Все новости за 23 тамыз 2026
-
-
U20 әлем чемпионаты: Қазақ балуаны қола жүлдеге ие болды
Нұрасыл Асамбек Өзбекстан өкілі Улугбек Рашидовты жеңді.
-
Орақ науқаны: Министр шаруашылықтағы егін түсімділігін бағалады
Күздік бидайдың орташа түсімділігі гектарына 35 центнерді, жаздық бидай – 25 центнерді, арпа – 28 центнерді, ал жасымық 21 центнерді құрап отыр.
-
Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді
Қаладағы медициналық ұйымдардың мәліметінше, жаңа туған нәрестелердің 14-і – ұл, 11-і – қыз.
-
Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевты Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтады
Әзербайжан басшысы бұл сайлауды Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі жаңа тарихи кезеңнің басталуын білдіретін маңызды оқиға деп бағалады.
-
Сайлау учаскелерінде өрескел тәртіп бұзушылық тіркелген жоқ – ІІМ
Енді полиция сайлау құжаттарының сайлау комиссияларына қауіпсіз жеткізілуін қамтамасыз етеді.
-
Бас прокуратура: Құрылтай сайлауында дауыс беру тыныш жағдайда өтті
Сонымен қатар Астана, Алматы, Шымкент, Орал және Қостанай қалаларында жеті азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
-
Садыр Жапаров Мемлекет басшысын Құрылтай сайлауының өтуімен құттықтады
Садыр Жапаров Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастар алдағы уақытта да нығая беретініне үміт білдірді.
-
Ақтөбе вокзалының аумағы қайта жаңғыртудан кейін 140 шаршы метрден астамға ұлғайды
Ақтөбеде теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды.
-
Бюллетеньдер қалай саналады? Шетелдік байқаушыларды не таңғалдырды?
Астанадағы №228 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталғаннан кейін жәшіктер қандай тәртіппен ашылып, бюллетеньдер қалай саналатынын учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Пірмән Шериев түсіндірді.
Ал халықаралық байқаушылар учаскедегі тәртіп пен сайлау процесінің ұйымдастырылуына қатысты әсерлерімен
-
Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысудың алдын ала көрсеткіші 74,19%-ды құрады
Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысқан қазақстандықтардың алдын ала көрсеткішін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталғанын хабарлайды. Учаскелік сайлау комиссиялары дауыстар
-
ЕО-да мұнай компанияларының үстеме пайдасына жаңа салық салу ұсынылды
ЕО-да мұнай компанияларының үстеме пайдасына жаңа салық салу ұсынылды
-
Ғылым, білім, футбол және сайлау: Жалпыұлттық онлайн-марафон несімен есте қалды?
Онлайн-марафонда сайлаушылардың қатысуы туралы деректер ұсынылып, цифрлық Қазақстанның болашағы, спорт және волонтерлік мәселелері талқыланды.Жалпыұлттық онлайн-марафон аясында сарапшылардың, қоғам қайраткерлерінің және түрлі салалардағы кәсіби мамандардың қатысуымен мазмұнды бағдарламалар легі жалғ
-
Құрылтай-2026: Дауыс беру аяқталды
Елдегі сайлау учаскелері жабылып, дауыстарды санау басталды.
-
Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілердің қарасы мол
Елімізде өтіп жатқан Құрылтай сайлауын халықаралық байқаушылар да бақылап жүр. Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі Еуген Душаллари Астанадағы бірнеше сайлау учаскесін аралап, дауыс берудің ұйымдастырылуына оң баға берді. Ол сайлаушылар үшін қажетті жағдай жасалып, үдеріс өз ретімен жүріп жатқ
-
Маңғыстау ҰБТ нәтижесі бойынша рейтингтегі көрсеткішін жақсартты
Оқушылар санының жыл сайын өсуіне байланысты облыста тағы 7 мектеп салу жоспарланып отыр.
-
Шетелдегі Құрылтай сайлауы: 6 мыңнан астам қазақстандық дауыс берді
Сағат 19:00-дегі жағдай бойынша шетелдегі 79 сайлау учаскесінің барлығы жұмысын бастады, 11 елде дауыс беру аяқталды.
-
Қазақстан Орталық Азиядағы көшіп баруға ең қолайлы ел деп танылды
Global Relocation Index рейтингінде Қазақстан 192 елдің ішінде 77-орынға тұрақтады. Халықаралық көрсеткіштегі бағалау кезінде сарапшылар өмір сүру құны, қауіпсіздік деңгейі, денсаулық сақтау сапасы және салық тиімділігін есепке алған.Сондай-ақ АҚШ Мемлекеттік департаменті Қазақстанды қауіп деңгейі е
-
Алатау қаласында Құрылтай сайлауына келген отбасы гендер-пати ұйымдастырды
Алатау қаласында Құрылтай сайлауына келген отбасы гендер-пати ұйымдастырды.Құрылтай депутаттарын сайлау күні Алатау қаласындағы отбасы бірден екі маңызды оқиғаны ұштастырды. Дауыс бергеннен кейін екінші сәбиін күтіп жүрген Елдар Оспан мен Айшагүл Жананұрға арналған гендер-пати ұйымдастырылды.
