Қазақстанда оқушыларға үзіліс кезінде телефон қолдануға рұқсат етіледі 

Мобильді телефондарды пайдалануға шектеу тек оқу процесі кезінде қолданылады.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 18 Тамыз 2026, 11:54
18 Тамыз 2026, 11:54
141
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Қазақстанда оқушылар үзіліс кезінде мобильді телефондарын пайдалана алады. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте журналистердің сұрағына жауап берген Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, бірыңғай талаптар әзірленген. Соған сәйкес мобильді телефондарды пайдалану тікелей оқу процесі кезінде шектеледі.

Балалар оқу процесі кезінде ұялы телефон қолданбайды. Тек қысқа мерзімді жоспарда, яғни оқу бағдарламасында қарастырылған жағдайда ғана пайдалануға болады, – дейді Шынар Ақпарова.

Ал оқушылар үзіліс кезінде телефон қолдана ала ма деген нақтылау сұрағына бірінші вице-министр оң жауап берді.

Бұл мүмкін. Бірыңғай талаптар әзірленді. Осы талаптардың негізінде білім беру ұйымы барлық ұйымдастырушылық мәселені өзінің ішкі тәртіп ережесімен реттейді, – деп түсіндірді ол.

Осылайша, мектептерде мобильді телефондарды пайдалануға қатысты нақты ұйымдастырушылық мәселелер әр білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережесіне сәйкес реттеледі.

Еске салсақ, бұған дейін Олжас Бектенов бірқатар өңірдегі мектептерді жөндеу жұмыстарының баяу жүріп жатқанын сынға алып, әкімдерге жаңа оқу жылына дейін жұмысты аяқтауды жеке бақылауға алуды тапсырды. 

Сондай-ақ, Бектенов жыл соңына дейін барлық мектептің камерасын ІІМ орталықтарына қосу керектігін айтты

Наверх