Алматыда студенттерге 5 мыңнан астам жатақхана орны жетіспейді 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2024 жылдан бастап жатақханадан орын беру қызметі проактивті форматқа көшірілгенін айтты.

 Астана қаласы әкімдігі 18 Тамыз 2026, 10:56
18 Тамыз 2026, 10:56
114
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, 2024 жылдан бастап жатақханадан орын беру қызметі проактивті форматқа көшірілген.

2024 жылдан бастап жатақханадан орын беру қызметі проактивті форматқа көшірілді. «Smart Data Ukimet» пен Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы интеграцияланды. Енді студенттің қажеттілігі автоматты түрде анықталады. Скоринг жүргізіледі, мұқтаж студенттердің тізімі қалыптастырылады, өтінім автоматты түрде жасалады және шешім қабылданғаннан кейін студентке хабарлама жіберіледі. 2025 жылы осы жүйе арқылы 48 282 проактивті қызмет көрсетілді. Сонымен қатар бұл жүйе әкімшілік жүктемені азайтады, адами факторды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді, – дейді ол.

Саясат Нұрбек студенттерді әлеуметтік қамтамасыз ету мәселесіне де тоқталды.

Жалпы республика бойынша жатақхана тапшылығы жоқ. Негізгі мәселе Алматы қаласында қалып отыр. Мұнда тапшылық 5 176 орын. 2026 жылы 18 жатақхананы (жалпы 6 857 орынмен) іске қосу жоспарланған. Жаңа жатақханалар жастардың сұранысына сай, жайлы форматта жасақталуда. Мысалы, Астана қаласында Қазақ ұлттық спорт университетінде жаңа 2 жатақхана 1,5 мыңнан астам студентті орналастыруға дайын. Ашылуы осы аптада болады, – дейді ведомство басшысы.

Наверх