Все новости за 31 тамыз 2026
-
-
Астанада көлік апатынан әйел адам көз жұмды
Полиция қылмыстық іс қозғады.
-
Құрылтай төрағасы заң шығару қызметіндегі алдағы кезеңге арналған басымдықтарды айқындап берді
Бюро отырысында заң шығару жұмысының негізгі басымдықтары мен Құрылтай регламентін әзірлеу мәселелері талқыланды.
-
Қазақстан велотректен жасөспірімдер арасындағы Азия кубогында бес алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық спортшылар аталған бәсекеде жасөспірімдер арасында 5 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
-
Солтүстік Кипр жағалауында жолаушылар паромы суға батып кетті
Солтүстік Кипр билігі Гирне портынан Түркияның Ташуджу қаласына бара жатып суға батқан теңіз паромындағы 18 жолаушыны іздестіріп жатыр.
-
Президент Бішкекте өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын тамашалады
Қазақстанның атынан 150-ден астам спортшы сынға түседі.
-
Үсік пен жаңбыр: 1 қыркүйекке Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды
Елдің бірқатар өңірінде үсік жүріп, жаңбыр, найзағай мен бұршақ күтіледі
-
AI-дың озық модельдері әлемдік қаржы жүйесіне қауіп төндіруі мүмкін
Англия Банкінің басшысы AI дамуына қатысты алаңдаушылық білдірді. Оның сөзінше, жаңа технология кибершабуылдарды күшейтіп, қаржы нарықтарын осал етуі мүмкін.
-
Алматыда көшеде пышақ ұстаған ер адам ұсталды
«102»-ге түскен хабарламадан кейін полиция оқиға орнына жедел жетті. Ер адам ұсталып, кейін мамандандырылған медициналық мекемеге жатқызылды.
-
АҚШ-та бірқатар танымал БАҚ журналистеріне G20 саммитіне кіруге тыйым салынды
The New York Times, Wall Street Journal және Bloomberg журналистері G20 кездесуін жариялау үшін аккредитация ала алмады. Бұған не себеп?
-
Алматы тауларында жоғалған бала аман-есен табылды
Аюсай шатқалында жоғалған баланы іздеуге 160-қа жуық адам жұмылдырылды. Құтқарушылар мен еріктілер бірнеше шақырым аумақты тексеріп, нәтижесінде баланы тапты.
-
Қазақстан мектептерінде оқушы саны күрт өсті: Биыл қанша бала партаға отырады?
Жаңа оқу жылында ел мектептерінде 4,1 млн-нан астам оқушы білім алады. Оның ішінде 380 мыңнан астамы – алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды.
-
Тоқаев Бішкекке барды: Президентті Жапаров қарсы алды
Қасым-Жомарт Тоқаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуына қатысу үшін Бішкекке барды. Оны Садыр Жапаров қарсы алды.
-
Тоқаев Малайзия премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент Ануар Ибрагим мен Малайзия халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, екі ел арасындағы ынтымақтастыққа қатысты маңызды ой айтты.
-
«Жоғары табысқа» сенген: Қостанай тұрғыны көлігінен айырылып қала жаздады
Қостанай тұрғыны жалған инвестицияға 1 млн теңгеден астам қаржы аударған. Алаяқтар кейін тағы ақша талап етіп, оны күтпеген қадамға итермелеген.
-
Тоқаев пен Әлиев Бішкекте кездесті: Қазақстандағы тарихи өзгеріс сөз болды
Президенттер сауда, инвестиция, энергетика және көлік жобаларын талқылады. Кездесуде Қазақстандағы саяси реформаларға да ерекше мән берілді.
-
Алматыда түнде бомба панасына кірмек болған екі жігіт ұсталды
Екі жігіт түн ішінде жабық нысанның құлпын бұзуға тырысқан. Полиция оларды ұстап, бөлімшеге жеткізді. Ал нысанға не үшін кірмек болған?
-
Ұйымның 25 жылдығы: Бішкекте ШЫҰ саммитінің іс-шаралары басталды
Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының мерекелік саммитінің іс-шаралары басталды. Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте өтетін негізгі отырысқа қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ ШЫҰ Хатшылығына сілтеме жасап.
