АҚШ президенті Дональд Трамптың қызметін қолдау деңгейі 33%-ға дейін төмендеп, оның қазіргі президенттік мерзіміндегі ең төменгі көрсеткішке жетті. Бұл туралы Reuters/Ipsos сауалнамасы мәлімдеді.
Сауалнамаға қатысқандардың 64%-ы Трамптың жұмысына көңілі толмайтынын айтқан. Ай басындағы зерттеуде президентті қолдау деңгейі 35% болған.
Америкалықтардың басым бөлігі АҚШ-тың Ирандағы қақтығысқа қатысуы ұзаққа созылады деп есептейді. Респонденттердің 80%-ы соғыс «ұзақ уақыт жалғасады» деген пікірде. Бұл пікірді демократтардың 87%-ы және республикашылдардың 71%-ы қолдайды. Ал сауалнамаға қатысқандардың 16%-ы қақтығыс бірнеше апта ішінде аяқталуы мүмкін деп санайды.
Зерттеу сонымен қатар америкалықтардың соғыс пен жанармай бағасының өсуіне алаңдайтынын көрсетті. Респонденттердің шамамен бестен бірі ғана Иранмен соғысты ақтайтын шығын деп бағалаған.
Экономика мәселесінде демократтар алғаш рет республикашылардан басым түсті. Сауалнамаға қатысқандардың 38%-ы экономиканы демократтар жақсы басқарады деп санаса, 35%-ы республикашыларды қолдаған.
Reuters/Ipsos сауалнамасы 1166 америкалықтың қатысуымен жүргізілген. Зерттеудің қателік шегі – ±3 пайыздық тармақ.