«Жеке бақылауға алыңдар»: Бектенов өңірлердегі мектеп жөндеу қарқынын сынға алды

Премьер-министр 1 қыркүйекке дейін еліміздегі 106 мектепте күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау қажет екенін айтты.

 Үкіметтің баспасөз қызметі 18 Тамыз 2026, 11:21
18 Тамыз 2026, 11:21
221
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министр Олжас Бектенов бірқатар өңірдегі мектептерді жөндеу жұмыстарының баяу жүріп жатқанын сынға алып, әкімдерге жаңа оқу жылына дейін жұмысты аяқтауды жеке бақылауға алуды тапсырды. Бұл туралы ол Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ  тілшісі.

Бектеновтің айтуынша, 1 қыркүйекке дейін еліміздегі 106 мектепте күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау қажет.

1 қыркүйекке дейін еліміздегі 106 мектепте күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау қажет. Бірқатар өңірдегі 13 мектепте жұмыс қарқыны төмен екенін атап өткім келеді. Олардың қатарында Алматы қаласы, Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан және басқа да облыстар бар, – деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр жөндеу жұмыстары кестеден кешігіп жатқан өңірлердің әкімдеріне жағдайды жеке бақылауға алуды тапсырды.

Аталған өңірлердің әкімдеріне жөндеу жұмыстарының белгіленген мерзімде аяқталуын жеке бақылауға алуды тапсырамын, – деді ол.

Үкімет басшысы жаңа білім беру нысандарының құрылысына да жеке тоқталды. Оның айтуынша, 1 қыркүйекте елімізде 47 жаңа мектеп пайдалануға беріледі.

1 қыркүйекте 47 жаңа мектеп есігін ашады. Оның 20-сы «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған. Өңір әкімдіктері олардың жаңа оқу жылына толық дайын болуын қамтамасыз етуі тиіс, – деді Премьер-министр.

Ол сондай-ақ үш ауысымды оқыту мен оқушы орындарының тапшылығын азайту бағытында оң динамика бар екенін атап өтті.

Сонымен қатар өңірлер 2026 жылдың соңына дейін тағы 64 мектептің құрылысын аяқтауы қажет.

Өңірлер 2026 жылдың соңына дейін тағы 64 мектептің құрылысын аяқтауы керек. Қазірден бастап оларды педагогтермен және оқу-техникалық базамен қамтамасыз ету мәселелерін шешу қажет, – деді Бектенов.

Наверх