Все новости за 13 тамыз 2026
-
-
Алматыда мас күйінде көлік жүргізген жүргізуші ұсталды
Жүргізушіге қатысты әкімшілік материал толтырылды.
-
Ел аумағында бір тәулікте 8 орман өрті тіркелді
Қазіргі уақытта өрт ошақтарын оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
-
Санитариялық талаптар бұзылған: Қостанайдағы балалар орталығының жұмысы тоқтатылды
Іс материалдарын қарау нәтижесінде сот орталықтың қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады.
-
Нұрлыбек Нәлібаев Жетісудағы ірі жобалардың іске асырылу барысын тексерді
Өңірде биыл 11,5 мыңға жуық жұмыс орны құрылды.
-
Степногорскіде автобустан өрт шықты: 10 адам эвакуацияланды
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
-
Жыл басынан бері ҚТЖ паркі 146 жаңа локомотивпен толықты
Локомотивтерді жаңарту пойыздар қозғалысы мен маневрлік жұмыстардың сенімділігі мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ локомотив деполарының техникалық жарақтандырылуын жақсартуға мүмкіндік береді.
-
Оңтүстік Корея Google мен Apple компанияларын телекоммуникация заңнамасын бұзды деп айыптады
Оңтүстік Кореяның Бұқаралық ақпарат құралдары мен коммуникациялар жөніндегі комиссиясы Google және Apple компанияларын елдің телекоммуникация заңнамасын бұзды деп таныды. Бұл туралы Yonhap агенттігі хабарлады.
Мұндай шешім тексеру қорытындысы бойынша қабылданды. Зерттеу барысында реттеуші орган аме
-
ЖСДП Бұланды ауданының тұрғындарымен әлеуметтік мәселелерді талқылады
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Макинск қаласындағы аудандық кітапханада Бұланды ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Кездесуге Ілияс Жанғали мен Ару Алшынбай қатысты. Олар ЖСДП-ның «Прогресс жолындағы 20 белес» атты сайлауал
-
Қазақстандықтар қыркүйек айында қанша күн демалады?
2026 жылдың қыркүйек айында қосымша демалыс күндері болмайды. Қазақстанда бұл ай әдеттегі жұмыс кестесімен өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
5 күндік жұмыс аптасында ел тұрғындары сегіз күн демалады
1 қыркүйек сейсенбіден басталады. Бұл айда 8 демалыс күні болады – 4 сенбі күні және 4 жексенбі күні.
-
Астанада екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті
Бала масадан қорғайтын торға сүйеніп тұрып, бесінші қабаттың терезесінен құлаған.
-
Жаңа Конституция: Саяси жүйеде қандай өзгерістер болып жатыр?
Сарапшы жаңа Конституциядағы адами капиталға басымдық, партиялық жүйедегі өзгерістер және Құрылтайдың рөлі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жаңа Конституция күшіне енгеніне бір айдан асты. Осы кезеңде елдің саяси және қоғамдық өмірінде бірқатар өзгеріс байқала бастады. Та
-
Әлеуметтік әділеттілік пен тең мүмкіндік: Астанада «Әлеуметтік Қазақстан» форум-конгресі өтті
ҚХП әлеуметтік әділеттілік, еңбек, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау мен тең мүмкіндік мәселелерін талқылады.
-
155 спортшы Қазақстан намысын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қорғайды
Қазақстанның ұлттық құрамасы жасақталды. Енді спортшыларды Қырғызстандағы маңызды бәсеке күтіп тұр. Құрама қандай нәтижеге қол жеткізбек?
-
Ұлттық қолөнер – ұрпақтар сабақтастығы: Астанада ауқымды жоба мәресіне жетті
Астанада «Ұлттық қолөнер мектебі» жобасы қорытындыланды.
-
Тоқаев БҚО әкіміне тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуды тапсырды
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті тыңдады.Нариман Төреғалиев өңірлік жалпы өнім көлемі үш жылда 13,6 пайызға ұлғайып, 2026 жылдың
-
Жастардың 40%-дан астамы Instagram желісін қолданады
Елімізде жастардың 40%-дан астамы Instagram-ды жиі пайдаланады, сондай-ақ олардың басым бөлігі отандық бейнеконтентті қарағанды жөн көрсетеді. Бұл туралы «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының Әлеуметтанулық зерттеулер және болжамдау басқармасының басшысы Сабина Шаймерденова «Жастар, отбасы және Қазақс
-
Президент 23 тамызда өтетін сайлауға дайындық барысын пысықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады
-
Бизнеске берілген несиелер 17,1%-ға өсті: Тоқаев Ұлттық банктің есебін тыңдады
Президент Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады.
