Астанада 46 жастағы велосипедші әйел «Газельдің» астына түсіп қаза тапты

31 Тамыз 2026, 13:28
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 31 Тамыз 2026, 13:28
31 Тамыз 2026, 13:28
197
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Астанада қайғылы жол-көлік оқиғасы болды. Велосипедпен келе жатқан әйел жүк көлігінің астына түсіп, қаза тапты.

Астана қаласының ПД баспасөз қызметі BAQ.KZ редакциясының сауалына жауап жолдап, оқиғаны растады.  Жол көлік оқиғасы кешкі сағат 22:50 шамасында болған.

«Сағат 22:50 шамасында 46 жастағы әйел Жолымбет көшесінің бойындағы тротуарда велосипедпен келе жатқан. Бестөбе көшесімен қиылыста әйел велосипедтегі басқаруды жоғалтып, өтіп бара жатқан «Газель» автокөлігінің артқы дөңгелегінің астына құлап кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу жалғасуда.

Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында жол апатынан төрт адам қаза тапқаны хабарланды

Тағы оқи отырыңыз: 

Жамбыл облысында такси жүргізушісі WhatsApp-тағы дауыстық хабарлама үшін жауапқа тартылды

Астанада TikTok-та әдепсіз видео жариялаған шетелдікке айыппұл салынды

Екібастұзда артқа қарай жүрген «Газель» баласын көтеріп тұрған әйелді қағып кетті

 

 

Наверх