Все новости за 4 тамыз 2026
-
-
Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін 26 мыңнан астам жұмыскерге арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды
Арнаулы әлеуметтік төлем заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келетін азаматтарға тағайындалады. Ол жұмыскерлерге зиянды еңбек жағдайларындағы қызметін тоқтатуға немесе еңбек табысын сақтай отырып, қауіпсіз еңбек жағдайларындағы жұмысқа ауысуға мүмкіндік береді.
-
Қытай су тасқынынан зардап шеккен өңірге ауқымды гуманитарлық көмек жолдады
Бұл көмек Қытайдың Төтенше жағдайларды басқару министрлігі, Табиғи апаттардың алдын алу жөніндегі мемлекеттік комитеті және Мемлекеттік азық-түлік және материалдық резервтер басқармасы тарапынан бөлінді.
-
Қазақстан академиялық ескек есуден U19 әлем чемпионатында бақ сынайды
Әлем біріншілігінде Қазақстан атынан екі спортшы сынға түседі. Семён Первушкин және Дмитрий Ануприев ел намысын қорғайды.
-
"Әділет" партиясына қатысты жалған ақпарат бойынша қылмыстық іс қозғалды
Бас прокуратура азаматтар мен БАҚ өкілдерін тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге, заң талаптарын сақтауға және жалған мәліметтерді таратпауға шақырды.
-
Қазақстан Орталық Азиядағы ең дамыған ел атанды
Биыл рейтингтің әдістемесі жаңартылып, енді мемлекеттердің барлық бағыттағы нәтижелері кешенді түрде ескерілетін болды
-
Президент Халық қаһарманы Иван Гапичтің туған-туыстарына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Халық қаһарманы Иван Гапичтің туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соғыс және еңбек ардагері, Халық қаһарманы Иван Гапичтің дүниеден озуына байланысты марқұмның отбасына көңіл айтты.
Иван Степанович майданға өз еркімен аттанып,
-
Аптап ыстық, нөсер жаңбыр: 5 тамызда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Ертең Астана қаласында да жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, таңертең және күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
-
Астанада видео түсіріп тұрып «ашуланған» жігіт 5 тәулікке қамалды
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында құқыққа қайшы бейнежазба анықталды.
-
Жетінші арна теледебаттың алдында ашық жеребе тарту рәсімін өткізді
Жетінші арнада сайлауалды телевизиялық дебаттарға қатысушылардың сөз сөйлеу кезегін анықтайтын жеребе тарту рәсімі өтті.
Бүгін Жетінші арнаның тікелей эфирінде 5 тамыз күні Астанадағы «Қазмедиа орталығы» концерт залында өтетін сайлауалды телевизиялық дебаттарға қатысатын саяси партиялар өкілдерінің
-
Павлодар облысында Қазақстан Халық партиясы өкілдерінің кәсіподақтармен кездесуі өтті
Павлодар облысында Қазақстан Халық партиясы өкілдерінің кәсіподақ ұйымдарының белсенділерімен кездесуі өтті. Қатысушылар еңбекақы төлеу, еңбек қауіпсіздігі, сондай-ақ жұмыскерлердің заңды мүдделерін қорғаудағы кәсіподақтардың рөлі мәселелерін талқылады.
Спикерлер атап өткендей, ҚХП партиялық бағдар
-
26%-ға төмендеген өлім-жітім: Неге скринингтен өтуге қорықпау керек?
Елімізде жыл сайын онкологиялық аурулардың шамамен 43 мың жаңа жағдайы анықталады.
-
Жамбыл облысының тұрғыны баланың көзінше ішімдік ішкені үшін жазаланды
Меркі ауданының тұрғыны балаға кері әсерін тигізген.
-
Қазақстан 4,8 млн геологиялық мұрағат материалын цифрлық форматқа көшірді
Қазақстанда басымдық берілген геологиялық негізгі деректерді цифрландыру жұмыстары аяқталды.
-
Елордада Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай қоғам қайраткерлері «Парасатты тұлға» төсбелгісімен марапатталды
Астанада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Байтақ» партиясы мен Әділетті Қазақстан республикалық ғылыми-инновациялық орталығы қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының батыры және Қазақстанның қаһарманы Тоқтар Әубәкіров бастаған еліміздің бір топ тұлғаларын төсбелгімен
-
Алматыда студенттер арасындағы тұңғыш FIDE командалық әлем чемпионаты басталды
Алматыда шахматтан екі халықаралық турнир басталды.
-
Жаңаөзенде жоғалған әйел іздестірілуде
Ауыл тұрғыны үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.