Алд
-
Сапарын үзіп, сайлауға қатысты: Алматы облысында жүк көлігінің жүргізушілері дауыс берді
23 тамызда Қалжат ауылдық округіндегі №917 сайлау учаскесіне бір мезетте бірнеше жүк көлігі келіп тоқтады. Бұл жерге «Қалжат» кеден бекеті арқылы қатынайтын жүргізушілер аялдаған. Мақсаттары - Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысу.
Дауыс бергендердің қатарында Бахтияр Мамыров, Шатлиқжан Акбаров, Қу
-
Сайлау учаскелеріне халық легі толастар емес: қазақстандықтар дауыс беруге келіп жатыр
Учаскелер жабыларға бірнеше сағат қалғанда тұрғындар отбасымен, балаларымен бірге келіп, жастар да белсенді дауыс беріп жатыр.
-
Дастан Сәтпаев «Бернли» сапында алғашқы ойынын өткізді
Дастан Сәтпаев «Бернли» сапында ресми дебют жасады.
-
Құрылтай сайлауы: Дауыс бергендер саны 9 миллионнан асты
Ел бойынша сайлаушылардың дауыс беруге қатысу көрсеткіші 72,15%-ға жетті.
-
Тоқаев Еуропалық Кеңес Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
-
Қазақстанның саяси жаңғыруы: Құрылтай сайлауына шетелдік сарапшылар қандай баға берді?
Бүгін, 23 тамызда Қазақстанның саяси тарихында маңызды оқиға – Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Бұл – елдің жаңа саяси жүйесіне бастау беретін тарихи науқан.
Қазақстан азаматтары алғаш рет Құрылтай депутаттарын сайлап, ел болашағына қатысты өз таңдауын жасауда. Азаматтардың саяси таңдауы
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Бангладеш Президентіне құттықтау жолдады
Мемлекет басшысы Бангладеш Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев Мирза Фахрул Ислам Аламгирді Бангладеш Халық Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.
– Еліңіздің әлеуметтік-экономикалық дамуына және ха
-
Егістіктен – сайлау учаскесіне: Қонаевта шаруалар Құрылтай сайлауына техникамен келді
Егін даласындағы қызу жұмысқа қарамастан, Қонаев қаласы Шеңгелді өңірінің шаруалары Құрылтай сайлауында өз азаматтық таңдауын жасауға уақыт тапты. Бірі картоп жинап, бірі қысқы мал азығын дайындап жатқан 10 шаруа қожалығының өкілдері сайлау учаскесіне тракторларымен және басқа да ауыл шаруашылығы те
-
150 елдің ішінде 53-орын: Онлайн-марафонда Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы таныстырылды
Жалпыұлттық онлайн-марафон Қазақстанды адамдар, идеялар және маңызды өзгерістер арқылы көрсетеді
-
Қазақстан инвестициялық рейтингте 17 сатыға көтерілді
Қазақстан бір жыл ішінде жаһандық инвестициялық рейтингте 17 сатыға көтерілді. Еліміз 53-орынға жайғасып, Орталық Азия мемлекеттері арасында ең жоғары көрсеткішке ие болды.Сарапшылар Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы артып келе жатқанын атап өтеді. Негізгі бағыттар – энергетика, инфрақұрылым ж
-
Халықаралық байқаушыларға ALEM.AI жасанды интеллект орталығының жұмысы таныстырылды
Шетелдік Орталық сайлау комиссияларының төрағалары Халықаралық жасанды интеллект орталығы alem.ai қызметімен танысты.
Оларға Қазақстанның жасанды интеллектіні қолдану саласындағы елеулі жетістіктері мен әлеуеті таныстырылды. Сапар барысында қонақтар жүзеге асырылып жатқан стартаптармен және Astana
-
10 мың шақырымдық жол: Өскеменде халықаралық ралли мәресіне жетті
Ралли мәресінде қала тұрғындары мен қонақтары әлемнің әр түкпірінен келген саяхатшылармен кездесті.
-
Алматылықтар сайлауда белсенді: Түстен кейін учаскелерде адам қарасы көбейді
Алматы тұрғындары Құрылтай депутаттарын сайлау барысында жоғары азаматтық белсенділік көрсетіп жатыр. Қала бойынша сайлау учаскелеріне келушілер саны күн өткен сайын артып, тұрғындар өз таңдауларын жасауға белсенді қатысып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сағат 16:00-дегі мәліметке сәйкес, дау
-
Халықаралық сарапшылар Астана мен Ақмола облысындағы сайлау учаскелерінің жұмысын оң бағалады
Қазақстанда елдің саяси өміріндегі маңызды оқиға – Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында Астанаға арнайы халықаралық байқаушылар мен шетелдік сарапшылар келді.
