Астанада 22-қабаттан құлаған қыз қаза тапты: Полиция тергеу бастады

Астанадағы тұрғын үйдің 22-қабатында қайғылы жағдай болды. Қыз алған жарақатынан көз жұмды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

18 Тамыз 2026, 09:14
АВТОР
 видеодан алынған кадр 18 Тамыз 2026, 09:14
18 Тамыз 2026, 09:14
150
Фото: видеодан алынған кадр

Астанада Роза Бағланова көшесіндегі тұрғын үйдің 22-қабатынан құлаған қыз көз жұмды. Қайғылы оқиғаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға 17 тамыз күні кешкі уақытта болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен секіріп кеткен.

Құлаған кезде алған ауыр жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында қайтыс болды.

Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша суицид дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу барысы мен оқиғаның нақты себептері қосымша анықталатын болады, - деп хабарлады Астана қаласының ПД.

Наверх