-
Қазақстандық жастардың 72%-дан астамы отбасын құрғысы келеді – зерттеу
ЮНФПА жүргізген жаһандық зерттеу Қазақстандағы жас буынның 72%-дан астамы некеге тұруды қалайтынын көрсеткен.
-
Үкімет экономикалық өсімді арттырудың негізгі міндеттерін белгіледі
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында 2026 жылғы жеті айдағы экономикалық дамудың қорытындысы мен қаңтар–тамызға арналған жоспар қаралды.
Тау-кен өндіру саласына, атап айтқанда, м
-
Дауыс беруге екі апта қалды: Қазақстандағы сайлауалды науқан қалай өтіп жатыр
Құрылтай сайлауы санаулы күндер ғана қалды. Сайлауға қатысатын партиялар өңірлердегі жұмысын күшейтіп, пікірсайысқа шықты.
-
Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа бағыты
Қазақстан тәуелсіздіктің жаңа кезеңіне қадам басып, елдің болашақ даму бағытын айқындайтын жаңа Конституцияны қабылдады. Негізгі заңда қоғам мен мемлекеттің алдағы дамуына қажет маңызды бағыттар белгіленген. Оның ішінде адам әлеуетін арттыру, ел бірлігін сақтау, ғылым мен технологияны дамыту, мәдени
-
Нұрай Серікбай ісі бойынша сот үкімі шықты
Айыпталушы Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
-
Алматының шарықтау дәуірі: 2026 жылы қала қалай әлем назарын аударды
Алматы халықаралық туристік кеңістікте барған сайын кеңінен таныла бастады. Әлемдік медиа қала туралы жазып, шетелдік телеарналар жобаларын түсіріп, ірі фестивальдер мен әлемге танымал артистердің өнер көрсетуі ондаған мың көрерменді жинап жатыр. Бұл туралы қалалық Туризм басқармасының өкілдері айтт
-
+44°С ыстық: Синоптиктер Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады
Синоптиктер Қазақстанның бірнеше өңірінде 14 тамызға дауылды ескерту жариялады.
Бірқатар облыста ауа температурасы 40-44 градусқа дейін көтеріледі, ал кейбір аудандарда төтенше өрт қаупі сақталады.
Қай өғңрде ең ыстық ауа райы сақталады?
Синоптиктердің болжамынша, 40-41°C-қа дейінгі өте аптап ыст
-
Ақтөбелік әйел TikTok-тағы әрекеті үшін қамалды
Полиция оның тікелей эфирін бақылау кезінде құқық бұзушылықты анықтаған. Сот шешімімен әйел әкімшілік қамауға алынды.
-
Қазақстанда жастар мен отбасының демографиялық болашағы туралы жаһандық зерттеу таныстырылды
Статистикаға сүйенсек, бүгінде Қазақстанда 6 миллион 100 мыңнан астам отбасы бар.
-
Жамбыл облысында жүкті әйелін зиратқа апарып, ұрып-соққан ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды
Күдікті анықталып, полицияға жеткізілді. Соққыға жығу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
-
Маңғыстауда шаруашылық нысанынан 83 келі есірткі табылды
Полиция жедел ақпарат бойынша нысанды тінтіп, бес қап марихуана тәркіледі. Оқиғаға қатысты 27 жастағы күдікті ұсталды.
-
Сицилияда Этна жанартауының атқылауына байланысты әуежай жабылды
Сицилияда Этна жанартауының атқылауына байланысты әуежай қайтадан жабылды.
Италияның Сицилия аралындағы Катания қаласының әуежайы Этна жанартауының кезекті атқылауына байланысты жұмысын уақытша тоқтатты. dpa агенттігінің хабарлауынша, әуе айлағы жоқ дегенде 14 тамыздағы түнге дейін жабық болады. Ті
-
Ақтөбеде жолда «шоу көрсеткен» жастар жазаланды
Той кортежінде қауіпті трюк жасаған құқық бұзушылар жауапқа тартылды.
-
ІІМ қазақстандықтардың деректерін сататыны туралы хабарландыру авторын іздеп жатыр
Мемлекеттік ақпараттық жүйелер бұзылғаны туралы расталған деректердің жоқтығына қарамастан, ІІМ интернетте жарияланған хабарландырудың шығу тегін анықтап жатыр.
