ҚР Бас прокуратурасы қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының азаматын экстрадициялады.
Тергеу барысында 2019 жылдың ақпанында, күдікті алдау жолымен Ақмола облысында орналасқан кен орнында құрамында алтыны бар кенді өндіруге арналған келісімшарт жасасуға жәрдем көрсету сылтауымен үш азаматтың 500 мың АҚШ доллары мөлшеріндегі ақшалай қаражатын иемденгені анықталды.
Сонымен қатар, 2021 жылы ол екі кәсіпкерді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-мен жол-құрылыс жұмыстарымен байланысты келісімшарт жасасуға жәрдем көрсету сылтауымен оған 93,4 млн теңге беруге көндірген.
Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейін күдікті жасырынған және осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.
Өткен жылдың қыркүйек айында ол Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды, - деп хабарлады Бас прокуратураның өкілі Ерлан Жанпейсов.
Тағылған айыптар үшін мүлікті тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру не онсыз жазасы көзделген.