Бағдарлама екі күнге – 31 тамыз бен 1 қыркүйекке жоспарланған. Мемлекет басшылары кеңесінің отыры
-
Құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметшілер жазаланды
Мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысу фактілері анықталды
-
Президент Қырғызстанға жұмыс сапарымен барды
Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Бішкекке барды
-
Ринат Мұхаметқали ҚР Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Ринат Зәкиұлы Мұхаметқали Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін Ринат Зәкиұлы Мұхаметқали Мәдениет және ақпарат министрілігі аппаратының бас
-
Еліміздің үш өңірінде бес теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Қостанай қаласындағы Қостанай вокзалы, Абай облысындағы Үшбиік, Шар және Жарма станцияларының, сондай-ақ Қарағанды облысындағы Жарық станциясының теміржол вокзалдарын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Жаңартылған нысандар жолаушыларға қ
-
Астанада тағы да құрылыс краны құлап, адам қаза тапты
Астанада мұнаралы кранның құлауы қайғылы жағдайға әкелді. Бір адам көз жұмып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.
-
«Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры тағайындалды
Ержан Байтілес «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры болып тағайындалды.
-
Алматыда көліктің түтіні талапқа сай болмаса, қала орталығына кіруге шектеу қойылады
Алматыда енгізілетін төмен шығарындылар аймағы (LEZ) аясында экологиялық талаптарға сай келмеген көліктерге қандай шара қолданылатыны белгілі болды. Бұл туралы заң шығару мәселелері жөніндегі сарапшы әрі Алматының атмосфералық ауасын қорғау қағидаларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан
-
Павлодарда суды заңсыз пайдаланғандар анықталды: 20 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Павлодарда суды заңсыз пайдаланушылар анықталды
-
«Ескі көліктерге тыйым салынбайды»: Сарапшы Алматыдағы жаңа экологиялық талапқа қатысты пікір білдірді
Сарапшы жаңа талаптар көлік иелеріне қосымша ауыртпалық салмауы тиіс деп есептейді.
-
Непалда жаппай жерлеу басталды: Су тасқыны құрбандары 900-ден асты
Жойқын су тасқыны Непал мен Қытайда жүздеген адамның өмірін қиды. Мыңдаған адам із-түзсіз жоғалып кетті.
-
Алматыда ауа ластайтын көліктер қатаң бақылауға алынады
1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктердің зиянды шығарындылары жеке тексеріледі. Жаңа талаптың жүргізушілерге әсері қандай?
-
Мектеп асханасында не өзгереді: Жаңа мәзір, қауіпсіздік және тегін тамақ
Жаңа оқу жылында мектептердегі тамақтану сапасына қойылатын талаптар күшейтіледі. Ас мәзірінде қант пен тұз мөлшері азайтылып, көкөніс, жеміс және сүт өнімдерінің үлесі арттырылады. Сонымен қатар мектеп асханаларының санитариялық жағдайы тұрақты бақылауда болады.
Кімдер мектепте тегін тамақтанады?
-
Күздің алғашқы күндері: Қай өңірде үсік жүріп, қай жерде жаңбыр жауады?
«Қазгидромет» РМК 2026 жылғы 1-3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
Күздің алғашқы күндері Қазақстанның басым бөлігіне кең солтүстік антициклоны әсер етіп, негізінен жауын-шашынсыз және ашық ауа райы қалыптасады.
Республиканың солтүстік жартысында түнде кей жерлерде үсік жүреді деп к
-
Студент күйзеліске түссе, кім көмектеседі: ЖОО мен колледждерде психологиялық қолдау қалай көрсетіледі?
Жаңа ортаға бейімделу, оқу жүктемесі, емтихан, қаржылық қиындық пен жеке өмірдегі мәселелер студенттің психологиялық жағдайына әсер етуі мүмкін. Мұндай кезде жастар кімнен көмек алады? BAQ.KZ тілшісі еліміздегі жоғары оқу орындары мен колледждерде психологиялық қолдау қалай ұйымдастырылғанын зерттеп
-
Президент Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Аида Балаеваны қабылдады
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Аида Балаеваны қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының құрылуына байланысты бірқатар басым міндеттерді айқынд
-
Өскемен-1 вокзалы жаңарды: Тарихи нысан жаңа кейіпке енді
1938 жылдан бері қызмет көрсетіп келе жатқан вокзал қайта жаңғыртылды. Енді мұнда жолаушыларға қандай жағдай жасалды?