-
Ақмола облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
Көкшетау – Атбасар тас жолында жол апаты болды.
-
Аспандағы ерекше көрініс: Қазақстандықтар «жұлдыз жауынын» тамашалады
12 тамыздан 13 тамызға қараған түні Персеид метеор ағыны шарықтау шегіне жетеді.
-
Әзербайжанда мина жарылысынан үш адам зардап шекті
Әзербайжандағы мина жарылысынан зардап шеккендер бар.
-
«Сайлау-2026»: Сарапшылар сайлаушылар белсенділігі мен теледебаттардың рөлін бағалады
Сарапшылар «Сайлау-2026» сайлау науқанының негізгі үрдістерін талқылады
-
Қазақстанда алтын алтыншы күн қатарынан қымбаттап жатыр
Алтын бағасы грамына 66 004,73 теңгеге жетті,
-
Операциядан кейін ішінде марлі қалып қойған: Қызылордалық науқас өтемақы өндіріп алды
Дәрігерлік қателік үшін қайтадан ота жасалды.
-
Сайлауда партия ғана емес, кандидаттың өзі де шешуші рөл атқарады – Сарапшы
Сарапшы соңғы жылдары жергілікті деңгейде саяси кадрларды қалыптастырудың белгілі бір жүйесі қалыптасқанын атап өтті.
-
Алдап кездесуге шақырған: Шымкентте ер адам бұрынғы әйеліне қышқыл шашып, қашып кетті
Шымкентте бұрынғы әйеліне қышқыл шашқан ер адам ұсталды.
-
Сайлау жақындаған сайын нақты шешім қабылдамаған сайлаушылардың үлесі азайып келеді – сарапшы әлеуметтанулық зерттеулер туралы
Сайлау жақындаған сайын Қазақстанда партиялық таңдауы әлі қалыптаспаған сайлаушылардың үлесі айтарлықтай төмендеп келеді. Бұл үгіт-насихат және ақпараттық науқанның белсенді жүруі аясында электоралдық таңдаудың біртіндеп шоғырланып келе жатқанын көрсетуі мүмкін. Бұл туралы Алматыда өткен, Қазақстан
-
Белсенді сайлау науқаны Құрылтай сайлауындағы қатысу белсенділігін арттыруы мүмкін – сарапшы
Алдағы Құрылтай сайлауындағы сайлаушылардың қатысу деңгейі 2023 жылғы Парламент сайлауындағы көрсеткіштен жоғары болуы мүмкін. Бұған қазіргі сайлау науқанының белсендірек өтуі, партиялар арасындағы бәсекенің күшеюі және халықтың әртүрлі топтарының электоралдық үдеріске кеңінен тартылуы ықпал етуде.
-
Өңірлік сайлаушының талғамы әркелкі: Сарапшы партиялық науқандардың жаңа логикасы туралы
Саяси партияның өңірлердегі табысы көбіне оның жергілікті өкілдерінің беделіне және сайлаушылардың әртүрлі топтарының сұраныстарын ескере білу қабілетіне байланысты. Бұл туралы Алматыда өткен ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Сайлау-2026: саяси н
-
Қазақстан демократияны кеңейту жолын таңдады – профессор Андрей Казанцев
Оның пікірінше, Қазақстанның бір палаталы парламент моделіне көшуі партиялар мен сайлаушылар арасындағы байланысты күшейтеді.
-
ЖИ сайлау науқандарының жаңа шындығына айналып келеді – сарапшы
Жасанды интеллект сайлау науқандарының жаңа құрамдас бөлігіне айналып, саяси контент өндіру тәсілдерін өзгертіп қана қоймай, сайлау үдерісіне деген сенімге қатысты жаңа тәуекелдерді де туындатып отыр. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Алматыда ұйымдастырғ
-
Қымбат үй, аз табыс: Жастар баспаналы болу үшін не істеуі керек?
Қаржы маманы Бауыржан Ысқақовтың пікірінше, баспана мәселесін шешуге асықпай, ең алдымен адамның жеке қаржысын ретке келтірген жөн.
-
Қазақстанда Telegram жұмысында ақау байқалды
Ақаулар Астана, Қарағанды, Павлодар облыстарында, сондай-ақ Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жиі байқалған.
