Тоқаев Премьер-министр кандитурасын ұсынды

31 Тамыз 2026, 10:50
АВТОР
 Ақорда 31 Тамыз 2026, 10:50
31 Тамыз 2026, 10:50
161
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай отырысында Үкімет басшысы лауазымына Олжас Бектеновтің лауазымын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Екінші мәселе – Премьер-министрдің кандидатурасы туралы. Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін тоқтатады. Сондықтан біз осы жиында Премьер-министрдің кандидатурасын бекітуіміз қажет. Мен бүгін Құрылтайға өткен партиялардың фракция жетекшілерімен бірге осы мәселені талқыладым. Үкімет басшысы лауазымына Олжас Абайұлы Бектеновтің кандидатурасын ұсынамын. Ол мемлекетшіл, тәжірибелі, білікті азамат. Жауапкершілігін жақсы түсінеді. Бұған дейін Үкімет басшысы ретінде нәтижелі жұмыс істеді, – деп айтты Тоқаев.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-президент лауазымына кандидатты атады.

Наверх