-
Ақтаудағы катер апаты: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты
Дәрігерлер Ақтаудағы катер жартасқа соғылған кезде зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Зардап шеккендердің жағдайы қалай?
Оқиға салдарынан бес адам зардап шекті. Олар Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді.
1988, 2002 және 1964 ж
-
Жарық өшіріледі: Алматыда қарызға батқан тұрғын үйлердің тізімі жарияланды
Алматы мен Алматы облысындағы электр энергиясы бойынша ең көп қарызы бар тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды.
-
Аида Балаева жаңа қызметке тағайындалды
Аида Балаева Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
-
БҚО-да балабақша бухгалтері 5 жыл бойы өзіне заңсыз жалақы аударып келген
Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында балабақша бухгалтері өзіне жоғары жалақыны заңсыз төлеу арқылы 30 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденді деп күдіктелуде.
Аудан прокуратурасының жүргізген тексерісі нәтижесінде балабақша есепшісі өзіне штаттық кесте бойынша бекітілген еңбекақыдан жоға
-
Астанада 46 жастағы велосипедші әйел «Газельдің» астына түсіп қаза тапты
Астанада қайғылы жол-көлік оқиғасы болды. Велосипедпен келе жатқан әйел жүк көлігінің астына түсіп, қаза тапты.
Астана қаласының ПД баспасөз қызметі BAQ.KZ редакциясының сауалына жауап жолдап, оқиғаны растады. Жол көлік оқиғасы кешкі сағат 22:50 шамасында болған.
«Сағат 22:50 шамасында 46
-
Тоқаев Үкімет алдына жаңа міндеттер қойды: Президент Бектеновке не тапсырды?
Мемлекет басшысы экономикалық өсім, мемлекеттік басқару және халықтың әл-ауқатына қатысты нақты тапсырмалар берді.
-
Мемлекет басшысы Вице-президент Ерлан Қариннің алдына бірқатар нақты міндет қойды
Мемлекет басшысы Вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-президент лауазымы Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілгенін және мемлекеттік басқару жүйесінде ерекше мәнге ие екенін атап өтті.Мемлекет басшысы Виц
-
Қазақстанда Кертағының екінші құлыны дүниеге келді
Қазақстанда Кертағының (Пржевальский жылқысының) екінші құлыны дүниеге келді. Бұл жолы Умбра есімді бие құлындады.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлім еткендей, бұл - Кертағыны (Пржевальский жылқысын) тарихи мекеніне қайтару жөніндегі халықаралық бағдарлама аясында Қазақстанда туған ек
-
Қостанайда тіркемесінде 400 газ баллоны бар жүк көлігі өртенді
Төтенше жағдай «Текстильщик-1» бақ-бақша өсіру серіктестігі аумағында болды. Жүк көлігі тіркемесіндегі газ баллондар бос болған, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Құтқарушылардың айтуынша, жүк көлігінің тіркемесі тура жол үстінде өртенген. Өрттің аумағы жеті шаршы метрді құрады. Бірақ,
-
Әлеуметтік желілер мен агрессивті жарнама оқушылардың санасына қалай әсер етеді?
Тақырыпты клиникалық психологпен бірге талдаймыз.
-
Қазақстанның болашағы үшін еңбек етуге бар күшімді салуға уәде беремін – Ерлан Қарин
Ерлан Қарин Құрылтай отырысында Мемлекет басшысына сенім білдіріп, елге қызмет етуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтып, жаңа конституциялық құндылықтарды қоғамдық өмірдің берік қағидатына айналдыру маңызды екенін жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Соңғы 5-7 жылда еліміз қай жағынан болмасы
-
Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
Ләззат Танысбайдың телевизия және медиа саласындағы еңбек өтілі 30 жылдан асады. Әр жылдары ол «Астана» телеарнасын, «Нұр-Медиа» медиахолдингін, «Қазақстан» РТРК» АҚ-ны және «Бірінші арна Еуразия» телеарнасын басқарды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат вице-министрі қызметін
-
Олжас Бектенов Құрылтайда Үкіметтің алдағы міндеттерін атады
Бектенов 2026 жылы экономика өсімін кемінде 5 пайызға жеткізетіндерін айтты
-
Ұстазға гүл, макияж, баға және аттестация: Жаңа оқу жылындағы басты өзгерістер
Жаңа оқу жылының басталуына 1 күн қалды.
