Бүгін «24KZ» телеарнасының тікелей эфирінде өткен жеребе тарту рәсімінде партиялардың алдағы Басты дебаттағы сөз сөйлеу және қатысу реті белгілі болды.
Жеребе қорытындысы бойынша партиялар келесі реттік нөмірлерді иеленді:
- «Respublica» партиясы;
- «Байтақ» жасылдар партиясы;
- «Ақ жол» демократиялық партиясы;
- «Әділет» партиясы;
- «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП);
- Қазақстан Халық партиясы (ҚХП).
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Басты дебат ертең, 18 тамызда сағат 20:00-де өтеді.
Көрермендер пікірсайысты «24KZ» телеарнасының эфирінен, сондай-ақ арнаның ресми YouTube, Instagram, Facebook және TikTok желілеріндегі парақшалары арқылы тікелей эфирде тамашалай алады.
Дебат барысында партия өкілдері елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ұстанымдарын таныстырып, өз бағдарламаларындағы негізгі басымдықтарды ұсынады деп күтілуде.