Халықаралық сарапшылар тобы елордадағы «Барыс Арена» мұз сарайында орналасқан №2
-
18 жастан 75 жасқа дейін: Астана Операда сайлау қалай өтіп жатыр?
Астанадағы Астана Опера ғимаратында орналасқан №228 сайлау учаскесінде дауыс беру белсенді өтіп жатыр. Түстен кейін учаскеге келушілер көбейіп, кей сәттерде дауыс берушілер кезекке тұрды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Учаскеде алдын ала 2481 сайлаушы тіркелген. Түстен кейінгі уақытта 400-ден астам
-
Болат Әбділманов Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді
Танымал театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Болат Әбділманов Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, таңдау жасады.
Жарқын образдар мен тарихи тұлғалардың, соның ішінде ұлы Абайдың бейнесін сомдаған өнер қайраткері ел үшін маңызды күні өзінің аз
-
Құрылтай сайлауы ашық өтіп жатыр: Дауыс беру барысын 42 елден келген байқаушылар бақылауда
Қазақстандағы сайлау барысын 42 мемлекет пен 13 халықаралық ұйымнан келген 777 халықаралық байқаушы бақылап отыр. Бұл – осы сайлау науқанына қатысып отырған халықаралық байқаушылардың рекордтық көрсеткіші.
Байқаушылар миссиясының құрамына Қазақстан ынтымақтастық орнатқан негізгі халықаралық ұйымдар
-
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады
Құрылтай депутаттарын сайлауға белгілі қазақстандық спортшылар да қатысуда. Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров пен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов Алматыда өз таңдауын жасап үлгерді.
2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының мәнерлеп сырғанаудан чемпионы Михаил Шайдоров Ал
-
ОСК: Сағат 16:00-де сайлаушылардың дауыс беруге қатысу көрсеткіші 65,37%-ға жетті
Сағат 16:00-ге дейін ел бойынша 8,2 млн-нан астам сайлаушы бюллетень алды.
-
«Лауазым мен атақ есіктің сыртында қалады»: Асхат Аймағамбетов отбасымен бірге дауыс берді
Асхат Аймағамбетов отбасымен бірге Құрылтай сайлауына қатысты.
-
Конституциялық реформаны жүзеге асырудағы маңызды кезең – Молдова ОСК төрайымы Қазақстандағы сайлау туралы пікір білдірді
Қазақстанда жаңа Конституция қабылданғаннан кейін Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру барысын халықаралық байқаушылар қадағалауда. Молдова Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Анжелика Караман №228 сайлау учаскесіне барып, сайлау процесінің ұйымдастырылуына қ
-
ЖИ, инфрақұрылым, экология және ұлттық дәстүрлер: Онлайн-марафонда не талқылануда?
Бүгін, 23 тамызда, ел тарихындағы тұңғыш Құрылтай сайлауына орай жалпыұлттық онлайн-марафон өтіп жатыр. Ауқымды медиажоба сайлау барысы туралы жан-жақты ақпарат таратып, қоғам өміріндегі өзекті мәселелерді талқылауға арналған.
Тікелей трансляция сағат 09:00-де басталып, түнгі 00:30-ға дейін жалғаса
-
Қытай елшісі Астанадағы сайлау барысына баға берді
Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлин Астанадағы №228 сайлау учаскесінде дауыс беру барысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол сайлау учаскесіндегі ұйымдастыру жұмыстары мен азаматтардың белсенділігіне назар аударды.
«Алғашқы
-
Жаңа оқу жылының каникул күндері белгілі болды: Оқушылар қанша күн демалады?
Қазақстанда 2026-2027 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімі, сондай-ақ оқушылардың каникул кестесі мен қорытынды аттестаттау күндері бекітілді.
Жаңа оқу жылы еліміздегі барлық орта білім беру ұйымында меншік нысанына қарамастан 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.
-
«Таза Қазақстан» – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі
«Таза Қазақстан» – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Бұл туралы мәдениеттанушы, ҚҚДИ сарапшысы Айдана Құлман айтты.
«Таза Қазақстан» жобасы азаматтардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың біріне айналды. Жоба аясында елімізде ауқымды жұмыстар атқа
-
Құрылтай Қазақстанды дамытуға күш салады деп үміттенемін – Қырғызстан бақылаушысы
Бүгін Қазақстанда маңызды саяси оқиға – Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Оның барысын бақылау үшін елімізге халықаралық бақылаушылар келді. Солардың қатарында Қырғыз Республикасы Орталық сайлау және референдумдар өткізу жөніндегі комиссиясының төрағасы Шайназаров Тынчтык бар. Ол Астана қаласындағы №164
-
Дубайдағы қазақстандықтар аптап ыстыққа қарамастан дауыс беріп жатыр
Дубайдағы қазақстандықтар аптап ыстыққа қарамастан дауыс беруде. Бұл туралы онлайн марафон кезінде айтылды. Жалпыұлттық онлайн-марафон барысында БАӘ-ден тікелей байланысқа шыққан тілшілер Дубайдағы қазақстандықтардың Құрылтай сайлауына белсенді қатысып жатқанын жеткізді.Аптап ыстыққа қарамастан
-
Қазақстанда құрғақшылық пен топырақтың тұздануына төзімді арпаның жаңа түрі шығарылды
Селекциялық жетістікке патент алу үшін өтінім берілді.
