Ертеңгі басты сайлауалды дебатты ОСК бақылайды

ОСК өкілдері дебат барысында заң талаптарының сақталуын, барлық рәсімнің регламентке сәйкес өтуін қадағалайды.

18 Тамыз 2026, 16:35
АВТОР
 gov.kz 18 Тамыз 2026, 16:35
18 Тамыз 2026, 16:35
148
Фото: gov.kz

Орталық сайлау комиссиясы сайлауалды дебатқа қатысып, оның заң талаптары мен бекітілген регламентке сай өтуін бақылайды. Бұл туралы ОСК мүшесі Ләззат Сүйіндік мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, барлық саяси партия төрағалары дебатқа қатысатынын растаған.

Барлық саяси партия төрағалары қатысатынын растады. Дебат сағат 20:00-де «24KZ» телеарнасының эфирінде өтеді. Орталық сайлау комиссиясы да дебатқа қатысады, – деді Ләззат Сүйіндік.

ОСК өкілдері дебат барысында заң талаптарының сақталуын, барлық рәсімнің регламентке сәйкес өтуін қадағалайды.

Сонымен қатар саяси партияларға берілетін эфир уақытының тең бөлінуіне ерекше назар аударылады.

Біз дебаттың заң талаптарына сай өтуін, барлық рәсімнің регламентке сәйкес жүргізілуін және саяси партияларға уақыттың тең бөлінуін бақылаймыз, – деді ОСК мүшесі.

Еске салсақ, бүгін «24KZ» телеарнасының тікелей эфирінде өткен жеребе тарту рәсімінде партиялардың алдағы Басты дебаттағы сөз сөйлеу және қатысу реті белгілі болды.

Наверх