Коллекциялық монеталар ҚҰБ-тың https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы 2026 жылғы 19 тамыздан сатыла бастайды.
Монета 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына арналып отыр. Жаңа Ата заң 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне еніп, еліміздің конституциялық дамуындағы жаңа кезеңнің іргетасын қалады.
Алтын жалатылған монета 925 сынамалы күмістен жасалған, массасы 31,1 грамм, диаметрі 35х45 мм, дайындау сапасы – «рrооf», номиналы 1 000 теңгелік, таралымы – 1 000 (бір мың) дана.
Монетаның бейнесі
Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай барлық төлем түрінде қабылдауға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.