-
Алматыда Құрылтай сайлауы қалай өтіп жатыр?
Ресми деректер бойынша, алматылықтар Құрылтай сайлауына белсенді қатысып жатыр.
-
Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заң бұзушылық байқаған жоқпыз – ШЫҰ байқаушылары
Құрылтай сайлауын бақылау үшін барлық жағдай жасалған – ШЫҰ бақылаушылары.
-
«Смартфон тек TikTok көруге арналмаған»: Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі цифрлық сервистердің дамуы және жасанды интеллектіні енгізу туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Брифингте журналист Мемлекет басшысының бұған дейін жасанды интеллектіні Қазақстанның жаңа экономикалық моделінің негізі деп атағанын еске салып,
-
Ақын рухына тағзым: Алматы облысында Тұманбай Молдағалиевтің жұбайы Құрылтай сайлауында дауыс берді
Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы №123 сайлау учаскесіне келген сайлаушылардың қатарында қазақтың көрнекі ақыны Тұманбай Молдағалиевтің жары Күлтай Қасымова да болды. Біртуар тұлғаның аяулы жары алдымен ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, аруағына тағзым етті. Кейін сайлау учаскесіне кіріп, дау
-
Қазақстан әл-ауқат индексінде 66-орында
Қазақстан әл-ауқат индексінде 66-орынға тұрақтады. 167 ел бойынша жасалған рейтингте Қазақстан 66-орынға жайғасты.
Соңғы жылдары еліміз 17 сатыға жоғарылаған. Бұл – Орталық Азиядағы ең үздік көрсеткіш.Рейтингте елдердің экономикасы, капиталы, өмір сапасы, өмір сүруге қолайлылығы және басқа да
-
23 тамызға арналған валюта бағамы жарияланды
Доллардың ресми бағамы 456,88 теңге болып белгіленді.
-
Нұрсұлтан Назарбаев Құрылтай сайлауында үйінде дауыс берді
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жақында бел омыртқасына жасалған операциядан кейінгі денсаулық жағдайына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев сайлау учаскесіне бармай, дауыс беру құқығын үйін
-
Жаңа дерек: Сайлаушылар белсенділігі 53,12%-ға жетті
Ел бойынша сайлаушылардың дауыс беруге қатысу көрсеткіші 53,12%-ға жетті.
-
Тоқаев: Жастарға сеніп, жауапкершілік арту керек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерге берген сұқбатында Құрылтай депутаттығына үміткер жастар туралы пікір білдірді. Президент жастарға сенім артып, оларға жауапкершілік жүктеу қажет екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Құрылтай депутаттығына үміткерлер арасында түрлі салада
-
Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі әуежайлары пайдалануға беріледі
Жыл соңына дейін Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі әуежайлары пайдалануға беріледі.
Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаев айтты.
Сондай-ақ ол құрылыс саласындағы көрсеткіш өткен жылмен салыс
-
Шавкат Рахмонов Құрылтай сайлауына қатысты
Қонаевта Шавкат Рахмонов Құрылтай сайлауына қатысты.
-
Тоқаев Құрылтай сайлауындағы саяси науқанға баға берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауында дауыс беріп болған соң журналистерге брифинг өткізіп, сұрақтарына жауап берді.
-
Бұл сайлауға жоғары баға беремін – Пәкістанның Сайлау жөніндегі бас комиссары
Қазақстандағы алғашқы Құрылтай сайлауын бақылауға келген халықаралық байқаушылар дауыс берудің ұйымдастырылуына назар аударды. Солардың қатарында Пәкістанның Сайлау жөніндегі бас комиссары Сикандар Сұлтан Раджа да бар. Ол Астана қаласындағы 228 сайлау учаскесіндегі дауыс беру барысын бақылап, сайлау
-
Азаматтарды ақпараттандыруда еш кемшілік жоқ – Түркиядан келген байқаушы Құрылтайдың алғашқы сайлауы туралы пікір білдірді
Бүгін – Қазақстан тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлау күні. Дауыс беру барысы сайлау учаскелерін аралап, сайлау процесінің ұйымдастырылуымен танысып жүрген халықаралық байқаушылардың қатаң бақылауымен өтіп жатыр. Олардың қатарында Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Сердар Мутта да бар. Ол Қазақ
-
«Бізде Қазақстаннан басқа Отан жоқ»: Тоқаев елдегі ауқымды жоспарларды атады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерге берген сұқбатында Халық кеңесі мен Ассамблея жұмысына қатысты ойын айтты. Президент сондай-ақ Қазақстанда ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілетініне тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Халық кеңесі – жаңа орган. «Келешекте Ассамблея жұмысына
-
«Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр»: Тәжікстаннан келген халықаралық байқаушы
Бүгін Қазақстанда Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру барысы халықаралық байқаушылардың да бақылауында. Тәжікстан Республикасының Сайлау және референдум жөніндегі орталық комиссиясының төрағасы Бахтиёр Худоёрзода сайлау үдерісінен алған әсерімен бөлісті.
Ол халықаралық ба
-
Грекияда Батыс Ніл безгегі көбейді: Тұрғындарға масадан қорғану ескертілді
Грекияның Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау ұйымы (EODY) масалар белсенді болатын кезеңде вирус жұқтыру жағдайлары елдің барлық аумағында тіркелуі мүмкін екенін хабарлады.
-
«Әр азаматтың дауысы маңызды»: БҚО әкімі сайлауда таңдау жасады
Нариман Төреғалиев Оралдағы сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Аймақ басшысы бұл күннің ел тарихындағы маңызын атап өтті.
-
Қытай бас консулы: Алматыдағы сайлауда заңбұзушылықтар болған жоқ
Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығының басшысы Су Фанцю Қазақстандағы сайлау науқанының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, халықаралық бақылаушылар үшін барлық жағдай жасалған және дауыс беру процесі ашық әрі ұйымдасқан түрде өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілші
-
Тоқаев Құрылтай депутаттарынан не күтетінін айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Құрылтай депутаттарының алдында қандай міндеттер тұрғанын айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Құрылтай сайлауында дауыс бергеннен кейінгі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Журналистің Құрылтай жұмысының басталуына қатысты сұрағына жауап бер
-
Тоқаев келесі президент сайлауына қатысты сұраққа жауап берді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы президент сайлауында өз кандидатурасын ұсынуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Брифинг барысында журналист Конституциялық соттың Мемлекет басшысының Президент лауазымына қайта сайлануға құқығы бар екені туралы түсінд
-
Роман Скляр Құрылтай сайлауында дауыс берді
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Роман Скляр Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 учаскеде Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Еске салайық, бүгін елімізде алғаш рет Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр.
Соңғы мә
-
Құрылтай сайлауына арналған онлайн-марафон: Алғашқы үш сағатта не талқыланды?
Қазақстанда Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауына арналған жалпыұлттық онлайн-марафон жалғасып жатыр. Эфирдің алғашқы үш сағатында көрермендер ел ішінде және шетелдегі дауыс беру барысы туралы жедел ақпаратпен қатар, жаңа Конституция, заң мен тәртіп, білім беру, ғылым, стартаптар және өңірлерді
-
Тұсаукесер, ретро және кино кейіпкерлері: Құрылтайға алғашқы сайлау күнін қазақстандықтар мерекелік көңіл-күйге ұластырып жатыр
Түс ауа еліміздегі сайлау учаскелері тек бюллетень алып, дауыс беріп шығатын орыннан гөрі мерекелік алаңға көбірек ұқсай бастады. Учаскелерде ерекше көңіл күй орнаған. Бір жерде тұсаукесер рәсімі өтіп жатса, енді бір жерде 90-жылдардың көрінісі қайта жаңғырды. Ал дауыс беру кабинасының жанынан Чарли
-
Вице-президент кім болады? Тоқаев жауап берді
Мемлекет басшысының сөзінше, келесі аптада не болмаса 10 күннің ішінде вице-президент кім болатыны анықталады.
-
Тоқаев Үкіметте кадрлық өзгерістер болуы мүмкін екенін айтты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет құрамында болуы мүмкін кадрлық өзгерістер туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Брифингте журналистер Мемлекет басшысынан Құрылтай сайланғаннан кейін жасақталуы тиіс жаңа Үкіметтің негізгі міндеттері мен жұмыс бағыттарын қазірден айқын
-
Атыраудың күші: Рекордшы сайлау учаскесі алдында КамАЗ көлігін сүйреді
Бұған дейін жалпы салмағы 165 тонна болатын жеті теміржол вагонын сүйреп, ел рекордын орнатқан Ерсейіт Бралин сайлау күні жаңа күштік перформанс көрсетті. Бұл жолы спортшы сайлау учаскесінің алдында КамАЗ жүк көлігін сүйреп өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Сайлау учаскесінің
-
Автожолдан Каспий порттарына дейін: Қазақстан транзиттік әлеуетін қалай күшейтіп жатыр
Қазақстанда әуежайлар мен автомобиль жолдарынан бастап теміржолдар мен Каспийдегі порттарға дейін бүкіл көлік инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жүріп жатыр. Саланың негізгі жобалары туралы ҚР Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Құрылтай депутаттарын сайлауға арналған жалпыұлттық онлайн-марафон эфирін
-
«Адамдардың кезекте тұрғанын көрдік»: халықаралық байқаушы Құрылтай сайлауын бағалады
Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры ғимаратында орналасқан №341 сайлау учаскесі 23 тамыз күні таңғы сағат 07:00-де жұмысын бастады.