-
Тарихта алғаш рет: Польшалық спортшы Балтық теңізін жүзіп өтті
160 шақырымды 55 сағатта бағындырған спортшы жолда галлюцинацияға ұшыраған. Бұл рекордтың артында тағы қандай оқиға жатыр?
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
-
Жаңа Құрылтайда өңірлер қалай ұсынылады? – сарапшылар пікірі
Сарапшылардың сөзінше, Құрылтайда өңірлердің мүддесін жекелеген депутаттар емес, партиялық командалар қорғайды.
-
Елімізде су тасқыны мен құрғақшылық туралы бірыңғай ерте ескерту орталығы құрылады
Қазақстанда су тасқыны мен құрғақшылық туралы жалпыұлттық ерте ескерту жүйесі әзірленіп, Су инновациялары орталығы құрылады: Су ресурстары және ирригация министрлігі халықаралық серіктестермен бірқатар келісімге қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.Астанада «Қазақстанда су үнемдеуді ілгерілету: мемлекет
-
Клиенттердің телефонын ломбардқа өткізген: Құмар ойынның құрбаны болған кәсіпкер өкінішін жеткізді
Тұрақты табыс, жеке кәсіп, кейін қарыз бен қылмыс… Құмар ойынның салдары қандай болғанын сотталған азаматтың өзі баяндады.
-
Қазақстандық тауарды қаралау кімге тиімді? Сарапшылар отандық брендті қорғау жолын айтты
Ақпараттық шабуылдың артында бәсекелестік тұруы мүмкін.
-
32 млрд теңгенің жобасы: Алматының батыс бөлігіндегі кәріз мәселесін шешетін жоба қашан аяқталады?
Жоба іске қосылғаннан кейін 200 мыңнан астам тұрғынды су бұру қызметімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
-
Бектенов отандық өнімді негізсіз ақпараттық шабуылдардан қорғауды тапсырды
Оның айтуынша, көп жағдайда халық тұтынатын отандық тауар өндірушілер сауда орындарындағы алаңдарға қол жеткізе алмайды.
-
Солтүстік Кипрде пышақталған бойжеткенге қатысты жаңа деректер анықталды
Солтүстік Кипрде пышақталған бойжеткенге қатысты жаңа деректер анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Бұған дейін Солтүстік Кипрде 22 жастағы қазақстандық бойжеткенді пышақтап кеткені хабарланған еді. Онда Никосия қаласындағы супермаркетте күдікті қазақстандық бо
-
Қазақстандықтардың 72,3%-ы жаңа Құрылтай үшін дауыс беруге дайын
Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, респонденттердің 89,4% алдағы сайлау туралы хабардар.
-
Батима Заурбекованың шығармашылығы ауқымды көрмеде таныстырылады
Экспозицияда суретшінің музей қорынан және отбасы архивінен алынған 80-нен астам туындысы ұсынылады.
-
Ақтөбеде 2 миллион теңге бопсалады деген күдікпен үш адам ұсталды
Ақтөбеде 2 миллион теңге бопсалады деген күдікпен үш адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полицияға жас жігіт хабарласып, бірнеше адамның оны қорқытып, өзінен ақша бопсалап жүргенін айтқан.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктілердің жеке басын анықтап, үш жас жігітті
-
Ерлан Қарин тойда уағыз айтқан ер адамға қатысты пікір білдірді
Ерлан Қарин тойдағы уағызға қатысты үн қатты.
-
Қазақстан «құрлықтағы Сингапурға» айналады – Шаққалиев
Қазақстан экспортты ұлғайтып, қосылған құны жоғары өнімге басымдық бермек. Министр елдің неге «құрлықтағы Сингапурға» айналатынын түсіндірді.
-
Қазақстанда 46 жалған диплом және оларды сататын 20 сайт анықталды
Дипломның түпнұсқасын тексерген жөн.
-
Тазабек, қайырымдылық және сенбілік: Астанада экология күні ерекше өтті
Балалар табиғатты қорғауды ойын арқылы үйренсе, жастар саябақтарды тазартты. Елордадағы экологиялық бастамалардың басты нәтижесі қандай?
-
Астанада В және С гепатиті тіркелді: Аурудан қалай қорғануға болады?
Мамандар инфекцияның жұғу жолдары мен алдын алу шараларын түсіндірді.
-
Қазақстандық сатушыларға қауіп бар ма? Министрлік Wildberries-тен ресми жауап күтіп отыр
Бұған дейін қазақстандық кәсіпкерлер шығынға батқанын хабарлаған едік.
-
Астанадағы фиджитал-турнир қаралым бойынша жаңа рекорд орнатты
Қазақстан спорт пен заманауи технологияларды ұштастыратын ірі жарыс өткізуде.
