Қостанай облысында 71 жастағы әйел төртінші қабаттан құлап, қаза тапты

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді.

 BAQ.KZ архивІ / Артем Чурсинов 18 Тамыз 2026, 21:56
18 Тамыз 2026, 21:56
192
Фото: BAQ.KZ архивІ / Артем Чурсинов
Қостанай облысының Лисаковск қаласында қайғылы жағдай болды. Көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы терезеден құлаған 71 жастағы әйел қайтыс болды.

Қайғылы оқиға 16 тамызда қаланың 4-шағын ауданында болған. Әйелдің қаза болғанын Қостанай облысының полиция департаменті растады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр және бақылауда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейді, – деді полиция өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада 22 жастағы бойжеткен көпқабатты үйден құлап, қаза тапқанын хабарлаған едік.

Наверх