Бүгінгі дауыс беру қорытындысы бойынша Қазақстанның бір палаталы заң шығарушы органы – Құрылтайдың жаңа құрамы жасақталады. Таңе
-
ТМД байқаушылары миссиясы: Қазақстан сайлау заңнамасының талаптарын толық сақтап отыр
Михаил Лебединскийдің пікірінше, дауыс беру халықтың көңіл-күйін және сайлауды ұйымдастыру деңгейін көрсетеді.
-
«Мен Қазақстан жастарына тәнтімін» – ТМД МПА-ның халықаралық байқаушысы сайлау барысы туралы
ТМД Парламентаралық Ассамблеясынан келген халықаралық байқаушылар Қазақстандағы Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс беру барысы туралы алғашқы пікірлерімен бөлісті. Олар сайлау процесінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, жастардың белсенділігіне ерекше назар аударды, деп хабарлайды BAQ.
-
Президент Құрылтай сайлауында дауыс берді
Қасым-Жомарт Тоқаев бәріміз біртұтас ел болып, ауқымды реформаларды жүргізіп жатқанымызды атап өтті.
-
Аида Балаева: Құрылтай жаңа Конституция талаптарын іске асыруға ықпал етеді
Министр айтуынша, таңертеңнен бері әлеуметтік желілер мен ақпараттық кеңістікке жүргізілген мониторинг азаматтардың сайлауға белсенді қатысып жатқанын көрсеткен.
-
Құрылтай сайлауы: 2,6 млн-нан астам қазақстандық өз таңдауын жасады
Сағат 12:00-ге дейін ел бойынша 4,6 млн-нан астам сайлаушы бюллетень алды.
-
«Сайлау демократияның шарттарына сай өтіп жатыр» – халықаралық сарапшы
Алматыда халықаралық сарапшылар Құрылтай сайлауы қалай өтіп жатқанын айтып, баға берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ТҮРКПА Құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының мүшесі, Түркия ҰлыҰлттық Мәжілісінің депутаты Филиз Кылыч Қазақстанның Құрылтайға дайынды
-
Токиода шексіз суши ұсынатын автобус іске қосылады
70 минуттық сапар барысында жолаушылар сушиді қалағанынша жей алады.
-
Қазақстандағы сайлау саяси жаңғырудың жаңа кезеңін көрсетіп отыр – халықаралық байқаушы
Қазақстанда өтіп жатқан Құрылтай сайлауы елдегі саяси жаңғырудың жаңа кезеңін айқындайды. Бұл туралы халықаралық байқаушы, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі төрағасының орынбасары, Федерация Кеңесінің Халықаралық істер жөніндегі комитетінің мүшесі Баир Жамсуев мәлімдеді, деп хаб
-
Қазақстандық волейболшылар Қытайдағы Азия чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Қазақстан құрамасы Австралияны үш партияда да жеңді.
-
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды халықпен бірге кезекте тұрып, сайлауға қатысты
Әкім Қазақстан өзінің саяси тарихындағы жаңа кезеңге қадам басқанына тоқталды.
-
Бір көше – бір таңдау: Шеңгелдіде 100-ден астам тұрғын таңертең бірге дауыс берді
Шеңгелді ауылындағы Қазақстан көшесінің тұрғындары Құрылтай сайлауына белсенді қатысып, таңғы сағат 8:00-де №956 сайлау учаскесіне бірге келіп, өз таңдауларын жасады.
Бір мезетте 100-ден астам тұрғынның сайлау учаскесіне жиналуы ауылдағы ауызбіршілік пен азаматтық белсенділіктің жарқын көрінісіне а
-
АҚШ қазақстандықтарға иммиграциялық виза беруге қойылған шектеуді алып тастады
Шектеу 2026 жылғы 21 қаңтардан бері қолданылып келген.
-
Алматыда 100 жастағы майдангер өз таңдауын жасады
Ғасырлық ғұмыр кешкеніне қарамастан, ол қоғамдық маңызы бар шаралардан шет қалмай, азаматтық ұстанымын айқын көрсетіп келеді.
-
Сайлау тікелей эфирде: Қазақстанда 16 сағаттық онлайн-марафон өтіп жатыр
Бүгін, 23 тамызда, Қазақстан тарихындағы алғашқы Құрылтай депутаттарын сайлаумен қатар жалпыұлттық онлайн-марафон басталды. Ауқымды медиажоба елдегі және шетелдегі дауыс беру барысын қамтып, сонымен бірге қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылайтын алаңға айналады.
Тікелей эфир сағат 09:00-де басталып
-
Құрылтай сайлауы: 2 млн қазақстандық дауыс берді
Сағат 10:00-ге дейін ел бойынша 2,2 млн-нан астам сайлаушы бюллетень алды.
-
Кадеттер арасындағы дзюдодан ӘЧ: Қазақстандық спортшылар тарихи нәтиже көрсетті
Ұлттық құрама үш алтын, үш күміс және төрт қола медаль жеңіп алды.
