Астанада TikTok-қа видео жүктеген шетелдікке айыппұл салынды.
Полиция қызметкерлері әдепсіз сөздер мен қоғамдық мораль нормаларын бұзатын сөз тіркестері бар бейнежазбаны TikTok әлеуметтік желісінде жариялаған 25 жастағы шет мемлекет азаматшасын анықтады.
Аталған бейнематериал Астанадағы Мәңгілік Ел даңғылында орналасқан Триумфалды арка аумағында түсіріліп, кейін әлеуметтік желіде жарияланғаны белгілі болды.
«Ангелина Ванинаға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша материалдар жинақталды. Сот шешімімен оған 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалды», - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.
Полиция азаматтарды қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіп нормаларын сақтап, әдепті мінез-құлық таныту қажеттігін және құқыққа қайшы немесе қорлайтын мазмұндағы контент жариялау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соқтыратынын ескертеді.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде жолда «шоу көрсеткен» жастар жазаланды.
Тағы оқи отырыңыз:
Той кортежіндегі заңбұзушылық: Жезқазғанда 6 адам жауапқа тартылды
Ақмола облысында күнбағыспен суретке түскен 25 жүргізушіге айыппұл салынды
Ұлытау облысында сән-салтанат құрғандарға 22 әкімшілік хаттама толтырылды