-
Саясаттанушы: Қазақстандықтардың оннан жетеуі сайлауға қатысуға ниетті
Қазақстандықтардың 70 пайыздан астамы алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын. Бұл туралы Алматыда өткен, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Сайлау-2026: саяси науқанның сипаты» сарапшылар алаңында саясаттанушы, баспаг
-
Қажылыққа бармақ болған 37 адам алданып қалды: Екі астаналық сотталды
Instagram арқылы ұсынылған сапарға сенген азаматтар 60 млн теңге төлеген. Бірақ Мекке мен Мәдинаға жол жүру сол күйі жүзеге аспаған.
-
Қазақстанда саяси дебат маңызды платформа ретінде қалыптасуы керек – сарапшы
Сарапшының сөзінше, кез келген елде халық – саясатқа қызығушылығы пассив азаматтар.
-
Қарағанды облысында алимент бойынша 252 млн теңге берешек өтелді
Қарағанды облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мақсатында қабылданған сот шешімдерінің тиімді орындалуын қамтамасыз етуде.
Жыл басынан бері 50 прокурорлық қадағалау актілерін қарау нәтижесінде мемлекет кірісіне 323,9 млн теңге өндірілді.
Қабылданған шаралардың нәтижес
-
Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
Алматы қаласының Жетісу ауданындағы Тобаяқов көшесінде қойма ғимаратынан өрт шықты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар өртті жоғары шақыру деңгейі бойынша сөндіріп жатыр.
Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Өртті сөндіру үшін бірнеше учаске ұйымдастырылды. Жедел қызметтер жал
-
Қазақстанда AI-фабрикаларға арналған алып алаң салынып жатыр: Алғашқы нысан қашан іске қосылады?
Павлодарда Data Center Valley жобасы қарқын алды. 50 МВт қуатты алғашқы нысан 2027 жылдың маусымында іске қосылмақ. Жоба Қазақстанды AI хабына айналдыруды көздейді.
-
Әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандады
Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 42 центке (0,47%) төмендеп, барреліне 88,56 долларды құрады.
-
Қазақстанда вейп саудасы тоқтамай тұр: Заңсыз айналымнан 276 мың өнім тәркіленді
Вейптерді заңсыз сатқан адамдар миллиардтаған теңге айналым жасаған. Қаржылық мониторинг агенттігі бірнеше өңірдегі схемаларды әшкереледі.
-
Дүниежүзілік орган донорлығы күні: Қазақстанда трансплантация саны артып келеді
13 тамызда Дүниежүзілік орган донорлығы күні атап өтіледі. Бұл күн өмірлік маңызы бар трансплантаттауды күтіп жүрген адамдарды еске салып, оларға өмір сүруге мүмкіндік беретін донорлықтың маңыздылығына назар аударады. Бүгінде Қазақстанда ағза трансплантаттауын 4 739 адам, оның ішінде 125 бала күтуде
-
Энрике Иглесиас сізді байқасын десеңіз: Концертте ерекшеленудің 5 тәсілі
Энрикенің назарын мыңдаған жанкүйердің арасынан қалай аударуға болады? Плакаттан бастап образға дейінгі 5 ерекше тәсілді ұсынамыз.
-
Қазақстандық жастар тері обырын ерте анықтайтын жоба ойлап тапты
Қазақстандық мамандар әзірлеген MendiSkin қосымшасы смартфонға түсірілген меңнің түсі, көлемі мен пішініндегі өзгерістерді жасанды интеллект арқылы бақылауға мүмкіндік береді.
-
Колумбияда үш күндік ұлттық аза тұту жарияланды
10 тамызда Колумбияда болған магнитудасы 7,4 жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 230 адамнан асты.
-
Полиция ЖИ көмегімен жасалатын алаяқтықтан сақ болуды ескертті
Полиция қызметкерлері азаматтарды жасанды интеллект көмегімен жасалатын алаяқтықтан сақ болуға шақырады.
Алаяқтар жасанды интеллект арқылы адамның дауысын және сыртқы бейнесін қолдан жасап, бейнеқоңырау кезінде жәбірленушіге өзін туысы немесе жақын адамы ретінде таныстыруы мүмкін. Әдетте олар шұғыл
-
Тоқаев АҚШ-қа барады: Сапар алдында Астана мен Вашингтон келіссөздерді бастады
Майами қаласында өтетін «G20» саммитіне Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен қатысады.
-
Ресей мұнайын тасымалдаған танкерден төгілген мұнай Оман жағалауына жетті
Санкциядағы танкерден тараған мұнай дағы шамамен 400 шаршы шақырым аумаққа жайылған.