-
Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін Құрылтайдың жалпы отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысы лауазымына Олжас Бекте
-
Ерлан Қарин Қазақстанның Вице-президенті болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Вице-президенті болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Еске салайық, бұған дейін Құрылтай Ерлан Қариннің Вице-президент лауазымына кандидат
-
Ақтауда катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
Ақтау маңындағы Каспий теңізі акваториясында серуен катері жартасқа соғылды. Оқиға салдарынан екі адам қаза тапты.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға туралы ақпарат 30 тамыз күні кешке сағат 22:56-да түскен. Қайғылы жағдай 5А шағынауданы аумағында болды.
Катер бо
-
ТМД елдерінің ақпарат агенттіктері туризмді дамыту бағытындағы ынтымақтастықты күшейтеді
ТМД мүшелерінің туристік әлеуетін нығайту бойынша жаңа тетіктер енгізілуі мүмкін. Бұл мәселе Ыстықкөлде өткен ТМД Мемлекеттік ақпарат агенттіктері басшылары кеңесінің XXXV отырысында кеңінен талқыланды.
Жиында Kazinform агенттігінің басқарушы директоры Нағашыбек Алдан ақпарат агенттіктері арасында
-
Олжас Бектенов Үкімет басшысы лауазымында қалды
Құрылтайдың жалпы отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысы лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынған болатын. Құрылтай депутаттары кандидатураны қолдап дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жалпы отырыста кандидатураны 137 депутат жақтады, 7 депутат қалыс қалды. Осыла
-
Құрылтай Ерлан Кариннің Вице-президент қызметіне кандидатурасын мақұлдады
Құрылтайдың жалпы отырысында Ерлан Қариннің кандидатурасын Құрылтайдың 141 депутаты бірауыздан қолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қатысып отырған 145 депутаттың 141-і жақтап дауыс берді. Ал 4 депутат қалыс қалды.
Бұған дейін Құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Вице-президент лауазымына Ерлан
-
Президент Құрылтайдағы партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті
Президент Құрылтайдағы партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Құрылтайындағы саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесу өткізді.Кездесуде Президент жаңа Конституцияның 46-бабына сәйкес
-
Тоқаев Премьер-министр кандитурасын ұсынды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай отырысында Үкімет басшысы лауазымына Олжас Бектеновтің лауазымын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Екінші мәселе – Премьер-министрдің кандидатурасы туралы. Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі жаңадан сайланған Құрылтай алдында
-
Тоқаев Вице-президент лауазымына кандидатты ұсынды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Құрылтай отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Отырыста Мемлекет басшысы Вице-президент лауазымына Ерлан Қаринннің кандидатурасын ұсынды.
Мен бұл лауазымға Ерлан Тынымбайұлы Қариннің кандидатурасын ұсынамын. Ерлан Қарин елде танымал а
-
Қырғызстанда ШЫҰ саммиті өтеді
Қырғызстан астанасы Бішкекте 31 тамыз бен 1 қыркүйек күндері Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ресми мәлімет бойынша, Қырғызстан астанасына барлығы 21 президент пен премьер-министрдің келуі күтіледі. Осыған байланысты қалада бұрын-соңды болмаған қауіпсіздік ша
-
Астанада жаңа газ жылу станциясы биыл іске қосылады
Астанада биыл жылу өндіру қуаты сағатына 620 Гкал болатын «Телман» газ жылу станциясын іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қала әкімінің айтуынша, елорданы күзгі-қысқы кезеңге дайындау жұмыстары көктемнен басталған. Қазір жылу э
-
Қашықтан жұмыс, 3 минут сайын метро: Алматыда кептелісті азайту үшін қандай шаралар қабылданбақ?
Оқушыларды тасымалдау үшін 60 мектепке қызмет көрсететін 300 мектеп автобусы жұмылдырылады. Олар 13 мыңнан астам баланы қамтиды.