-
Солтүстік Кипрде 22 жастағы қазақстандық бойжеткенді пышақтап кетті
Бойжеткен ауыр жарақаттанған, дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде.
-
Вакцина аутизмге әкеле ме, қызылша неге көбейді: Дәрігер себебін түсіндірді
Соңғы жылдары Қазақстанда балаларын вакцинадан бас тартатын ата-аналардың саны артып келеді. Бұл үрдістің себебі неде, екпе туралы кең тараған мифтердің қайсысы шындыққа жанаспайды және вакцинадан бас тартудың қаупі қандай? Осы және өзге де сауалдарға «Астана медицина университеті» КеАҚ Профилактика
-
165 автокөлік рәсімдетіп, шетелге шығарған: Ұйымдасқан қылмыстық топқа үкім шықты
Қылмыстық топ азаматтарды автонесие рәсімдеуге көндіріп, миллиондаған теңге уәде еткен. Салдарынан 100-ден астам адам зардап шекті.
-
«Қарғысты қайтарамыз»: Үш әйел зейнеткерден алтындары мен 15 миллион теңгесін тартып алды
Қарағандыда үш әйел зейнеткерді «өлім қарғысымен» қорқытып, 15 млн теңгенің алтыны мен ақшасын алып кеткен.
-
Қазақстан шоколадының дәмі өзгерді ме? Министрлік тексеріс жүргізді
Шоколадқа қатысты резонанс тудырған видеодан кейін Сауда министрлігінің уәкілетті органымен бірлесіп тексеру жүргізді.
-
Wildberries Қазақстанда қазір 46 мың шаршы метр қойма жалдап отыр
Арман Шаққалиев қосымша қойма аумақтарын іздеу туралы ақпарат ашық дереккөздерде жарияланғанын атап өтті.
-
Таразда 25 жастағы жігіт дрифт жасағаны үшін 10 тәулікке қамалды
Тараз қаласында түнгі уақытта бейнебақылау камераларының біріне BMW автокөлігімен қауіпті дрифт жасау дерегі тіркелді.
Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері құқық бұзушыны анықтап, ұстады. Ол облыс орталығының 25 жастағы тұрғыны болып шықты.
Жол қозғалысы қағидаларын өрескел б
-
Құрылтай сайлауы қарсаңында ОСК халықаралық байқаушылармен кездесті
ОСК төрағасы ТМД ПАА байқаушыларымен кездесіп, Құрылтай сайлауына дайындық пен заңнамадағы жаңашылдықтарды талқылады. Тағы не айтылды?
-
Wildberries-тегі жағдай: Сауда министрі кәсіпкерлерге кеңес берді
Сауда саласында жеткізілімнің кепілдігі мен сауда алаңына деген сенімнің маңызды.
-
Базарда сиыр етінің келісі қанша тұрады? – министр жауап берді
Министр ішкі нарықта ет өнімдері жеткілікті екенін және өнім жеткізуде іркіліс жоқ екенін айтты.
-
Алматы әкімдігі Сац және Әуезов театрларының құрылысы туралы айтты
Бір театрдың құрылыс жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталады.
-
Полициядан қашқан жүргізуші 43 келіден астам марихуанамен қолға түсті
Жамбыл облысында тоқтатылған көліктен аса ірі көлемдегі есірткі табылды. Күдікті есірткіні Алматыға жеткізбек болған деген болжам бар.
-
Тұрғын үй көп, мектеп аз: Алматы билігі мәселені қалай шешпек?
Алматыда соңғы бес жылда мектеп оқушыларының саны 33 мыңнан астам балаға көбейген.
-
Қазақстандықтар Қытайда QR арқылы төлем жасай алады: Жүйелер жыл соңына дейін біріктіріледі
Қазақстан Ұлттық банкі мен Қытай Халық банкі валюта свопы туралы екіжақты келісімге қол қойды. Валюта свопы туралы келісім орталық банктерге ұлттық валюталардағы өтімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
-
Алматыда құрылыс нысандарының сейсмикалық қауіпсіздігі қалай бақыланады?
Барлық құрылыс нысандарында тексеру жүргізіледі.
-
Қазақстанға кіру тәртібі өзгереді: Шетелдіктерге жаңа талап енгізілмек
Қазақстанда шетелдіктер үшін елге кірудің жаңа тәртібі ұсынылды. Электронды рұқсат жүйесі кезең-кезеңімен енгізілмек. Оның мәні қандай?
-
Қазақстанда 1,8 мыңға жуық өнім үлгісі талапқа сай болмай шықты
Жыл басынан бері Қазақстанда мыңдаған өнім тексерілді. Соның ішінде 1,8 мыңға жуығы талапқа сай болмай шыққан. Қандай тауарлар анықталды?
