Грекияның Сифнос аралында жеке тікұшақ апатқа ұшырап, үш адам қаза тапты. Қайғылы оқиға Толос аймағында, тікұшақ алаңына жақын жерде болған.
Анадолы агенттігінің жазуынша, алдын ала мәлімет бойынша, тікұшақ ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай құлаған. Апаттан кейін өрт тұтанып, оқиға орнына құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жұмылдырылды. Үш адамның денесі табылды.
Қаза болғандардың арасында ұшқыш пен екі жолаушы бар. Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз.