Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Қасым-Жомарт Тоқаев Ануар Ибрагим мен оның отандастарын Малайзияның ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Қазақстан Малайзиямен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға баса мән беретінін атап өткен. Сондай-ақ Президент ортақ күш-жігердің арқасында екіжақты ынтымақтастық алдағы уақытта да халықтарымыздың игілігі жолында дәйекті түрде дами беретініне сенім білдірген, - делінген Ақорданың хабарламасында.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ануар Ибрагимнің игі бастамаларына сәттілік, ал Малайзия халқына бақ-береке тіледі.
Арайлым АЛТАЙҚЫЗЫ