-
Жаңа Құрылыс кодексі: Бес мердігер сот шешімімен «қара тізімге» түсті
Компания сот шешімі шыққан соң «қаза тізімге» енген.
-
Қазақстандық өнімдер ірі шетелдік сауда желілерінің сөрелеріне шығарылады
Қазақстандық өнімдер әлемдік ірі сауда желілерінің сөрелеріне шығуы мүмкін. Үкімет жаңа қолдау тетігін әзірлеп жатыр. Оның мәні неде?
-
Сауда желілері қазақстандық өнімнен негізсіз бас тарта алмайды – министрлік
Енді сауда желілері қазақстандық өндірушілерден негізсіз бас тарта алмайды. Дүкен сөрелерінде отандық өнімнің үлесі қалай көбейеді?
-
Үш жасар бала куә болған қасірет: Атырауда әйелді өлтірді деген күдікті ер адам ұсталды
Атырауда 42 жастағы әйелдің өліміне қатысты азаматтық некедегі жұбайы ұсталды. Бейресми дерек оқиғаның мән-жайын тіпті ауырлата түседі.
-
Мемлекетке қайтарылған активтер: Алтайда алғаш рет МРТ орталығы қолданысқа берілді
Алтай ауданында бұрын-соңды болмаған МРТ орталығы ашылды. Енді тұрғындар диагностика үшін жүздеген шақырым жол жүрмейді. Жоба қалай жүзеге асты?
-
Қазақстанда жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Қайта жаңғырту аясында ірі өңірлік вокзалдармен қатар шағын станциялар да жаңартылды. Ең ауқымды жұмыстар Ақмола облысында атқарылды, мұнда 12 вокзалда жөндеу жүргізілді.
-
Made in Kazakhstan: Үкімет отандық өнімдерді қолдау тетіктерін талқылайды
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – отандық тауарларды қолдау және Made in Kazakhstan брендін ілгерілету шаралары.
-
Қазақстанда сәулелік терапиямен қамту деңгейі 60%-ға жетті – министрлік
Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда медициналық көрсетілімдері бар барлық пациенттер, оның ішінде балалар да, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында жоғары технологиялық сәулелік терапияны тегін алады.
-
20-дан астам стример заңсыз контент таратқаны үшін жауапқа тартылды – ІІМ
Ведомство заң талаптары интернетте де, күнделікті өмірде де барлық азамат үшін бірдей міндетті екенін еске салды.
-
Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Мамандар мұндай кезде ашық ауада ұзақ серуендеуден бас тартуға шақырады.
-
Трамп: Иммиграция мен энергетикалық саясат Еуропаны әлсіретіп жатыр
Трамп Еуропа елдерін заңсыз көші-қон ағынын тежеуге шақырды.
-
Шымкентте жеңіл автокөлік түгі қалмай жанып кетті
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
-
Қазақстанда отбасы институтын дамытуға бағытталған жүйелі саясат жүзеге асуда
Бүгінде республика бойынша 160 Отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді.
-
Creative Aimaq: Екі күнде жәрмеңкеге 1,5 мыңға жуық адам келді
Келушілер назарына 842 авторлық туынды ұсынылды.
-
Молдовада су мен электр энергиясын үнемдеу режимі енгізілді
Жергілікті әкімдіктерге резервтік су қорларын әзірлеу және ауыз судың сапасына бақылауды күшейту тапсырылды.
-
Испаниядағы миграциялық дағдарыс: Сеутада мыңдаған мигрант қалып қойды
Испания билігінің мәліметінше, соңғы төрт күнде 69,5 мыңға жуық адам Мароккоға кері қайтарылған.
-
Еуропадағы орман өрттерінен келген шығын 3 млрд еуродан асты
Құрғақшылық пен өзендердегі су деңгейінің төмендеуі де Еуропа экономикасына қосымша қысым түсіруде.
-
Жаңбыр, найзағай: 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Сонымен қатар елдің басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
-
Әлемдегі ең тартымды туристік қалалар рейтингі жарияланды
Жалпы рейтингте Нью-Йорк қаласы бірінші орынға шықса, Париж екінші, Осака үшінші орынға жайғасты.
-
Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізіп жатқанын жоққа шығарды
Бұл мәлімдеме АҚШ президенті Дональд Трамптың Вашингтон мен Тегеран арасындағы жаңа келіссөздер 4 тамызда басталатыны және осыған байланысты Иранға жоспарланған соққыларды кейінге қалдырғаны туралы сөзінен кейін жасалды.
Наверх