Бүгін Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысы басталады

Қайғылы оқиға 2025 жылғы қарашада Астанадағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбеті опырылған кезде болған. Қасбеттегі кірпіш пен кондиционердің ілгіші төменге құлап, бес адам жарақат алған.

18 Тамыз 2026, 14:55
АВТОР
 instagram.com/densaulyq_basqarmasy 18 Тамыз 2026, 14:55
18 Тамыз 2026, 14:55
179
Фото: instagram.com/densaulyq_basqarmasy

Бүгін, 18 тамызда, Астанада басына кондиционер құлап, қаза болған жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысы басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сот процесі сағат 15:00-де өтеді.

Оқиға жайлы не белгілі?

Қайғылы оқиға 2025 жылғы қарашада Астанадағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбеті опырылған кезде болған. Қасбеттегі кірпіш пен кондиционердің ілгіші төменге құлап, бес адам жарақат алған. Олардың екеуі медицина қызметкері болды.

Жарақат алған 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуан ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Кейін 18 қарашада алған жарақатынан көз жұмды.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі оқиғаға қатысты екі қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлаған. Бір іс сапасыз құрылыс фактісі бойынша, екіншісі адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қызметтер көрсету фактісі бойынша қозғалған.

Істер аясында сот сараптамалары жүргізілді. Сонымен қатар Астана қаласының әкімдігі салалық министрлікпен бірлесіп, оқиға бойынша арнайы тексеріс жүргізді.

Бүгінгі сот отырысында іс бойынша сот талқылауы басталады.

Еске сала кетейік, Астанадағы медколлежде марқұм фельдшердің құрметіне арнайы сынып ашылатынын Денсаулық министрі мәлімдеген болатын. 

Сондай-ақ Президент қаза тапқан фельдшерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады. 

Наверх