-
Абзал Құспан: Депутат болмасам да, дауыс беру – отбасылық дәстүріміз
Ол отбасы мүшелері бірде-бір сайлаудан қалмауға тырысатынын айтты.
-
Медеу баспалдағын еңсерген 90 жастағы әже Құрылтай сайлауында дауыс берді
Алматыдағы Құрылтай сайлауында 90 жастағы Сақыпжамал Райымбекқызы өз таңдауын жасап, тұрғындарды белсенді өмір салтын ұстануға үндеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жуырда ғана ақ жаулықты ана Медеудегі 842 баспалдақты бағындырып, көпшіліктің ықыласына бөленген болатын. Кейуананың айтуынша,
-
Қазақстанда Пржевальский жылқысының алғашқы құлыны дүниеге келді
Құлын 22 тамызда «Алтын Дала» резерватының аумағында дүниеге келді.
-
№129 сайлау учаскесінде бір сағатта жүзге жуық адам дауыс берді – фоторепортаж
Астанадағы №129 сайлау учаскесінде дауыс беру басталған алғашқы бір сағаттың ішінде жүзге жуық адам өз таңдауын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Фото: ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов
Сайлау учаскесінде дауыс беру таңғы сағат 07:00-де басталды. Таңертеңнен бері тұрғындар белсенді келіп, өз дауыстарын
-
Жоғарғы Сот төрағасы Құрылтай сайлауында дауыс берді
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол №169 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
Құрылтай сайлауы
Қазақстанда Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауында дауыс беру басталды.
-
Құрылтай сайлауы: Елде дауыс берушілер легі артып келеді
Ұлытау облысында 116 жастағы тұрғыны Түймегүл Темірбаева өз таңдауын жасады.
-
Алматыда Месси мен Роналду Құрылтай сайлауына қатысты
Алматы қаласының Бостандық ауданындағы №70 мектепте орналасқан №294 сайлау учаскесінде Құрылтай мүшелерін сайлау ерекше атмосферада өтті. Бұл жерге дауыс беруге әлемге әйгілі екі футбол жұлдызы – Месси мен Роналду келгендей әсер қалдырды. Алайда олар шынайы спортшылар емес, олардың бейнесіндегі рост
-
Қазақстанда еркін әрі әділ сайлау өтіп жатыр – халықаралық байқаушы
Халықаралық байқаушының пікірінше, елдегі дауыс беру процесі халықаралық сайлау талаптарына сай өтіп жатыр.
-
Олжас Бектенов Құрылтай депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады
Премьер-министр Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында дауыс берді.
-
Алматыда Балқаш «жолбарысы» Құрылтай сайлауына келді
Тұран маңызды қоғамдық шараға қатысып, өз таңдауын жасады.
-
23 тамызға арналған валюта бағамы
Ұлттық банктің мәліметінше, 1 АҚШ доллары – 456,88 теңге болып тұр.
-
«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді
Ол азаматтардың сайлауға қатысуы және азаматтық жауапкершілік танытуы аса маңызды екенін атап өтті.
-
Құрылтай сайлауы: шетелде 26 сайлау учаскесі ашылып, 228 қазақстандық дауыс берді
Шетелдегі сайлаушылар тізіміне 11 402 Қазақстан азаматы енгізілген.
-
Еуропаның алты елі мұнай компанияларының үстеме табысына салық енгізуді ұсынды
Алты елдің қаржы және экономика министрлері бастаманы Еуроодақ деңгейінде қарауды ұсынып, мәселені келесі қаржы министрлері кездесуінің күн тәртібіне енгізуге шақырды. Кездесу келесі айда Дублинде өтеді.
-
Марат Башимов: Жаңа саяси архитектура қарапайым азаматтардың мүддесіне қызмет етуі тиіс
ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының экс-депутаты, заң ғылымдарының докторы, профессор, Марат Башимов Құрылтай сайлауының маңызына тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, бүгінгі саяси өзгерістер Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесіне ғана емес, экономика мен қоғамды
-
Жұлдыз Сүлейменова елордадағы №128 учаскеде дауыс берді
№128 сайлау учаскесінде 1 782 сайлаушы тіркелген.
-
Астанада спортпен шұғылданып, демалуға арналған жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
Абаттандыру жұмысы аясында аумаққа 900 шаршы метр төсемтас төселіп, үш көлеңкелі бастырма, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды. Сонымен қатар 19 жарық шамы қойылды. Оның 15-і саябақ шамы болса, төртеуі – көше шамы. Футбол алаңы мен воркаут аймағы да жабдықталды. Аумақты көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Барлығы 200 ағаш отырғызу жоспарланған, қазір оның 60-ы егілді.
-
Құрылтай сайлауы – елдегі саяси жаңғырудың маңызды кезеңі – Мәулен Әшімбаев
Мәулен Әшімбаев Астанадағы №129 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның сөзінше, өтіп жатқан сайлау Мемлекет басшысы жүргізіп отырған кешенді саяси реформалардың жалғасы саналады.
