Тоқаев Вице-президент лауазымына кандидатты ұсынды

31 Тамыз 2026, 10:50
АВТОР
 gov.kz 31 Тамыз 2026, 10:50
31 Тамыз 2026, 10:50
261
Фото: gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Құрылтай отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Отырыста Мемлекет басшысы Вице-президент лауазымына Ерлан Қаринннің кандидатурасын ұсынды.

Мен бұл лауазымға Ерлан Тынымбайұлы Қариннің кандидатурасын ұсынамын. Ерлан Қарин елде танымал азамат. Ол мемлекеттік басқару жүйесінде ұзақ жыл жұмыс істеді, көкжиегі кең, тәжірибесі мол, отаншыл азамат деп айтуға болады, - деді Тоқаев жиында.

Президенттің сөзінше, Қарин мемлекеттің стратегиялық бағдарын, жоспарын нақты түсінеді.

Сондықтан Ерлан Тынымбайұлы Қаринді осы лауазымға лайық деп есептеймін. Құрылтайдан бұл кандидатураны қолдауды сұраймын, - деп айтты Мемлекет басшысы.

Президент Вице-президент тағайындалған соң, оның өкілеттігі туралы Жарлыққа қол қояды.

Айта кетсек, Қазақстанның жаңа Конституциясында вице-президент институты қайта енгізілді. Бұл лауазымға кандидатураны Президент ұсынады, ал тағайындау үшін Құрылтайдың келісімі қажет.

Жаңа Конституцияның 49-бабына сәйкес, Қазақстанның Вице-президентін Президент Құрылтай депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен берілген келісімі арқылы тағайындайды.

Наверх