Алматыда көшеде пышақ ұстаған ер адам ұсталды

«102»-ге түскен хабарламадан кейін полиция оқиға орнына жедел жетті. Ер адам ұсталып, кейін мамандандырылған медициналық мекемеге жатқызылды.

31 Тамыз 2026, 20:30
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Нұркен Алишев 31 Тамыз 2026, 20:30
31 Тамыз 2026, 20:30
167
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Нұркен Алишев

Алматының Бостандық ауданында көшеде пышақпен жүрген ер адам ұсталды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел барып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі BAQ.KZ редакциясының сауалына берген жауабында хабарлады.

Полиция мәліметінше, 30 тамызда «102» нөміріне көшеде пышақ ұстаған ер адам жүргені туралы хабарлама түскен. Осыдан кейін оқиға орнына дереу полиция экипажы жіберілген.

Оқиға орнына келген қызметкерлер хабарламаның рас екенін анықтап, айналадағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Ер адам ұсталып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

Тексеру барысында оның Психикалық денсаулық орталығында есепте тұрғаны анықталған. Кейін ол мамандандырылған медициналық мекемеге жатқызылған.

Қазіргі уақытта айналасындағыларға қауіп жоқ.

Алматы қаласы Полиция департаменті азаматтарды сабыр сақтауға, тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды. Сондай-ақ осындай жағдайларға тап болған жағдайда дереу «102» нөміріне хабарласу қажет екенін ескертті.

Еске салсақ, елордада да дәл осыған ұқсас оқиға болғаны хабарланды. Астанадағы сауда орталықтарының бірінде пышақпен адамдарды қорқытқан жігіт ұсталды. Құқық бұзушы 19 жастағы азамат болып шықты.

Тағы оқи отырыңыз: Пышақпен қаруланған ер адам Ұлттық ұлан сарбаздарына қарсы шықты: Талдықорғанда қауіпті оқиға болды 

Наверх