Абай облысының Көкпекті ауданында үш учаскедегі өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Оқиға орнында ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың шамамен 180 қызметкері және 26 техника жұмыс істеуде. Өртті сөндіруге су төгетін құрылғымен жабдықталған «Қазавиақұтқару» тікұшағы да тартылды. Ол 22 рет су төгіп, жалпы 66 тонна су шашқан.
Өртті сөндіруге қатты жел, күрделі жер бедері және құрғақ өсімдіктер кедергі келтіруде. Құтқарушылар жекелеген өрт ошақтарын оқшаулау және сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Жағдай тұрақты бақылауда. Өрттің одан әрі таралуына жол бермеу шаралары қабылданып жатыр.