-
Астықтан агрохабқа: Қазақстанның ауыл шаруашылығы қалай өзгеріп жатыр?
Қазақстан ауыл шаруашылығында өнім көлемін арттырумен қатар, шикізатты терең өңдеуге, экспортты ұлғайтуға және су мен технологияны тиімді пайдалануға басымдық беріп келеді. Астықтан бастап тыңайтқыш пен ауыл шаруашылығы техникасына дейінгі бағыттардағы өзгеріс елдің Еуразиядағы ірі агроазық-түлік хабына айналу мүмкіндігін күшейте түсті.
-
Соғыс жүріп жатқан елдерге «Евровидениені» өткізуге ресми түрде тыйым салынды
«Евровидение» байқауын ұйымдастырушылар қауіпсіздікке қатысты жаңа талап енгізді.
-
Қазақстанның жаһандық азық-түлік жүйесіндегі рөлі күшейіп келеді – The World Financial Review
Қазақстан ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемін арттырып, экспорт географиясын кеңейтіп, өнімді өңдеуге инвестиция салып, суару инфрақұрылымын жаңғыртуда. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы бастапқы өндіріс пен шикізат алудан бастап, терең өңдеу және қарқынды дамып келе жатқан нарықтарға шығуға дейінгі бүкіл құн қалыптастыру тізбегін қамтитын күрделі агроазық-түлік жүйесіне біртіндеп айналып келеді.
-
Геннадий Головкин халықаралық спорт ұйымындағы жоғары қызметке үміткер
Қазақстан ҰОК президенті Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының вице-президенті қызметіне кандидаттар тізіміне енді
-
Эстония қоныс аударуға ең қолайлы ел деп танылды
Global Relocation Index рейтингінде Эстония 191 елдің арасынан бірінші орын алды.
-
Жақсы жұмысқа орналасу үшін Астана мен Алматыда оқу міндетті ме?
Өңірлік университетте білім алған жас маманға мүмкіндік аз ба?
-
Жастар саясаты: бағдарламадан нәтижеге дейін
Қазақстанда жастарды жұмыспен қамту, білім беру, баспанамен қамтамасыз ету және кәсіп бастауына мүмкіндік жасауға бағытталған ондаған бағдарлама бар. NEET жастарының көрсеткіші төмендеп, «Жастар практикасы» арқылы мыңдаған түлек еңбек нарығына кіріп жатыр. Бірақ мемлекеттік қолдаудың шынайы нәтижесі бағдарламаға қанша адамның қатысқанымен емес, сол мүмкіндікті қанша жастың тұрақты жұмысқа, баспанаға және экономикалық дербестікке айналдыра алғанымен өлшенуі тиіс.
-
Қазақстан туралы даулы мәлімдеме жасаған ресейлік блогер елден шығарылды
Астана полициясының мәліметінше, әлеуметтік желілерді бақылау барысында шетелдік азаматшаның тікелей эфир кезінде арандатушылық сипаттағы және әдеп нормаларына қайшы пікірлер айтқаны анықталған.
-
Елена Рыбакина Торонто турнирінің жартылай финалына шықты
Үш сетке созылған тартысты матч Рыбакинаның 4:6, 7:6 (7:5), 6:4 есебімен жеңісімен аяқталды.
-
Жердің миллиондаған тұрғыны Күннің толық тұтылуын тамашалады
Күннің толық тұтылуы Ай Жер мен Күннің арасына келіп, Күнді толықтай жауып қалған кезде болады. Сол кезде бірнеше минутқа айнала қараңғыланып, Айдың айналасынан Күннің тәжін көруге болады.
-
Өскеменде жылу тапшылығын азайтатын жаңа энергоблоктың құрылысы басталды
Жоба аяқталғаннан кейін станцияның жылу қуаты 130 Гкал/сағ, ал электр қуаты 100 МВт-қа артады.
-
Израиль Газа секторына жаңа соққылар жасады
Газа Денсаулық сақтау министрлігі 2023 жылдың қазан айынан бері жалғасып келе жатқан Израиль шабуылдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы жаңа мәліметтерді жариялады.
-
Біреудің көлігін металлоломға өткізген: Өскеменде бірқатар қылмыстың беті ашылды
Полиция бөтеннің мүлкін заңсыз иелену және көлік құралын масаң күйде басқару заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
-
13 тамызға валюта бағамы
Ұлттық банктің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды.
Наверх