Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс бойынша басты сот талқылауы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сот отырысы қоғам үшін ашық. Қоғамның жоғары қызығушылығын ескере отырып, сот процесінің ашық отырыстары онлайн режимде тікелей көрсетіледі.
Сот тергеуі басталғанға дейін процеске қатысушылардың, оның ішінде жәбірленуші тараптың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен сот талқылауын өткізуге қатысты бірқатар өтінішхаты қаралды.
Осыдан кейін мемлекеттік айыптаушы сотталушыға қатысты айыптау актісін жариялады. Сот сотталушының өзіне тағылған айыпқа қатысты ұстанымын анықтады.
Сондай-ақ сот дәлелдемелерді зерттеу тәртібін белгіледі. Алдымен жәбірленушілерден жауап алынады. Кейін куәлар мен сотталушыдан жауап алынып, қылмыстық іс материалдары жарияланады. Бұдан бөлек, іске тіркелген бейнежазбалар қаралады.
Келесі сот отырысы 2026 жылғы 20 тамызда сағат 10:00-де өтеді.
Сот процесінің тікелей эфирін ҚР Жоғарғы Сотының ресми YouTube арнасынан көруге болады. Сот отырыстарының кестесі мен іс бойынша ресми ақпарат Жоғарғы Соттың Telegram арнасында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады.