнің 80 елінен 5,5 мың қатысушы келеді: Астанада Еуразияның басты қаржы форумы өтеді
«Astana Finance Days 2026»: Астанада қаржы форумы өтеді.
-
Жасанды интеллект неге жоғары білімді алмастыра алмайды – Саясат Нұрбек түсіндірді
Жоғары білім адамның ойлау жүйесін қалыптастырады.
-
ЖОО-ларда оқу мерзімі қысқарады – Саясат Нұрбек
Министр қазірдің өзінде кейбір мамандықтар бойынша оқу мерзімі қысқартылғанын айтты.
-
Қазақстан туристер үшін ең қауіпсіз елдердің қатарына енді
Жапония, Канада, Швейцария және Австралия Қазақстанмен бір санатта.
-
Жұмыс, білім, медицина: «Әділет» кандидаттары Қостанай халқына қандай ұсыныс айтты?
Штаб өкілдері «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, кездесу қатысушыларының сұрақтарына жауап берді.
-
Оқушылар сабақ кезінде телефондарын қайда қояды? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді
Мобильді телефондарды сақтау тәртібін әр мектеп өз бетінше белгілейді.
-
Оқу-ағарту министрлігі Қазақстан мектептерінде БЖБ мен ТЖБ қалай өзгеретінін түсіндірді
Оқу-ағарту министрлігі жаңа модель оқушыларға түсетін жүктемені азайтуы тиіс екенін мәлімдеді.
-
«Барыс» орденін алған Тұрсын Жұртбай: «Бұл марапат – ұлт руханияты жолындағы еңбегіме берілген баға»
Ұлт руханиятына сіңірген еңбегі үшін марапатталған ғалым тарихи сана, Абай мұрасы және Алтын Орданың қазақ тарихындағы орны туралы айтты.
-
Қазақстанда оқушыларға үзіліс кезінде телефон қолдануға рұқсат етіледі
Мобильді телефондарды пайдалануға шектеу тек оқу процесі кезінде қолданылады.
-
Бектенов жыл соңына дейін барлық мектептің камерасын ІІМ орталықтарына қосуды тапсырды
Үкімет басшысы тиісті тапсырманы әкімдіктерге Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп орындауды жүктеді.
-
«Жеке бақылауға алыңдар»: Бектенов өңірлердегі мектеп жөндеу қарқынын сынға алды
Премьер-министр 1 қыркүйекке дейін еліміздегі 106 мектепте күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау қажет екенін айтты.
-
«Талаптар қатаң сақталуы тиіс»: Қазақстандағы мектеп асханалары тексерілді
Қазақстанда жаңа оқу жылына мектептердің дайындығын мониторингтеу қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою жөнінде 8,4 мың нұсқама берілді. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрдің айтуынша, маусым айында
-
Халықаралық олимпиададан жүлде алған оқушыларға қанша ақша беріледі?
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қазақстан құрамасының бірқатар халықаралық жарыста жоғары нәтиже көрсеткенін айтты.
-
Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірі анықталды
Басты дебат ертең, 18 тамызда сағат 20:00-де өтеді.
-
Алматыда студенттерге 5 мыңнан астам жатақхана орны жетіспейді
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2024 жылдан бастап жатақханадан орын беру қызметі проактивті форматқа көшірілгенін айтты.
-
Мәдениет ұсақ-түйектен басталады: Қоғам қайраткерлері әдеп туралы пікір білдірді
Соңғы уақытта жастар тәрбиесі, үлкендерді құрметтеу, дәстүрлерді сақтау және қоғамдық тәртіп мәселелеріне қатысты қоғамда сұраныс күшейген.
-
БЖБ мен ТЖБ болмайды: Мектептердегі бағалау жүйесі өзгереді
Сондай-ақ, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 5-7-сынып оқушылары үшін «Конституция негіздері» пәні енгізілетінін айтты.
-
Алматыда ескі автокөліктерді жаңасына ауыстыру бағдарламасы енгізілуі мүмкін
Бастама әзірге дайындық кезеңінде.