-
Мұнай бағасы шарықтап кетті: Brent бір күнде шамамен 5%-ға қымбаттады
Әлемдік мұнай бағасы өсуін жалғастырды. 31 тамыз күні таңертең Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 90 доллардан асты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сауда-саттық деректері бойынша, Астана уақытымен сағат 09:05 шамасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 90,14 доллар болды. Бір күн ішінде баға 4,02 дол
-
Непал Meta мен TikTok-тан су тасқыны туралы жалған видеоларды жоюды талап етті
Непал билігі Meta мен TikTok компанияларынан жойқын су тасқындары мен көшкіндерден кейін таралып жатқан жалған және адастыратын материалдарды жедел түрде жоюды талап етті.
Олар жасанды интеллект көмегімен жасалған адам шошытарлық суреттер, жаңа деп ұсынылып жатқан ескі кадрлар, сондай-ақ қайырымдыл
-
Алматылықтарда аллергия неге асқынып барады? Профессор негізгі себептер мен емдеу жолдарын түсіндірді
Алматыда аллергияның таралуына әсер ететін факторлар жеткілікті.
-
Қазақстан Кубогы-2026: Ануар Досмаилов Кубок иегері атанды
«Арғымақ» ат спорты-сауықтыру кешенінде конкурдан Қазақстан Республикасы Кубогы аяқталды. Екі күнге созылған республикалық жарысқа еліміздің өңірлерінен үздік шабандоздар қатысып, биіктігі 100-ден 130 сантиметрге дейінгі кедергілері бар алты маршрутта өзара мықтыны анықтады.
Жарыстың басты жүлдесін
-
1 қыркүйектен бастап Қазақстанда не өзгереді?
Қыркүйек айында қазақстандықтарды бірқатар өзгеріс күтіп тұр.
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президентін Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысы Қырғызстан Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай Президент Садыр Жапаровқа құттықтау жеделхатын жолдады.
– Бұл айтулы мереке қырғыз халқының еркіндікке,
-
Бүгін «Ұмай» басталады: Кім баспанаға өтініш бере алады?
Бағдарламаның шарттары қандай?
-
ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтті
7 мыңнан астам мектеп полицияның жедел басқару жүйесіне қосылған.
-
Бүгін еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды
Мамандар тұрғындарға ашық ауада, әсіресе көлік жолдары мен басқа да ластану көздерінің маңында ұзақ жүрмеуге кеңес береді.
-
Қазақстанда 78,6 млрд долларға 215 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
Қазіргі уақытта жалпы сомасы 17,8 трлн теңгеге 66 инвестициялық келісім жасалды.
-
Асу Алмабаев Түркиядағы грэпплинг турнирінде чемпион атанды
Алмабаев 60 келіге дейінгі салмақта Тәжікстан өкілі Халим Назрулоевпен титулдық белдесуге шықты.
-
Әлеуметтік желіде не жазуға болмайды? ІІМ жауапкершілікке әкелетін әрекеттерді атады
Әлеуметтік желідегі балағат сөздер мен қорлау үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
-
Солтүстік Кипрде паром апатынан кейін сегіз адам қамауға алынды
Апаттан аман қалған жолаушылардың айтуынша, кеме ішіне су кіріп жатқаны туралы ескертулерге қарамастан, экипаж тиісті шара қолданбаған.
-
Жезқазғанда кафеден өрт шықты
Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.
-
Белгородтағы Ozon логистикалық нысандарына шабуыл жасалды
Компания логистикалық бағыттар қалпына келтірілгеннен кейін қызмет қайта жанданатынын мәлімдеді.
-
Жапонияда тұрғындар электр энергиясын тұтынуды қысқартуға мәжбүр
Қазір Жапониядағы үй шаруашылықтарының шамамен 10%-ы энергетикалық кедейлік жағдайында.
-
Тегеран: Ормуз бұғазынан рұқсатсыз өтпек болған 30 кеме тоқтатылды
Иран тарапының мәліметінше, кемелер 22 тамыздан бері белгіленген бағыттан тыс бұғазды кесіп өтпек болған.
-
Найзағай, бұршақ, қатты жел: 17 облыста дауылды ескерту жарияланды
Сонымен қатар бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
-
Елена Рыбакина WTA-ның live-рейтингінде бірінші орынға көтерілді
WTA-ның ресми рейтингінде Соболенко бірінші орында қалып отыр, ал Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы саналады.
-
NASA құны 4 млрд долларлық «Роман» телескопын ғарышқа ұшырды
Ғалымдар оның көмегімен мыңдаған жаңа экзопланета анықталуы мүмкін деп болжап отыр.
Наверх