Фото: ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов
Фото: ©BAQ.KZ/Аида Батухан
Бүгін еліміз үшін тарихи күн.
-
Елордадағы №129 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады
Астанадағы №129 сайлау учаскесінде барлығы 2451 сайлаушы тіркелген. Дауыс беруге арналған 2476 бюллетень әзірленген.
-
Астанадағы №228 сайлау учаскесінде дауыс беру рәсімі өтіп жатыр
Астана қаласындағы №228 сайлау учаскесінде дауыс беру рәсімі өтіп жатыр. Учаскелік сайлау комиссиясының 9 мүшесі жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Фото: ©BAQ.KZ/ Олжас Адай
Фото: ©BAQ.KZ/ Олжас Адай
Қазір дауыс беру барысын бақылауға тіркелген байқаушылар саны 25-тен асты. Олардың
-
Құрылтай сайлауы: 10 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмысын бастады
Ел бойынша сайлаушылар тізіміне 12,6 млн-нан астам адам енгізілген.
-
Астанада Құрылтай сайлауына арналған 517 учаске жұмысын бастады
Сайлау учаскелерінде азаматтардың барлық санатына, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға дауыс беру үшін қажетті жағдай жасалған.
-
Ерлан Қарин Құрылтай сайлауында дауыс берді
Ол Құрылтай жаңа саяси жүйені қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
-
Алматы облысында Құрылтай сайлауы басталды: 683 учаске ашылып, миллионнан астам тұрғын дауыс бере алады
Қазақстанда жаңа бірпалаталы Құрылтайдың алғашқы сайлауы өтуде. Бүгін Алматы облысында 1 042 987 адам өз таңдауын жасай алады, оның ішінде кәмілет жасына толған 14 104 азамат алғаш рет сайлауда дауыс беру құқығына ие болды. Айта кетейік, өңірде таңғы 7:00-ден бастап 683 сайлау учаскесі өз
-
Эболаға қарсы алғашқы вакцина партиясы Конго Демократиялық Республикасына жеткізілді
Эбола індеті КДР мен Угандада 15 мамырда басталған. Қазір вирус Конгоның алты провинциясында тіркелген, ал індеттің ошағы Итури провинциясында орналасқан.
-
Алматыда 670 сайлау учаскесі дауыс беруге дайын
Оның 597-сі азаматтардың тіркелген жері бойынша, тағы 73-і уақытша болатын орындарда құрылған.
-
Ұлттық ұланның 36 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды
Алғашқылардың бірі болып Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Аңсаған Балтабеков дауыс берді.
-
Бүгін – Құрылтай сайлауына дауыс беру күні
Әр азамат сайлауға қатысып, өз таңдауын жасау арқылы елдің болашағына қатысты азаматтық ұстанымын білдіре алады.
-
Сингапур, Индонезия және Вьетнамдағы қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс беріп жатыр
Жалпы, Құрылтай сайлауы 10 423 сайлау учаскесінде өтуде. Оның ішінде 61 шет мемлекеттегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жанында 79 учаске жұмыс істеп жатыр.
-
Құрылтай сайлауы Қытайда да басталды
Дауыс беруге Қытай Халық Республикасының аумағында тұратын немесе уақытша жүрген Қазақстан азаматтары қатыса алады.
-
АҚШ соты 75 ел азаматтарына иммиграциялық виза беруді тоқтату туралы шешімді жойды
АҚШ Мемлекеттік департаменті 2026 жылғы 21 қаңтардан бастап 75 ел азаматтарына иммиграциялық виза беруді тоқтатқан еді. Тізімге Қазақстанмен қатар Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Беларусь, Грузия, Армения және басқа да мемлекеттер кірген.
-
Құрылтай сайлауы: Малайзияда №423 учаске жұмысын бастады
Бұған дейін екі елдегі отандастарымыз дауыс берді.
-
Құрылтай сайлауы: Токио мен Сеулдегі қазақстандықтар алғашқылардың бірі болып дауыс берді
ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, алдымен Сеулдегі №422 сайлау учаскесі, кейін Токиодағы №425 учаске өз жұмысын бастады.
-
Алматыда дағдарыс орталығы бар жаңартылған Студенттер үйі ашылды
Оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған студенттерді уақытша орналастыру тетіктері де жетілдірілуде.
-
Қазақстанда құны 108 млрд теңге болатын 51 медициналық нысан салынуда
2023–2025 жылдар аралығында және 2026 жылдың алғашқы жартысында ауылдық медициналық ұйымдарға 1735 маман жұмысқа орналасқан. Оның ішінде 722 дәрігер және 1013 орта буын медицина қызметкері бар.
-
Жетісу облысында құтқарушылар таулы жерде туристі тапты
Құтқарушылар ер адамды қауіпсіз жерге жеткізіп, кейін таудың етегінде қалдырылған автокөлігіне дейін алып барды.
Наверх