Президент Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Аида Балаеваны қабылдады

 Ақорда 31 Тамыз 2026, 14:38
31 Тамыз 2026, 14:38
208
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Аида Балаеваны қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының құрылуына байланысты бірқатар басым міндеттерді айқындады.

Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін жаңа мемлекеттік орган ұлттық қауіпсіздікті, заң мен тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерімен айналысады.

Айта кетейік, бұған дейін Аида Балаева жаңа қызметке тағайындалғаны хабарланды

Наверх