-
Қылмыс жасалмай тұрып анықталады: Қазақстанда жаңа жүйе іске қосылды
Құқық қорғау органдары қауіп-қатерді алдын ала болжауға көшті. Бұл тәсілдің алғашқы нәтижелері қылмыс деңгейінің төмендегенін көрсетті.
-
Бірінші Құрылтайға кімдер барады? 545 кандидаттың портреті
Құрылтайдың 145 мандатына жеті партиядан 545 кандидат таласады. Олардың орташа жасы – 45,4 жас, 172-сі әйел, 74-і 35 жасқа дейінгі азамат.
-
Астанада 22-қабаттан құлаған қыз қаза тапты: Полиция тергеу бастады
Астанадағы тұрғын үйдің 22-қабатында қайғылы жағдай болды. Қыз алған жарақатынан көз жұмды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
-
Биыл Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері бойынша 7 жоба іске қосылды
Энергетика министрлігінің мәліметінше, биыл жалпы қуаты 245 МВт болатын 10 ЖЭК нысанын іске қосу жоспарланған.
-
Қазақстанда жаңа өнім астығының түсімі төрт есеге жуық артты
Орташа өнімділік гектарына 14,6 центнерді құрады.
-
Қазақстан құрамасы халықаралық география олимпиадасында екінші орын алды
Байқауға 50 елден 184 оқушы қатысты.
-
Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Синоптиктер мұндай кезде ашық ауада ұзақ серуендеуден бас тартуға кеңес береді.
-
Трамптың рейтингі 33%-ға дейін төмендеді
Сауалнамаға қатысқандардың 64%-ы Трамптың жұмысына көңілі толмайтынын айтқан.
-
Үй жануарын тастап кеткендер жауапқа тартылады: 24 тамыздан бастап қазақстандықтар үшін не өзгереді?
Қазақстанда үй жануарларын асырайтын азаматтарға қойылатын талаптар күшейтіледі. Егер адам жануарынан бас тартуды шешсе, оны жай ғана көшеге тастап кете алмайды. Үй жануарын панажайға, уақытша ұстау пунктіне тапсыруы немесе оған жаңа иесін табуы керек. Алайда жануарлар құқығын қорғаушылар қазірдің ө
-
Астанада такси жүргізушісін балағаттаған ер адам 10 тәулікке қамалды
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
-
Қазақстанда бір тәулікте 12 орман өрті тіркелді
Мамандар өрт қауіпті кезеңде табиғат аясында демалған кезде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
-
Нетаньяху мен Бейбітшілік кеңесі Газа бойынша екі жұмыс тобын құрады
Израиль тарапы Газа секторын қалпына келтірудің алғашқы қадамы ХАМАС-тың қаруын халықаралық тұрақтандыру күштеріне жою үшін тапсыруы болуы керек деп санайды.
-
Алимент қарызы 3,2 млн теңге: Жамбыл облысында сот ЖСО шешімін заңсыз деп таныды
Сот алимент алу құқығы ата-анаға емес, тікелей балаға тиесілі екенін атап өтті.
-
Грекияда жеке тікұшақ апатқа ұшырап, үш адам қаза тапты
Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз.
-
Жаңбыр, найзағай, бұршақ: 15 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Мамандар тұрғындарға дауылды ескерту кезінде сақтық шараларын сақтап, қатты жел, найзағай және өрт қаупі кезінде қауіпсіздік талаптарын орындауға кеңес береді.
-
Қашықтан жұмыс істейтіндер үшін әлемдегі ең үздік 10 қала анықталды
Жапония рейтингте ерекше нәтиже көрсетіп, Токио, Осака және Нагоя қалаларын алғашқы ондыққа енгізді.
-
Абай облысында үш учаскедегі өртті сөндіру жалғасып жатыр
Өрттің одан әрі таралуына жол бермеу шаралары қабылданып жатыр.
-
Ормуз бұғазы үшін тартыс: Трамп Оманға қоқан-лоққы жасады
Оман мен Иран қазіргі уақытта Ормуз бұғазындағы коммерциялық кеме қатынасын қалпына келтіру жолдарын талқылап жатыр.
Наверх